Оқиғалар
2010 жылғы 11 қазандағы №1048 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы туристік индустриясының перспективті бағыттарын дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес ішкі туризмді дамыту мақсатында, Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі Шығыс Қазақстан облысы әкімдігімен бірлесіп а.ж. 16-18 қыркүйегінде «Сарқылмас саяхат» Қазақстандық туристік жәрмеңкесін өткізді (көшпелі).
Аталған іс-шараны өткізудің басты міндеті ішкі туризмді дамыту, сонымен қатар іскерлік келіссөздер өткізу мен тиімді мәмілелер жасау үшін қазақстандық туристік ұйымдарға қолайлы жағдайлар жасау болып табылады.
Жәрмеңкенің жұмысына Шенгелбаев Бахытжан Рахымұлы – Қазақстан Республикасының туризм және спорт вице-министрі, Көшербаев Ермек Белдебайұлы – Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, Можанов Асқар Байжігітұлы – ШҚО туризм және спорт басқармасының бастығы, Қазақстанның барлық өңірлерінің басқармалары және туризм мәселелерін басқаратын жергілікті атқарушы органдардың, туристік қызмет субъектілерінің, туризм саласының мамандарын даярлайтын оқу орындарының, ұлттық табиғи парктер мен қорықтардың, кәдесый өнімдерін жасаумен айналысатын өндірушілердің және туристік кластерге енетін өзге ұйымдардың өкілдері қатысты.
Ақмола облысы делегациясының құрамында жәрмеңкеге «Бурабай» МҰТП, Қорғалжым мемлекеттік табиғи қорығының, «Щучинский» санаторийінің, «Алмаз» отелінің өкілдері 7 адам құрамында қатысты.
Жәрмеңке Шығыс Қазақстан Мемлекеттік техникалық университеттің көрме залында өткізілді. Жәрмеңке аясында үздік көрме экспозициялары мен үздік туризм туралы үздік фото материал бойынша байқау, «Нұр Тау» демалыс базасына бару арқылы Өскемен қаласы бойынша жарнама туры өткізілді.
Жәрмеңке жұмысының екінші күнінде «Қазақстан Республикасының үдемелі индустриалды-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының аясында ШҚО туристік саласын дамыту» тақырыбында республикалық семинар өтті.
Ақмола облысының делегациясы жәрмеңкеге қатысудың қорытындылары бойынша «Үздік көрме экспозициясы» номинациясында 2 командалық орынға ие болды, сонымен қатар «Бурабай» МҰТП мен Қорғалжын МТҚ ҚР ТСМ Туризм индустриясы комитетінің грамотасымен марапатталды.
2011 жылдың 25-26 тамызында Ақмола облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы Астана қаласы мен Ақмола облысының, Қорғалжын ауданының әкімдіктерімен, Қорғалжын Мемлекеттік табиғи қорығымен бірлесіп Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына және Қазақстан республикасының конституциясы күніне арналған «Фламинго-2011» фестивалін өткізді.
«Фламинго» фестивалі алғаш рет Астана қоғамы мен қонақтарын өңірдің табиғи кешендерімен таныстыру мақсатында Астана қаласында өткізілді. (Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы). Аталған іс-шараның өткізілу мақсаты – мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың, халықаралық қайырымдылық қорларының Теңіз – Қорғалжын көлдер жүйесінің құстарын сақтау проблемасына назарларын аудару, мемлекеттік органдар, бизнес құрылымдар мен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы қызметтестікті нығайту, туған өлкенің табиғаты, тарихы мен мәдениетіне деген патриоттық сезімдерді қалыптастыру.
Бұл дәстүрге айналған «Фламинго» фестивалі үшінші реет өткізіліп отыр. Бірінші фестиваль Қорғалжын ауданында қорықтың базасында, екіншісі өңірдің облыс орталығы Көкшетау қаласында өткізілсе, ал үшіншісін ел ордасы қарсы алды.
Фестиваль бағдарламасына ресми ашылу салтанаты, Қорғалжын өлкесі туралы бейнефильм көрсетілімі, қолданбалы өнер субьектілерінің көрме экспозициясы және байқау бағдарламалары кірді.
Фестивалге ұлттық табиғи парк өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар, мәдениет қызметкерлері, шығармашыл зиялы қауым, қолданбалы өнер шеберлері, пейзажист суретшілер, туристік сала субъектілері қатысты.
Фестивальдік ашылу салтанатына Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитетінің төрағасы К.Г.Кәкен, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары К.О.Омаров, В.Н.Реткокашин, халықаралық әріптестер, олардың ішінде құттықтау сөз алған Михал Хаброс – Польшаның Қазақстан Республикасындағы елшілігінің екінші хатшысы, БҰҰДБ, Қазақстан туристік ассоциациясының, Қорғалжын ауданы әкімдігінің өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер, Қазақстан Республикасының Халық ақыны – Иран Таскараұлы Ілияшев, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі - Бисара Макенова, Польша Республикасының еңбек сіңірген әртісі - Бибігүл Ысқақова, Астана қаласының жұлдыздары Бауыржан Нұрымбетов, Қорғалжын ауданының көркемөнерпаздары және т.б. қатысты. .
Байқау бағдарламаларына Ақмола облысының 7 өңірі мен Алматы, Астана, Шымкент қалаларының қолданбалы өнер шеберлері қатысты, экспоненттер саны 500 адамнан астам. Әділ-қазылар алқасының назарына әдебиет, өнер, сурет, көркем фото сурет, қолданбалы өнер саласының 1000-нан аса жұмысы ұсынылды. Байқаудың жеңімпаздары мен қатысушыларына дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді. Жұмыстар циклін ұсынғаны үшін Көкшетау қаласының «Көкше» академиясы, Астана қаласының Суретшілер одағы, Көкшетау қаласының ақыны, «Фламинго» фестивалі әнұранының авторы Альбина Байковская, «Достар» мәдениет сарайының «Арай» ансамблі Гран-при жүлделеріне ие болды.
«Қорғалжын өлкесінің табиғаты туралы пейзажист суретшілердің үздік жұмысы» номинациясында үздік болып танылғандар: А.П. Трофимов-Черный – Көкшетау қаласы (1 орын), Н.Шалкинбаева – Астана қаласы (2 орын), Кенжебай Смағұл (3 орын), Көкшетау қаласы.
«Фламинго» тақырыбындағы үздік сурет» номинациясы бойынша жүлделі орындарға ие болғандар: Көкшетау қаласының балалар сурет мектебі – 1 орын, А.Айтжанова – Қоргалжын ауылы – 2 орын, Көкшетау қаласының дарынды балалармен жұмыс орталығы – 3 орын.
«Фламинго» тақырыбы бойынша қолданбалы өнер шеберлерінің үздік жұмысы» номинациясында 1 орын – К.Қарабдалов Шымкент қаласы, 2 орын – Көкшетау қаласының суретшілер одағы, 3 орын – Р. Сарсенбаева Алматы қаласы.
«Фламинго» тақырыбы бойынша үздік балалар жасаған бұйымдар» номинациясы бойынша А.Есқараева Астана қаласы, А.Зель Астрахан ауданы, З.Кибалдина Қорғалжын ауданы.
«Үздік театрландырылған немесе би қойылымы» номинациясында жеңімпаз болып танылғандар «Көкшетау» мәдениет сарайы, Астана қаласының «Алтын дән» ансамблі, «Достар» мәдениет сарайының би ұжымы, Көкшетау қаласы.
«Фламинго» туралы үздік өлеңдер мен әндер» номинациясында жеңімпаз болып танылғандар: Қорғалжын ауданының «Дударай» ансамблі, Қорғалжын ауылынан Деева Ирина, Альбина Байковская - Көкшетау қаласының ақыны.
«Фламинго» туралы үздік балалар шығармалары» – «Қорғалжын» балалар вокалдық тобы, сонымен қатар Қорғалжын ауданынан Сыздык Гүлжауһар.
«Қорғалжын қорығының флорасы мен фаунасы туралы үздік фото-видео материал» Қоргалжын қорығы туралы бейне фильм, «Көкше» академиясының оқытушысы М.Г. Сұбханқұловтың фото жұмысы, А.В.Кошкиннің фото суреттері.
Үздік жұмыстар өңірлік және халықаралық кталогтарға енетін болады, сонымен қатар Ақмола облысында және Қазақстандағы БҰҰДБ су-батпақ жерлерін сақтау бойынша жобасы өндіретін жарнама-полиграфиялық өнімдерінде бейнеленеді,
Аталған фестиваль қоғам және Астана қаласының қонақтары мен тұрғындарының тарапынан қызығушылыққа ие болып, еліміздің табиғи байлығын сақтау және көбейту қажеттілігін түйсінудің қадамдарының бірі болды.
Қазақстанда су-батпақ жерлерді сақтау бойынша 7 жылдық ауқымды жоба аяқталды. Жобаны Ғаламдық экологиялық қор БҰҰ даму бағдарламасымен және Қазақстан Республикасының үкіметімен бірлесіп жүзеге асырды. Жоба жүзеге асырылған 3 аумақтың бірі Қорғалжын ауданының басым бөлігінде орналасқан Теңіз-Қорғалжын көлдер жүйесі болып табылады. Жоба Қорғалжын мемлекеттік қорығында, тұтас Қорғалжын ауданында экотуризмнің дамуына зор үлес қосты.
2005 жылы су-батпақ жерледі сақтау бойынша ҒЭҚ/БҰҰДБ жобасының шеңберінде Взит-орталықтың тұжырымдамасы әзірленді. Аталған тұжырымдама бойынша тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар ТМД елдерідегі үздік Визит-орталықтардың бірі құрылды. ҚМТҚ Визит-орталығының 2 жыл ішіндегі жұмысының нәтижесінде Қорғалжын ауданының тұрғындары үшін ғана емес, сонымен қатар астана мен еліміздің халқы үшін экологиялық-ағарту орталығы болды, оған 8000 астам адам келіп кетті, оның ішінде 800 жақын және алыс шетелдерден келген туристтер.
Қорықтың «Құстар әлемі» маршрутында су-батпақ жерледі сақтау бойынша ҒЭҚ/БҰҰДБ жобасының аясында құстарды тамашалайтын алаң орнатылды. Экомаршруттар мен қорықтың әкімшілік ғимаратының маңында ақпараттық тақталар әзірленіп, онатылды.
Қорғалжын ауданындағы экотуризм тұжырымдамасы әзірленді. Жоба Қорғалжын ауылында қонақ үйлердің ашылуына түрткі болды және Қорғалжын әкімдігінң қолдауымен туризм бойынша ақпараттық-ресурстық орталық ашылды.
«Сұңқар» сауықтыру кешенінде жыл сайын жазда лагерь жұмыс істейді, оған Ақтау, Атырау, Астана, Жаңаөзен, Павлодар, Ақтөбе қалаларынан балалар келіп демалады.
Павлодардың «Гармония» педотряды мен «Сұңқардың» әкімшілігі «Менің елім Қазақстан» бағдарламасы әзірленіп, бекітілді, ол биылғы жылы ҚР тәуелсіздігінің 20 жылдығының аясында жұмыс істейді. Әрбір маусымда балаларға арналған бірқатар көңіл көтеру іс-шаралары өткізіледі:
- Сұңқар рекордтары,
-«Сұңқар Аруы» байқауы
-«Жігіт сұлтаны – 2011» батырлар байқауы
-«Шарболат» спорттық эстафеталар.
-«Под единым шаныраком» халық достығының фестивалі.
- «Минута славы» шоуы
-Вожатыйлар шоуы
-«Супер – шанс» көңіл көтеру-байқау бағдарламасы.
- «Веселый калейдоскоп» станциялар бойынша танымдық ойын
-Суреттер байқауы және «Очумелых ручек» көрмесі
-Ормандағы туристік серуендер
-Кокшетау қаласы мен Бурабайда шолу экскурсиялары
Маусым аралығында «Сұңқар» СК республикалық маңыздағы компаниялар мен ұйымдар үшін корпоративтік демалыстарға, жаңа жыл кештерін, банкеттер, семинарлар, конференциялар мен облыстық туристік көрмелерді өткізуге өтінімдер қабылдайды.
«Сұңқар» жыл сайын «Круиз», «Жолымбет», «Астана-турист» турфирмаларымен қарым-қатынас жасайды және халықаралық, республикалық, облыстық туристік көрмелерге қатысады, демалушыларға арнап әртүрлі спорттық және мәдени-бұқаралық іс-шаралар ұйымдастырады.
Зеренді, Бурабай, Сандықтау демалыс нысандарына қош келдіңіздер!
Жыл сайын «Бурабай» және «Көкшетау» ұлттық парктерінің әкімшіліктері туристік бизнес субъектілерінің туристік маршруттарды қолдануын тексеру бойынша бақылау редтерін өткізеді. Осындай іс-шараны жақында «Көкшетау» МҰТП ғылым, туризм және экологиялық ағарту мамандары өткізді.
«Сопка Медведка», «Сопка Стрекач», «Сопка Вишневая» «Григорьев пруд», «Гриб-Гигант», «Айдахар-уйгири» бағыты бойынша 6 туристік жолдарда жоспарлы тексеріс өткізілді. Рейд барысында туристік жолдарда қолданыстағы ережелерге сәйкес маршруттардың басында қозғалыс сызбасы мен ЕҚТА (ерекше қорғалатын табиғи аумақ) жүру ережелері бар аншлагтар онатылғандығы анықталды. Туристік маршруттар белгіленген, жолдарды тұрмыстық қоқыстан, қу бұтақтардан тазарту жүргізілген.
тексеріс барысында туристік маршруттарға келушілерге ЕҚТА жүру ережелері бойынша нұсқау жүргізілетіндігі, маршруттық парақтар берілетіндігі анықталды.
Қаланы немесе аймақты таңдаңыз: