Оқиғалар
Внимание! Для любителей загородного активного отдыха.
Открылся новый гостевой дом "Bastion" в центре Борового!
К Вашим услугам пять комфортабельных номеров, технически оснащенных класса полулюкс, из них два номера из двух односпальных кроватей.
В доме полностью оснащенная кухня, банкетный зал на 16 посадочных мест и диванная зоня для караоке.
Во дворе охраняемая парковка на семь мест и отдельно стоящая баня на дровах.
Стоимость аренды гостевого дома на Новогодние праздники 180 000 тг/сутки, предусморенны скидки при заезде более 2 дней.
Детали и подробности просим уточнять по нижеуказанным номерам:
+7 771 817 54 80
+7 777 212 94 30
Наш адрес. пос. Бурабай, ул. Кокше 13а (за гостиницей Нурсат)
Туризм басқармасының туризм бөлімінің 2013 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес 2013 жылдың 14 – 20 тамызы аралығында Ақмола облысының жергілікті атқарушы органдарының, санитарлық-сауықтандыру мекемелерінің туристік ұйымдастырушыларының, ұлттық парктер, туристік кадрладры даярлайтын оқу орындарының өкілдерінің қатысуымен «Көкшетау» МҰТП Зеренді филиалының аумағындағы «Восточная» демалыс базасында туризм нұсқаушыларын дайындау жөніндегі семинар-тренинг өткізілді.
Семинардың мақсаттары: Ақмола облысының туризм мекемелері және ұлттық парктері үшін туризм нұсқаушыларының біліктілігін арттыру, туристік қызметтердің сапасын және туристік жорықтар мен экскурсиялар өткізу кезінде туристердің қауіпсіздігін жақсарту болды.
Семинарға 15 адам санында Ақмола облысының туристік мекемелерінің өкілдері, сауықтандыру орталықтарының туризм гидтері мен нұсқаушылары, «Көкшетау» МҰТП рекреация мамандары, ЖОО студенттері қатысты.
Семинар бағдарламасына Қазақстан Республикасында туристік қызметті реттейтін нормативтік-құқықтық актілерді, туристік жорықтарды ұйымдастыру және өткізудің техникасы мен әдісін зерттеу енгізілді. Семинардың тәжірибелік бөлігі Зеренді көлінің аймағында радиалды туристік жорықтарда негізгі туристік дағдыларды пысықтауды қамтыды.
Семинарды өткізуге үлкен туристік тәжірибелері бар, ҚР еңбек сіңірген туризм нұсқаушылары: Қасымова Ақбөпе Баянқызы, Имамбаева Күнайза Мүслимқызы, Цысельская Светлана Ивановна тартылды.
Практикум барысында көпкүндік туристік жорықтарды ұйымдастыру және өткізудің техникасы және әдістері, экстремалды табиғи жағдайларда туристердің тірі қалуларының негіздері үйретілді. Практикумның бір мақсаттарының бірі «Көкшетау» МҰТП туристік-рекреациялық әлеуеттін, жаңа туристік бағдарларды салу мүмкіндіктерін зерттеу болды.
Күнде Зеренді көлінің маңындағы Зеренді тауларына радиалды жорықтарға шығып отырдық. Семинарға қатысушылар өздеріне жаңа туристік объектілерді ашып, «Айдаһар үнгірі» үңгіріне барумен Үлгілі ауылының жанындағы Қауқарағай шоқысына жорық жасады, «Өмір суы» (басқа атаулары: Ермаковский, Қарсақ, Үлгілі сарқырамасы немесе «Варан» каньоны) сарқырамасында болды.
Шағалалы өзенінің алқабындағы ежелгі қорғандарға, «Орманды бұлақ» кордонына, Байтерек ауылының жанындағы қайталанбас дәміді мөлдір суы бар артезиан құдығына бару да қызықты болды.
Піскен шие бұталықтары арасынан және суы мол бұлақтардан өтіп, семинарға қатысушылар Үлкен Зеренді шоқысының шыңына шықты (587 м).
Жорықтардың бірі табиғаттың ғажайып жаратуы: «Гриб-гигант», «Пасть акулы», «НЛО», «Блинная» және т.б. жартастарына баруға арналды.
Күн райының құбылуы, масалардың көптігі, жайлылықтың болмау да семинарды өткізуге кедергі болған жоқ.
Семинар барысында алынған жорықтық өмір дағдылары, туристік білім және ептілік семинарға қатысушылардың алдында қаулап дамып жатқан туристік қызмет көрсету саласында үлкен мүмкіндіктерді ашады. Бірақ, бұл тек қана алынған білім мен ептілікті әрдайым арттырған кезде, көрсетілетін туристік қызметтерді жақсартқанда ғана болады.
Семинар-практикум аяқталғаннан кейін қатысушыларға сертификаттар берілді.
Семинардың жетекшісі,
Туризм бөлімінің бас маманы – С.Р. Қасымов
ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің туризм индустриясы комитеті және Павлодар облысы әкімдігінің бастамасымен 2013 жылдың 23-25 тамызы аралығында Павлодар қаласында «Сарқылмас саяхат» атты Қазақстандық жылжымалы туристік жәрмеңкесі өтті.
Жәрмеңкеге белсенді түрде Ақмола облысының делигациясы қатысты. Оның құрамына Ақмола облысы туризм басқармасының, «Ақмолатурист», «Оқ жетпес» емдеу-сауықтандыру кешені» акционерлік қоғамдарының өкілдері, қолданбалы өнер, аушы құстармен аң аулау шеберлері кірді. Барлығы 10 адамды құрады, Ақмола облысы делигациясының өзінділік ерекшелігі Сақтан бүркіті болды.
Бұл сапардың мақсаты Ақмола облысының бірден-бір туристік потенциалын ілгерлету, қолданбалы өнер шеберлерінің және шығарылатын кәдесый өнімдерін лайықты ұсыну, сондай-ақ өңіраралық туристік ағындармен алмасуды кеңейту болды.
«Сарқылмас саяхат» жәрмеңкесінің жұмысына Қазақстанның 12 облысының өкілдері қатысты.
Баршаның назарын өзіне Ақмола облысының көрмелік стенді аударды. Онда облыстың 30-дан астам туристік объектілері бойынша әртүрлі жарнамалық өнім (бүктемелер, видеороликтер, мультимедиавизиткалар, туристік ақпар-кітапшалар), соның ішінде «Оқ жетпес» емдеу-сауықтандыру кешені» АҚ-мен шипажаймен көрсетілетін барлық қызметтер спектрі жөнінде толық ақпарат берілген интерактивті терминалдың ұсынуы өткізілді.
«Ақмолатурист» АҚ Щучинск-Бурабай курорттық аймағының, Қорғалжын қорығы аймағында демалыс объектілері бойынша ақпаратты ұсынды.
Ақмола облысы шеберлерінің кәдесый өнімдері стендтен өздерінің лайықты орнын алды. Олар: ұлттық стильде жасалған өнімдердің жоғары сапасы және әрлемі үшін халықаралық дипломдар мен куәліктер иегері «Блэк» ЖШС-ның ағаштан жасалған кәдесыйлары; Н.Н. Погнеребконың зергерлік бұйымдары және нақышты бұйымдары. «Ақмола облысының суретшілер одағы» ЖШС-ның фарфордан жасаған бірден-бір кәдесыйлары да аса танымал болды.
Жәрмеңкеге қатысушылар және қонақтардың назарын бірнеше рет аушы құстармен аң аулау шеберлерінің Қазақстан Чемпионаттарының қатысушысы және жеңімпазы болған Сақтан бүркіті өзіне аударды.
Көрме барысында байланысулар мен 50-ден астам туризм саласының серіктестермен іскерлік кездесулер өткізіліп, сондай-ақ көрме қонақтары мен қатысушыларына 3 мыңнан астам жарнамалық өнімнің үлгілері ұсынылды.
Ресми тұлғалар Ақмола облысының стендін аралаған кезде, делигация жетекшісі Ә.Қ. Сәденовамен өңірдің көрмелік экспозициясы ойдағыдай ұсынылып, облыс әкімінің бірінші орынбасары Д.Н. Тұрғановқа Ақмола облысы туралы арнайы ақпараттық-жарнамалық өнімдер жиынтығы, сондай-ақ Ақмола облысының туризмі жайлы брендтік кітап ұсынылды.
«Сарқылмас саяхат» Қазақстандық туристік жәрмеңкенің нәтижелері бойынша Ақмола облысы бағалы сыйлық берумен «Ең үздік көрмелік экспозиция» номинациясында 1-дәрежелік Дипломмен марапатталды.
«Өңірлік туристік өнімді ілгерлету бойынша ең үздік IT жасалым» номинациясында 1-дәрежелі диплом және бағалы сыйлықпен «Оқ жетпес ЕСК» АҚ марапатталды.
Жәрмеңкенің көптеген қонақтары үшін назар аударарлық орындар және «Баянауыл» Мемлекеттік ұлттық табиғи паркі бойынша арнайы ақпараттық-жарнамалық тур өткізілді.
Ақмола облысы туризм басқармасының баспасөз қызметі
ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 11 қазандағы № 1048 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы туристік индустриясының перспективалы бағыттарын дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес Туризм басқармасы Ақмола облысының білім беру басқармасымен бірлесіп, Ерейментау ауданының әкімдігі және «Бұйратау» Мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қолдауымен 2013 жылдың 31 шілдесі мен 2 тамызы аралығында Абылай ханның 300-жылдық мейрейтойына арналған «Менің отаным - Қазақстан» Республикалық туристік экспедицияның II облыстық кезеңін өткізді (бұдан әрі - экспедиция).
Экспедицияның мақсаты Ерейментау ауданының туристік әлеуетін және осы өңірде мәдени-танымдық, экологиялық және балалар мен жасөспірімдер туризмін дамыту үшін жаңа туристік бағдарларды зерттеу болды. «Менің отаным - Қазақстан» Республикалық туристік экспедицияның екінші облыстық кезеңіне қатысушыларға Ақмола облысы Ерейментау ауданының ең жақсы туристік бағдарлары ұсынылды.
Экспедиция туралы ереженің шеңберінде Ұйымдастыру комитетімен экспедиция қатысушыларына командалардың дайындығы, олардың жабдықтаулары, туристік бағдарда жұмысты бағалаудың маңызды параметрлері туралы негізгі талаптар алдын ала жеткізілді. Республикалық экспедицияның екінші кезеңіне қатысу үшін 11 ауданнан 27 командадар және облыстың 2 қаласынан жалпы саны 160 адам келді.
Келген командалар облыстың аудандары мен қалаларында іріктеу жарыстарынан өтіп, олардың жеңімпаздары өңір намысын үш негізгі номинация бойынша қорғады: «Спорттық-сауықтандыру туризмі», «Экологиялық-өлектану туризмі» және «Мәдени-танымдық туризм».
Экспедицияның басталуы ресми ашылу рәсімімен, салтанатты сап түзеумен, экспедиция штабының бастығы Ж.У. Уайысовтың экспедицияның ұйымдастыру комитетінің төрағасы Ш.Б. Батырхановқа командалардың бағдарларды өтуге даярлығы туралы баянат берумен белгіленді. Қазақстан Республикасының әнұраны ойнап, экспедицияның туын көтеру құрметі Ерейментау ауданының туристік қозғалысының ардагері М.З.Гайнутдиновқа берілді. Ресми ашылуға қатысып сөз сөйлегендер: Ш.Б. Батырханов – Ақмола облысының туризм басқармасының басшысы, А.М. Досымбаева – профессор, тарих ғылымдарының докторы «Назарбаев Орталығы» ММ, К.В. Миляев - ҚР су астында балық аулау федерациясының Вице-президенті, Н.З.Мұқатов – Ерейментау ауданы әкімінің орынбасары.
Экспедиция шеңберінде қатысушылар Ерейментау ауданы және «Бұйратау» Мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аймақтарында мәдени-танымдық, экологиялық-өлкетану және спорттық-сауықтандру туризмі бағыттарымен 3 бағдар бойынша туристік жорыққа қатысты. Экспедиция шеңберінде «Абылай хан және қазіргі заман» атты конкурс, Ерейментау қаласының тарихи-өлкетану мұражайына экскурсия, назар аударатын табиғи орындарды сақтау және қалпына келтіру бойынша акциялар, еңбек десанттары, спорттық-жаппай іс-шаралар және т.б. өткізілді.
Туристік бағдарларды өту барысында А.М. Досымбаева – профессор, тарих ғылымдарының докторы, А.С. Нұрбаева – «Табиға Әлемі» Экоорталығының өкілі экспедиция қатысушыларына өңірдің тарихы, Ерейментау ауданының тарихы, мәдениетін зерттеуге байланысты зерттеу жұмыстары туралы толық ақпарат ұсынды.
Ұйымдастыру комитетінің туристік жорыққа қатысушыларға қоятын талаптарының бірі бағдарды өту барысында аймақты зерттеу және оны жан-жақты сипаттаумен кәсіби күнделік жүргізу, шатыр қоюды және туристік лагерь жаюды, от жағуды, тамақ әзірлеуді білу және алау жанында гитар және өлеңмен бос уақытты ұйымдастыра алу болды.
Экспедиция нәтижелері бойынша жеңімпаздарды атау және командаларды марапаттау салтанатты рәсімі өтті. Ұйымдастыру комитетінің атынан Ш.Батырханов - Ақмола облысының туризм басқармасының басшысы, ұйымдастыру комитетінің төрағасы, М.Б. Адрешев – Ерейментау ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшсы сөз сөйледі.
Барлық іс-шаралардың нәтижесі бойынша қорытынды жасалып, туристік жорықтың жеңімпаздарын төмендегі номинациялар бойынша марапаттау өтті:
«Спорттық-сауықтандыру туризмі»
1 орын – Зеренді ауданының командасына берілді;
2 орын – Көкшетау қ. командасына берілді;
3 орын – Атбасар ауданының командасына берілді;
Бұл номинация бойынша көтермелеу жүлделермен Бұланды, Сандықтау, Шортанды аудандарының командалары марапатталды.
«Мәдени-танымдық туризм»
1 орын – Ерейментау ауданының командасына берілді;
2 орын – Степногорск қ. командасы;
3 орын – Бурабай ауданының командасына берілді;
Көтермелеу жүлдесімен Қорғалжын ауданының командасы марапатталды.
«Экологиялық-өлкетану туризмі»
1 орын – Ақкөл ауданының командасына берілді;
2 орын – Еңбекшілдер ауданының командасына берілді;
3 орын – Целиноград ауданының командасына берілді;
«Абылай хан және қазіргі заман» тақырыбындағы ғылыми жұмыстар конкурсында
1 орын – Қорғалжын ауданының командасына берілді;
2 орын – Бұланды ауданының командасына берілді;
3 орын – Еңбекшілдер ауданының командасына берілді;
Жалпыкомандалық есепте бірінші орын Зеренді ауданына, екінші – Еңбекшілдер ауданына, үшінші орын – Көкшетау қаласына берілді. Барлық жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен бағалы жүлделер берілді.
Осы экспедицияны өткізуге көмек көрсеткен қызметтерге: мәдениет, білім беру, денсаулық сақтау, Ерейментау ауданы әкімшілігінің ішкі істер бөлімі, «Бұйратау» МҰТП дирекциясы және т.б. экспедицияның ұйымдастыру комитетінің атынан алғыс хаттармен марапатталды.
«Менің отаным - Қазақстан» Республикалық туристік экспедицияның (туристік жорық) II облыстық кезеңінің өткізілу барысы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен, облыстық және аудандық телеарналармен, «Казахстанская правда», «Акмолинская правда», «Степной маяк» және т.б. газеттермен жарияланып отырды.
Қаланы немесе аймақты таңдаңыз: