Оқиғалар
Түркия отельдер Ассоциациясы Президентінің қатысуымен 2011 жылы 2-ші желтоқсанда Көкшетау қаласы «Көкше» Академиясында «дөңгелек үстел» отырысы өтті. Бұл бағдарлама шеңберінде мынадай мәселелер қарастырылды: «Туризм дамуының өзекті мәселелері», «Қонақжайлылық пен туризм саласының мамандарын дайындаудағы профессионалды білімнің көпдеңгейлі жүйесі», «Алдағы қызметтестікке байланысты еуропалық серіктестердің ұсыныстары».
«Дөңгелек үстел» отырысында «Көкше» Академиясының ректоры, профессор- Ж.Ж.Қасым; э.ғ.к., доцент, оқу ісіснің проректоры – А.Ш.Нургалиева; Қазақстан Республикасы Ақмола облысының туризм, дене шынықтыружәне спорт Министрлігінің жоспарлау департаментінің директоры- Д.У.Камзеваева; ф.ғ.к., доцент, халықаралық байланыс проректоры – Д.Т.Исмаилова; Л.Гумилев атындағы ЕҰУ «Туризм» кафедрасының меңгерушісі, э.ғ.к. – С.К.Сураганова, «Көкше» Академиясының профессоры, туризмнің еңбек сіңірген нұсқаушысы – Ж.Т.Темірхан; э.ғ.к., «Дене шынықтыру, спорт және туризм» кафедрасының доценті Г.О.Абишева қатысты.
2011 ж 1-ші желтоқсанда Ақмола облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасына туризм отельдері ассоциациясының Президенті Бурхан Шенер мырза бастаған делегация келіп кетті, ол Ақмола облысында аймақтағы жоғары оқуорындарының студенттердің шетелде тәжірибе жинаун ұйымдастырудағ алдағы қызметтестігінің болашағын қарастыру міндетімен жүрген болатын кездесу барысында бәсекеге қабілеттілікті арттыру саласындағы тәжірибемен алмасуды туристтік салада инфрақұрылымды дамыту және екі жаққа да туристтердің келуін кеңейтудегі мәселелер қарастырылды.
Осы сұрақтарды талқылауға Ресей Федерациясынан еуропалық және шығыс тілдері орталығының жетекшісі – Н.А.Петрушенко, «Көкше» Академиясының профессоры, ф.ғ.д., - Р.Н.Кашенова және «Көкше» Академиясының бірінші проректоры – А.Ш.Нургалиева қатысты.
2011 ж 4- ші желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің жиырма жылдығына арналған «Жиырма жұлдызды шың» іс-шарасының аясында Көкшетау қаласына жақын жатқан шатқалда Бұқпа тауында аты аңызға айналған аңшы-бүркітші Мәсіп Байырханұлының құрметіне арналып ұйымдастырылған аңшылық шеберлерінің аңшы құстарымен «Қансонар 2011» Республикалық турнирі өтті. Жылдың бұл басты сайысына Қазақстанның түкпіртүкпірінен, сонымен қатар Павлодар, Қостанай, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан Ақмола облысы мен Астана қаласынан он жеті шебер бүркітшілер келді. Ауа-райы қонақтарды жайдарлы күнімен, шымырлаған аязымен, Бұқпаның бөктеріне жауған көз жауын алатын аппақ қарымен қарсы алды. Бұл жерден облыс орталығы Көкшетау қаласына ашылған ғажайып көріністі тамашалауға болатын.
Ресми ашылу салтанатты ұлттық спорт түрлерінің Ақмола облыстық мектебінің директоры Марат Қойшиннің сап түзеу және командалардың сайысқа дайын екендігі жөніндегі мәлімдемесімен басталды, Қазақстан Республикасының әнұраны ойнап, кейін ақмола облысының әкімі С.А.Дьяченко қонақтар мен қатысушылар алдына сәлемдесу сөзімен шыққан болатын. Ол өткізіліп жатқан іс-шара елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтің салмақты және ақылды саясатының арқасында деп тап өтті. өзінің сөзінде атақты аңшының немересі Шынарбек Бүркітбайұлы өткізіліп жатқан іс-шараның ертедегі кәсіпті жандандыруға маңыздылығын атап өтті де Қазақстан Республикасының спорт және туризм Министрлігінің спорт Комитетінің жетекшілігіне өз ризашылығын білдірді. Үш сағат бойы бүркіттің ең алдымен «шырға тарту» шеберлігінің сайысы өтсе, кейін жүйрік қояндар мен өте қу түлкілерді аулау сайысы өтті. Қазақстанның «Бүркітші» Федерациясының директоры В.Зембаевский, сондай-ақ Қазақстан Республикасының спорт және туризм Министрлігінің спорт комитетінің мемлекеттік жаттықтырушысы, құсбегі З.Абдуллаев және тағы басқалары қанаттылар мен олардың иелерін қатаң сынға алды.
Аңшы-бүркітші Мәсіп Батырханұлының құрметіне өткізілген турнирдің бес этапының қорытындысы бойынша: бірінші орын алтын медаль және бағалы сыйлықпен қоса астана қаласының шебер-бүркітшісі Серікбай Күнтуғанаға берілді; екінші орынға күміс медаль және ақшалай сыйлық Ақмола облысынан келген Абылайхан Ізбасовқа табыс етілді; үшінші орынға қола медаль мен ақшалай сыйлық Астана қаласының шебер бүркітшісі Тоқтыбаев күнтуғанға берілді. Наградаларды Ақмла облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы Ю.Соловьев тапсырды. Атақты аңшының немересі Мәсіп Батырханұлы атындағы арнайы дипломмен үш жас бүркітшіні сайысқа белсене қатысып, бүркітші шеберлігіне талпынғаны үшін марапатталды. Олардың иегерлері Павлодар облысынан Иманзаип, С.Қ.О-нан Байрақ Тастамбек және Ақмола облысынан Шыңғыс Уалиханов. Жас шебер бүркітшілерге наградаларды атақты аңшының немересі Шынарбек Бүркітбайұлы тапсырды.
Аталмыш турнирдің сәтті өткізілуі еліміздің мерейтойына ең жақсы бір сый болды, өйткені көкте самғап ұшқан қыран суверенді Қазақстанның Тәуелсіздігінің символы.
Ағымдағы жылдың 25-26 қараша аралығында Ақтау қаласында «2010-2014 жылдарға Қазақстан Республикасының жылдамдатылған индустриалды-инновациялық даму бойынша Мемлекеттік бағдарлама аясында Маңғыстау облысында туристтік саланы дамыту» атты Республикалық семинар өтті.
Семинарды қатысушылармен сәлемдесу сөзімен Маңғыстау облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы Паханов Сергей Иванович бастады. Қазақстан Республикасының туризм және спорт Министрлігінің туризм индустриясы Комитетінің басқармасының бастығы –Бекбергенов Түгелбай Бекбергенұлы – «Қазақстан Республикасындағы туризмнің даму болашағы мен жағдайы жайлы» атты баяндама оқыды. Маңғыстау облысының туризм,дене шынықтыру және спорт басқармасы бастығының орынбасары Сүйеуова Гүлмира Қойғарақызы «Маңғыстау облысында туристтік саланы дамыту» баяндамасын оқыды. Шағырбаев Азат Амангелдіұлы – ТОО «Accu Project» - «Маңғыстау облысының инвестициялық жобалары» атты тұсаукесермен таныстырды, қазіргі «ДАМУ кәсіпкерлігінің даму қоры» АҚ және «2020 бизнес жол картасы» бағдарламалары жайында Маңғыстау облысы бойынша «ДАМУ» қорының аймақтық филиалының өкілдері сөз сөйледі.
Осин Кирилл -«ЭкоМаңғыстау» үкіметтік емес мекеменің директоры «Маңғыстау экотуризмі. Мәселелерә мен болашағы» тақырыбында сөйледі. «Үстірт қорығы аймағындағы туристтік инфрақұрылымның дамуы» жөнінде Үстірт мемлекеттік табиғи қоры бөлімінің бастығы Сегізбаева Айнаш Теңізбайқызы сөйледі. Маңғыстау туризм колледжі директорының орынбасары Идекешева Маржан Ғинаятқызы «Туристтік индустрияның кадрлық әлеуетін дайындау» жөнінде баяндама оқыды. «Ауылдағы туристтік инфрақұрылымды дамыту» сұрағы бойынша – Маңғыстау ауданының спорт және дене шынықтыру, тілдерді дамыту, мәдениет бөлімінің бастығы- Нұргожин Сағын сөйледі. Ақмола облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығының орынбасары Ш.Батырханов «Ақмола облысының туристтік әлеуеті мен басқа аймақтармен қызметтестік болашағы» туралы сөз сөйледі. Туристтік салада жұмыс тәжірибесінің маңызды алмасуы болды.
Отырыстың соңғы және семинардың қорытындысын шығару кезінде аймақтағы туризмді дамыту ұсыныстары талқыланып, қабылданды. Семинарға қатысушыларға ҚР спорт және туризм Министрлігінің туризм индустриямының Комитеті арнайы сертификаттар тапсырды.
Екінші күні Маңғыстау облысындағы ғимараттар мен тарихи орындарға инфотур жасалды, мұнда аймақтағы Каспий маңындағы туристтік маршруттарды, жағажай мен туризм қажылықтарын және де тағы басқа мәселелер талқыланды. Семинарға қатысушылар «Бекет Ата», «Шопан Ата», құрылып жатқан Ақтау-ситиге облыстық тарихи-өлкелік мұражайға, Маңғыстау туризм колледжіне саяхат жасалды.
Жалпы Маңғыстау облысындағы Республикалық семинар ең жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтті, оның ақпарат алмасуда және туризм және демалыс индустриясын дамытудағы ең жақсы тәжірибе таратуда маңызды зор болды, семинардың қатысушылары мен қонақтарына ұмытылмас әсер қалдырды.
Астанада Қазақстан Республикасының 20 жылдығына арналған Өңірлер күндерінің эстафетасы аяқталып келеді. Астана тұрғындары мен қонақтары үшін Күндер үлкен мерекеге айналды, үш ай бойы әртүрлі алаңдарда ауқымды жәрмеңкелер, сахналарда концерттер өтті, көрмелер, мастер-класстар ұйымдастырылды, онда республиканың әрбір облысы егемендік кезеңіндегі жетістіктерін көрсетті. Осы атаулы оқиғаға арналған іс-шараларға Ел басы Нұрсұлтан Назарбаев, мемлекеттік хатшы Қанат Саудабаев және қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов қатысуда.
Ауылшаруашылық өнім жәрмеңкесінің эстафетасын Ақмола облысы қабылдады. Алғашқысы бүгін аграрлық өңірден аграрлыиндустриалды өңірге айналуда. ҮИИД МБ жүзеге асырудың соңғы екі жылының ішінде Ақмола облысында жалпы сомасы 92 млрд.теңге 33 нысан іске қосылды. 5 мыңнан астам жұмыс орны құрылды. Диқаншылар үшін сәтті жыл болды – 7,3 млн. тонна астық жиналды. Өңір өзінің тарту-таралғыларын алып келді: оның жәрмеңкесінде сөрелер өнімдерге лық толы болып, бағалары қол жетімділігімен қуантты.
Астананың «азық-түлік белдігін» қалыптастыратын облыс жалпы сомасы 350 млн теңге салмағы 690 тоннадан астам өнімнің 100-ден астам атауын ұсынды, оның ішінде 170 тонна ет, 294 тонна көкөніс және 195 тонна картоп.
Ақмолалықтар жәрмеңкені астаналық әкімдіктің алдындығы алаңда орнатты. Ақ киіз үйлерден құралған этноауыл орын алды, оның ішінде облыс суретшілері туындыларының, қолданбалы өнер бұйымдарының көрмесі, облыс тарихы мен археологиясы бойынша экспозиция өтуде. Ақмола Қазақтан халықтарының Ассмблеясы ұйымдастырған кәдесый өнімдерін сату, ұлттық асханадан дәм тату белсенді өтіп жатыр.
Күндердің бағдарламасында ұлттық сипаттағы спорттық іс-шаралар бар. Белсенділерге «тоғыз құмалақ» және «асық тастау», арқан тарту немесе кір тасын көтеру ұсынылады. Халықтың назарын ерекше аударған «қойды босат» ойыны болды. Қатысушы жіңішке 4 метрлік сырғауылмен өтіп, қойды бостуы қажет, жеңімпаздың қанжығасына сол қой байланады.
Кештің мәдени бағдарламасы алаңда шығармашылық ұжымдардың концертімен ғана емес, сонымен қатар Ш.Құсайынов атындағы қазақ музыкалық драма театрының С.Жүнісовтың «Абылай хан» спектаклімен, сонымен қатар орыс драма театрының О.Жанайдаровтың спектаклімен ұсынылды.
Қаланы немесе аймақты таңдаңыз: