Оқиғалар
«Көкше» академиясы 2011 жылдың қазанның 28-і «Туризм, дене шынықтыру және спорт» басқармасымен бiрге, ЖОО, колледждер студенттерiнiң және Ақмола облысы мектептерi оқушыларының қатысуымен ғылыми жұмыстардың облыстық байқауын өткізді.
Байқауды өткiзудiң мақсаттары:
- ЖОО, колледждер студенттерiнiң және орта бiлiм мектептерiнiң оқушыларының ғылыми және шығармашылық белсендiлiгiн дамытуы, олардың iздестiру және кәсiпкерлiк, басқару, туризм және құқық салаларындағы енгiзiлген қызметi;
- ЖОО, колледждер, мектептер арасындағы ғылыми және iскер байланысуларын анықтау және ғылыми жұмысқа жаңадан көрiнген зерттеушiлерiн тартуы;
- шығармашылық ұжымдардағы жұмыстың дағдыларының, ұйымдастырушы және инновациялық қызметке алуға адамының жан-жақты дамытуына жәрдемдесу;
- Көкшетау қаласының инновациялық инфрақұрылымының дамытуына жәрдемдесу.
2009 жылғы 10 желтоқсандағы № 4с-19-8 облыстық мәслихат сессиясының шешімімен бекітілген Ақмола облысында туристік кластерді құру мен дамытудың 2009-2011 жылдарға арналған Шебер-жоспарының аясында Ақмола облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы Ерейментау ауданының әкімдігімен және «Табиғат әлемі» экологиялық ағарту орталығымен бірлесіп «Ақмола облысында экологиялық туризмді дамытудың жолдары» семинар-практикумын өткізді.
Семинардың жұмысына ғалымдар, экологтар, оқытушылар, туризм және экология саласын басқаратын жергілікті атқарушы органдардың, ұлттық табиғи парктер мен қорықтардың, туризм саласында мамандар даярлайтын жоғары оқу орындарының, сонымен қатар экологиялық туризмнің дамуына көмек көрсетіп жүрген халықаралық және қазақстандық үкіметтік емес, қоғамдық ұйымдардың өкілдері және туристік бизнес субъектілері қатысты.
Семинар-практикумның мақсаты Ақмола облысында туризмді дамытудың жағдайымен перспективалары, туристтік саланың басым бағыты ретінде экологиялық туризм проблемаларын талқылау, экологиялық туризмді дамыту арқылы Ерейментау ауданының орман, тау және дала экожүйелерін сақтау болып табылады.
Ақмола облысы туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы Ш.Батырханов семинар-практикумды ашып, «Облыстағы экологиялық туризмді дамытудың жағдайы мен перспективалары» тақырыбы бойынша тұсаукесерін ұсынды. Содан кейін «Ерейментау ауданындағы экотуризмді дамытудың негізгі аспектілері» тұсаукесерімен «Табиғат әлемі» экологиялық ағатру орталығының директоры Иралина Әлия Тәңірбергенқызы сөз алды. Тұсаукесерде туристтер мен жергілікті халықтың табиғатты қорғауға тәрбиелеуде және экологиялық ағартуға септігін тигізудегі экологиялық туризмнің мүмкіндіктері кеңінен ашылды.
Семинар жұмысына биология гылымдарының докторы, «Эко-Көкше экологиялық орталығы» ҚБ директоры, Ш.Уәлиханов атындағы КМУ оқытушысы Хұсайынов Әбілжан Тоқанұлы қатысты. Оның «Көкштау»МҰТП үлгісінде туристтік маршруттарды экологиялық бағалаудың принциптері» баяндамасында экологиялық жариялылық, халықты табиғи ортаның жағдайы туралы ақпаратпен қамту, қоғамдық бақылауды ұйымдастыру, табиғатты пайдалану саласында заңнаманы сақтау тақырыптары кеінен ашылды. Сонымен қатар семинарда «Көкшетау» МҰТП экскурсиялық туристтік маршруттар ұйымдастыру» Қорғалжын өңірінің турөнімін таратудың маңызды факторы ретінде экотуризмнің дамуындағы қоғамдық бірлестіктер мен ҮЕҰ ролі туралы «Родник» ҮЕҰ директоры Л.А.Люфт сөз сөйледі. «Мир вокруг нас» жобасы бойынша №13 «Экос» экологиялық мектеп гимназиясының жұмысы туралы аталмыш мектептің мұғалімі Бурыка сергей Александрович баяндап берді. Сонымен қатар бағдарламалық құжаттардағы экотуризмнің дамуының негізгі аспектілері және оларды жүзеге асырудың барысы, Қазақстанда экотуризмді дамытудың нормативтік-құқықтық аспектілері қаралып, талқыланды.Аталған мәселелерге туризм бөлімінің қызметкерлері Д.Қ. Әбілмаженова және С.Р. Қасымов кеңінен тоқталды.
Семинар жұмысына «Көкше» академиясының туризм, спорт және дизайн факультетінің оқытушылары белсенді қатысты. «Экологиялық ағарту туризм мәдениетін қалыптастырудың маңызды факторы», «Экологиялық туризмді дамыту үшін білікті мамандар даярлау» тақырыптары ашылды. «Ерейментау ауданында экологиялық-этнографиялық туризмді дамытудың жағдайы мен перспективалары» тақырыбы бойынша Ерейментау ауданының Павловка ОМ мұғалімі, БЖТКжәнеЭ халықаралық академиясының профессоры Гайнудиннов Максут Забирович тұсаукесерін ұсынды. «Сандықтау ауданында экологиялық туризмді дамыту» тақырыбы бойынша «Экос» экологиялық білім беру бойынша үйлестіру және ақпарат орталығы» ҚБ директоры Сүлейменова Қарлығаш Шағиқызы жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Барлығы 16 баяндама тыңдалды.
Семинардың екінші күнінің практикалық бөлімінде қатысушылар «Бұйратау» МТҰП қайта құрылған филиалының аумағына шықты. Семинар қатысушыларының назарына Қарағайлы ауылының қонақ үйлері, сонымен қатар ауылдық туризмді дамыту аясында ұсынылан қызметтер сервисі ұсынылды. «Қарағайлы» және «Жаушоқы» туристтік маршруттары бойынша сапар ұйымдастырылды, онда қатысушылар түркі мәдениетінің ескерткіштерімен, қола дәуірінің қорымдарымен, сақ кезеңінің қорғандарымен, сонымен қатар «Бұйратау» ұлттық паркінің табиғи нысандарымен танысты.
Семинар-практикумның қорытындысы бойынша Ақмола облысында экологиялықт туризмді әрі қарай дамытуға бағытталған ұсыныстар әзірленіп, қабылданды. Семинар-практикумның ұсыныстарына экотуризм мен оның базалық принциптерін айқындайтын заңнама базасына өгерістер енгізу, қызметтері туристтік инфрақұрылым мен ілеспе қызметтерді дамытуға бағытталған шағын және орта бизнес өкілдеріне, туристтік инфрақұрылымның барлық нысандары көрсетілген ақпараттық басылымдар арқылы өңір имиджін танытуда туристтік бизнес субьектілеріне қолдау көрсету,экологиялық туризмді жарнамалайтын бейне роликтерді әзірлеу бойынша ұсыныстар енгізілді.
Материалды әзірлеген:
Д.Әбілмаженова,
ТДШжәнеСБ туризм
бөлімінің бастығы
1. Қорғалжын ауданының барлық мектептерінде 27 қыркүйек күні «Халықаралық туризм күні» тақырыбында ашық сабақтар өткізілді.
2. 27 қыркүйек күні Қорғалжын ауылында, Қорғалжын. әкімдігінің ғимаратында халықаралық туризм күніне арналған дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелге қатысушылар: Қорғалжын ауданы туризм кеңесінің мүшелері – аудан әкімінің орынбасары, акімдік бөлімдерінің бастықтары, Қорғалжын қорығының, Қорғалжын ауданының туризм жөніндегі ақпараттық-ресурстық орталығының өкілдері. Сонымен қатар мектеп директорлары, оның ішінде балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры шақырылды.
Келесі тақырыпта тұсаукесерлер мен баяндамалар тыңдалды:
1. Халықаралық туризм күні туралы ақпарат.
2.Қорғалжын ауданында экотуризмнің дамуы.
3.Қорғалжын қорығындағы экотуризм.
4. «Родник» ҚБ Қорғалжын ауданында экотуризмнің дамуына қолдау көрсетуі.
5.Қорғалжын ауданында балалар туризмін дамытудың перспективалары.
Соңғы тақырып бойынша дөңгелек үстелге қатысушылардың арасында қызу пікірталас орын алды. Өкінішке орай, бұл туризмнің түрін дамыту үшін жақсы әлеуеттің болуына қарамастан қазіргі кезге дейін ауданда балалар туризмін ешкім қолға алған жоқ. Бұл Қорғалжын қорығы, балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің Визит орталығы және т.б. аумақта экотуризм, дамып келеді, гид-жол сілтеушілер мен экскурсия жетекшілерінің тапшылығы сезіледі. Балалар мен жасөспірімдер туризмін дамыта отырып аудан болашақта өз өңірінің аймақтары мен табиғатын жақсы білетін өз кадрларына ие болуға мүмкіндік алар еді. Сонымен бірге балалар туризмі баланың жан-жақты қалыптасуына, шығармашылық қабылеті мен өзін-өзі ұйымдастыру қабылеттерінің ашылуына септігін тигізеді, салауатты өмір салтын насихаттайды, патриоттық сезімдерді тәрбиелейді.
Дөңгелек үстел қатысушылары қорғалжын ауданында балалар туризмін дамытуға қолдау көрсету туралы шешім қабылдады. Туризм, дене шынықтыру және спорт бөліміне АудББ және Қорғалжын қорығымен бірлесіп балалар туризмі бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу туралы тапсырма берілді.
3. 3 қазан күні халықаралық туризм күніне арналған «Жас турист» байқауы өткізілді.
Байқауды ұйымдастырушылар – Қорғалжын ауданының туризм, дене шынықтыру және спорт бөлімі, Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы, АудББ. Демеушілер - Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы және туризм, дене шынықтыру және спорт бөлімі .
Байқаудың мақсаты - өңірде балалар мен жасөспірімдер туризмін дамыту, дені сау өскелең ұрпақты тәрбиелеу.
Байқау Қорғалжын ауылының Дружба орта мектебінің спорттық алаңында өткізілді.
Байқауға Қорғалжын ауылы Дружба орта мектебінің, Қорғалжын мектеп-гимназиясының, Арықты, Қызылту және Майшұқұр орта мектептерінің 8-9 сынып оқушылары қатысты.
Аталған байқаудың аясында балалар келесі тапсырмалар орындады: командалардың сап түзеуі, онда сырқы түрлері, біріңғай формалары, таныстыру есепке алынды; палаткаларды құрастыру және жинстырудан, уақытқа от жағудан сайыс; «Өткел», «Тұрған орындарын бағдарлай білу» спортық сайыстары, туристтік әндерді үздік орындау.
Бірінші орынды Дружба орта мектебінің командасы жеңіп алды, екніші орын – Арықты орта мектебі, үшінші орын – Қорғалжын мектеп-гимназиясы.
Жүлдегерлер дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Бұндай байқау көп жылдан бері алғаш рет өткізілп отырғанын атап өткен жөн. Балалар оған белсенді қатысып, әр бір жеңістеріне шын жүректен қуанып отырды.
Жоғары деңгейдегі сәйкес жарыстарға қатыса латын Қорғалжын ауданының жас туристтер командасын жасақтау үшін осындай іс-шараларды әрі қарай өткізу жоспарланып отыр.
Қорғалжын ауданы туризм,
дене шынықтыру және спорт
бөлімінің маманы
О.Кошкина әзірледі.
Ақмола облысының Қорғалжын ауданында «Фламинго» фестивалін өткізу жақсы дәстүрге айналып келеді, қатысушылар саны жыл сайын артып келеді, оның маңызы көтерілуде. Былтырғы 2010 жылы 2 кезеңнен өткізілсе – аудандық және облыстық, биыл 2 кезең Астана қаласында республикалық деңгейде өткізілетін болады.
Фестивальдің 1 кезеңі – аудандық деңгейде 2011 жылдың 12 тамызында Қорғалжын ауылында өткізілді. Оны ұйымдастырушылар Қорғалжын ауданының әкімдігі, Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы, аудандық мәдениет үйі және аудандық білім бөлімі.
Фестивальдің басты мақсаты
Главная цель фестиваля – мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың, халықаралық қайырымдылық қорларының Қорғалжын ауданының бірегей биоәртүрлілігі проблемасына назарларын аудару, туған өлкенің табиғаты, тарихы мен мәдениетіне деген патриоттық сезімдерді қалыптастыру.
Біз, жергілікті тұрғындар, біздің қорықтың өзендері халықаралық деңгейде қолдау тапқандығын мақтан тұтамыз. Қорғалжын қорығы Рамсар конвенциясының тізіміне, «Жанды көлдер» халықаралық ұйымына, оған әлемдегі ең бірегей көлдер кіреді, ЮНЕСКО-ның табиғи мұрасына енгізілді. Әлемнің түкпір-түкпірінен біздің даламыз бен көлдерімізді тамашалау үшін туристтер келеді.
Фестивальдің символы болып фламинго құсы таңдалуы тегін емес. Қорғалжын мемлекеттік қорығының аумағындағы Теңіз көлінде қиыр солтүстікте орналасқан, ал соңғы отыз жылда ТМД аумағында фламинго ұя салатын жалғыз жер. Бұл құстардың саны 20-50 мың аралығында. Жыл сайын алыстағы қыс болмайтын ыстық елдерден мыңдаған құстар елдеріне оралып, ұя салады.
Фламинго – өлкеміздің мақтанышы, ауданымыздың визит карточкасы. Сондықтан байқауға келіп түскен жұмыстардың басым бөлігі осы құсқа арналды.
Аталған іс-шараның жазғы демалыстар кезінде өткізілгендігіне қарамастан, Қорғалжын ауданынынан 70-тен астам адам қатысты. Қатысушылардың жасы шектелмеген, ең кішкентайы 4 жаста.
Өз өнерлері арқылы фестиваль қатысушылары ерекше жанды табиғаттың бірегейлігін бейнелеуге тырысты. Әрбіржұмыста туған өлкесіне деген сүйіспеншілік, осы жердің еркесі – фламингоға деген құрмет білінеді. Жұмыс қорытындылары бойынша үш жас категориялары бойынша жүлдегерлер анықталды.
Фестивальдің гран-при жүлдесін ерекше жұмысы үшін онбес жасар Айтжанова Арай жеңіп алды.
Қорғалжын өлкесінің табиғаты туралы пейзажист суретшілердің үздік жұмысы номинациясыда 5-10 жас аралығы жас категориясында Қабылов Жантөре, 11-17 жас аралығында – Тілеулесова Жұлдыз, 18 жастан жоғары – Балташев Химзат жеңімпаз атанды.
«Қызғылт фламинго» тақырыбы бойынша қолданбалы өнердің үздік жұмысы номинациясында 5-10 жас аралығындағы категорияда Лабузова Виктория, 11-17 жас – Рамазанова Аида, 18 жастан жоғары – Жақыпбекова Валентина жеңіпаз болып танылды. Барлық жеңімпаздар дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.
Фестиваль кезінде мәдениет үйінің сахнасында фламинго туралы үздік театрландырылған жән би қойылымы, үздік өлеңдер мен әндер номинациясы бойынша байқау өткізілді. Жас ақын Сыздықова Гүлжаһардың өлеңдері, ақын Ирина Дееваның фламингоға арналған «Королева дня» өлеңі көрермендердің көңілдерінен шықты. К.Құсайынов атындағы халық театрының ұжымы мен «Фламинго» би ұжымы жақсы өнер көрсетті.
Екінші және үшінші орын алған қатысушылар дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды. Жеңімпаздарға арналған сыйлықтар мен жұбату сыйлықтарын Қорғалжын қорығы қамтамасыз етті.
Фестиваль жүлдегерлерін салтанатты марапаттау рәсімінен кейін, Корғалжын қорығының Визит-орталығы барлық келемін деушілерге есігін айқара ашты.
Кошкина О.
Қорғалжын қорығы
2009 жылғы 10 желтоқсандағы №4с-19-8 Ақмола облысының мәслихаты сәссиясының шешімімен бекітілген Ақмола облысында туристік кластерді құру мен дамытудың 2009-2011 жылдарға арналған Шебер-жоспарына сәйкес Ақмола облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы ұлттық парктермен, санаторийлермен, отельдермен және туристік бизнес субъектілерімен бірлесіп 2011 жылдың 27-29 қыркүйегі аралығында Астана қаласының «Көрме» кешенінде өткен «Astana Leisure» 2011 - «Астана Демалыс 2011» 8-ші Қазақстандық халықаралық туристтік көрмесіне қатысты. «Жас Астана»-Еуразияның тартымды орталығы»- бұл AstanaLeisure 2011 көрмесінің лейтмотиві, оның маңызын биыл атап өткелі отырған Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы арттыра түседі. Экспозицияның негізгі бөлігін Қазақстанның барлық өңірлерінің стендттері алды. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрі Талғат Ермегияев бұл оқиғаның маңыздылығын атап өтті: «Astana-Leisure 2011 көрмесі» біздің кәсіби мерекеміз Туризм күнінде және еліміздің елеулі мерекесі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығының қарсаңында өткізіліп отыр. Сегізінші рет Астана қаласында ұйымдастырылып отырған осындай Astana-Leisure сияқты кәсіби оқиғаны өткізу Қазақстанның отандық туризм индустриясы ретінде дамуына зор маңызы бар. Қазақстанның туристік әлеуетімен қатар Astana Leisure күзгі-қысқы туристік маусымның өзекті бағыттарын ұсынады.
Былтырғы жылмен салыстырғанда экспозиция 20% ұлғайдыБұл оөиғаға 60 астам компания қатысты, оның ішінде Аргенитиналық, Тайландтық, Түркиялық, БАӘ, Қытайлық, Швейцарлық, Грузиялық, Ресейлік, Украиндық, Қазақстандық.Үш ұлттық туристік ұйым Astana Leisure көрмесінде ұлттық стендтерін ұсынды, бұл қазақстандық туристік нарыққа деген қызығушылықты және экспо-оқиғаның беделін көрсетеді. Тайландтың және Түркияның дәстүрлі ұлттық стендтермен қатар биылғы жылы алғашқы рет Астанаға Грузияның ұлттық туристтік ұйымы келді. Көрменің орталық стендін Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі алады. Astana Leisure көрмесінде Қазақстанның барлық өңірлері жоғары орындарға ие болды: отельдер, пансионаттар мен санаторийлер жеке экспозициялар ретінде және облыстық әкімдіктер мен Астана, Алматы қалаларының стендттерінен орын алды.
Күзгі-қысқы кезеңдегі Қазақстандық туристтік нарығының дамуын ірі туроператорлардың қатысуы дәлелдейді: Kazunion компаниясы, Гульнар Тур және т.б. Astana-Leisure 2011 көрмесіне 4 елдің әуе жолдары қатысты: Air Astana (Қазақстан), Украина халықаралық әуе жолдары (Украина), SCAT (Қазақстан), Turkish Airlines (Түркия), Etihad Airways (БАӘ). Апта сайын Батыс Еуропа мен Азия қалаларына 200-ге жуық рейс жасайтын Украина халықаралық әуе жолдары (УХӘ) 2011 жылы AstanaLeisure 2011 көрмесінің ресми демеушісі болып табылатындығын айта кеткен жөн.
Көрменің жаңалықтары.
Алғаш рет қазақстандық жобаларда, оның ішінде Astana Leisure көрмесіне Аргентиналық компания қатысып отыр(Ankistur-жетекші көпсалалаы туроператор). Astana Leisure 2011 көрмесінде туризм саласындағы интернет-технологиялардың мүмкіндіктері ұсынылды, дәлірек айтқанда «Абакус Орталық Азия» (Қазақстан) және «Амадеус Джи Ди Эс» (Қазақстан) броньдау жүйесі, турбизнеске арналған ақпараттық технологиялар «Жалынды жолдамалар дүкендерінің жүйесі» (қазақстан/Ресей) және «Брони.ру» (Ресей). Қазіргі туризмдегі өзекті бағыттардың бірі – Қажылық және Умра сапарлары, оларды алғаш рет AstanaLeisure көрмесінде «Аль Минара» компаниясы ұсынады. Аталған халықаралық көрменің ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі және «Iteca» Қазақстандық көрме компаниясы болып табылады. «Астана-Демалыс 2011» Азиялық өңірде халықаралық туризм индустриясы өкілдерінің арасында іскерлік ынтымақтастықты дамыту және кеңейтуге, туризм саласында әріптестік байланыстар орнату және тәжірибе алмасуға септігін тигізеді. Көрменің негізгі мақсаттары:
- елдегі ішкі туризмді дамыту, туристтік алмасу бойынша шетелдік мемлекеттермен байланыстарды кеңейту.
- Қазақстандық және шетелдік туроператорларға туристтік өнімдерді кең және толыққанды ұсыну бойынша экспоненттер үшін жағымды жағдай жасау.
Көрме бөлімдерінің ішіндегі ең қызықтылары: өңірлік туристтік ұйымдар; туроператорлар және турагенттікттер; әуе жолдары мен әуе агенттіктері; қонақүйлер, пансионаттар, санаторийлер; көліктік агенттіктер; сауда ассоциациялары мен ұйымдары, туризмдегі ақпараттық технологиялар; экологиялық туризм және өзгелер. А.ж. 27 қыркүйегінде көрменің салтанатты ашылу рәсіміне ұйымдастырушылар мен құрметті қонақтар қатысты: Какен К.Г. – Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы, Никитинский Е.С. – Қазақстан Республикасы туризм және спорт министрінің кеңесшісі, Құрманбаев А.К. – Астана қаласы туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы, В.Павленко - «Iteca» ЖШС менеджері.
К.Г. Какен, Е.С. Құрманбаев, В.Павленко көрме қонақтары мен қатысушыларын құттықтады.
Көрмеде алдағы күзгі-қысқы кезеңге дайындаған барлық жаңалықтарын ұсынған 50-ден астам отандық туризм индустриясының және 10 шетелдік мемлекеттердің өкілдіктері стендттерін ұсынды. «Көкшетау», «Бурабай», МҰТП, «Оқжетпес», «Щучинский» - «Жерйұық», «Зеленый бор» санаторийлері, «Зерен» демалыс орталығы, «Алмаз» отелі, «Жұмбактас» пансионаты, «Круиз», «Жолымбет» туристтік фирмалар, «Лидер» ЖШС және тағы басқалармен бірлесіп Турим, дене шынықтыру және спорт басқармасы ұсынған Ақмола облысының туристтік әлеуеті көрмеде ерекше экспозициялармен көзге түсті.
Өзінің ұсынатын турөнімдерінің алуан-түрлілігімен ақмолалықтар отандық компаниялар мен алыс және жақын шетелдердің компанияларын таң қалдырды. Ақмола облысының туристтік әлеуетін ұсынатын жарнама-ақпараттық материалдардың саны 20 мың бірлікті құрады. Осы көрмеге белсенді қатысқаны үшін, көрме экспозициясын мазмұнды таныстыруы үшін Ақмола облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасына алғыс сертификаты табыс етілді, сонымен қатар Ақмола облысының туристтік әлеуетін үздік таныстырғаны үшін Iteca халықаралық компаниясына «Жетістіктері үшін» марапаты ұсынылды. Аталған көрмеге қатысу Ақмола облысының туризм субъетілері үшін үлкен өнеге болды, олар ірі шетелдік туристтік компаниялардың бай халықаралық тәжірибесімен жан-жақты танысты. Жоғары марапат – қызметтер сервисін кеңейту және көтеру, жарнама ақпараттық материалдардың тізімі мен алуан түрлілігін әрі қарай кеңейту, қазақстандық және шетелдік туристтер үшін өңірлік турөнімдердің тартымдылығы мен сапасын жақсарту үшін туристтік бизнес субъектілеріне мықты көтермелеу болып табылады.
Қаланы немесе аймақты таңдаңыз: