Шығыс Қазақстан облыстық Семейдің Абай атындағы мемлекеттік қазақ музыкалы-драма театры

Рейтинг
6

Абай алаңы

Тел.: 8 (7222) 56-34-68 56-33-39, 56-16-33

“Театр – сымбатты өнердің ішіндегі ең зор өнердің бірі”, - деп, заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов айтқандай, сол сымбатты өнер, ән мен биді, күмбір күйді қамтыған музыкалы өнер Семей жерінде 1917 жылы қанат жая бастады.

Сол жылы Абай ауданы аумағындағы Ойқұдық жайлауында Мұхтар Әуезовтың басшылығымен өзі жазған “Еңлік-Кебек” пьесасы қойылды. Екі кигіз үйде бір-біріне жапсарлас тігіп, сахна жасап қойған ойын қазақ театр өнерінің басы болып табылады.

1920 жылы Семейде қазақ жастарын қамтыған “Ес Аймақ” өнер үйірмесі құрылып, басы қасында: Ахмет Әуезов, Ғалиақпар Төребаев, Иса Байзақов, Әміре Қашаубаев, Жүсіпбек Елебеков, Жұмат Шанин және Абайдың шәкірті Әлмағамбет әнші болды. Осы көкірегі ояу қабілетті жас өнерпаздар Ж. Шаниннің “Арқалық батыр”, С. Сейфуллиннің “Қызыл сұңқарлар”, М. Әуезовтың “Бәйбіше - тоқал”, пьесаларын қояды. Кейінен 1922 жылы “Ес-Аймақ” мемлекеттің қамқорлығына алынып, Семей губерниялық драма труппасы болып құрылады. “Ес-Аймақ” драма труппасының алғашқы қарлығаштары болып Әлкей, Марғұлан, Шәкен Айманов, Құрманбек Жандарбеков, Қаныбек Байсейітовтер өнер көрсеткен.

“Ес-Аймақтан” бастау алған ән-би труппасы 1934 жылы профессионалдық театр болып ресми түрде құрылады.

Ән-би мәдениет ошағының тұңғыш режиссері болып Ғалиақпар Төребаев тағайындалып, сол жылы Алматыдағы өнер техникумын бітірген бір топ жас актерлер: Байділдә Қалтаев, Гүлсім Абдрахманова, Хасен Байырманов, Рабиға Есімжанова, Сләмбек Қыдыралиндер театрға қызметке келеді.
Ән-би, музыка ошағы – көптеген маңызды компоненттерден құралатын коллективтік өнер ғой. Қарап отырсақ, театрдың әр жылы келелі уақиғаларға толы екен. Соңғы жылдары коллектив “Театр көктеміне” бірнеше рет қатынасты. “Қаракөз”, “Еңлік-Кебек”, “Ревизор”, “Махаббат жолы”, “Абай”, “Ант”, “Қызым, саған айтам” спектакльдері талғампаз жұртшылықтың ыстық ықыласына бөленді. Ә. Жаңбырбаевтың – Сырымы, Т. Иісованың – Қаракөзі, Б.Имахановтың – Абайы, Қ.Аманжолованың – Бәтимасы кемелденген өнердің үлгісіндей болды. Қазақстанның бірінші, екінші “Театр көктеміне қатысқанда, творчестволық жетістігі үшін бірінші дәрежелі дипломмен марапатталып, олардың ішіндегі Н.Атаханов пен С.Қыдыралин қазақ әдебиеті мен көркемөнердің 1958 жылы Москвада өткен онкүндігіне қатынасуы, Семей ән-би театры үшін үлкен жетістік, зор қуаныш болатын.

Әр театрдың өзіндік тарихи кезеңдері бар, Семейдің ән-би музыка театры өзінің өнер жолында көптеген музыкаларды шығармаларды сахналап, көрермендердің көзайымына айналды. Мысалы “Абай”, “Қыз Жібек”, “Айман-Шолпан”, “Еңлік-Кебек””Қозы Көрпеш – Баян сұлу” музыкалы спектакльдерін, сондай-ақ “Жас Абай” операсын дайындап, алыс-жақын шетел көрермендерін сусындатты.

Музыкалы-драма театры болған соң ұжымға симфониялық оркестр , хор тобы, балет бишілері қосылды. Соның нәтижесінде сахнада қойылатын ойын жоғары деңгейде ұйымдастырылатын болды.
Бұл күндері ән-би музыка театры өзінің кезекті маусымында “Кішкентай Мукар”, “Аладдиннің сиқырлы шамы”, “Бір түп алма ағашы”, “Махаббат, қызық мол жылдар” спектакльдерін қоюда.
Театрымызда жасы 90-ға келген Қазақстанның халық артисі Күләш Сәкиева, Қазақстанның халық артистері Әбілқасым Жаңбырбаев, Бекен Имаханов, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Шайзат Бахтинова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Болат Ноғайбаев, сондай-ақ он үш Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері еңбек етеді. Олардың әрқайсысы күміскөмей әнші, мың бұралған биші. Міне, осы артистердің арқасында ән-би театры үнемі биіктерден көрініп, талғампаз өнердің тартымды көріністерін ұсынып келеді.

Өнер ұжымы көптеген Республикалық, облыстық өнер байқауларының жеңімпазы, лауреаты. Алыс-жақын шетелдерге сапарларға шығып, өнер көрсету барысында зор құрметке бөленген ән-би театры 2002 жылы Египет астанасы Каир қаласында өткен ХІҮ-ші Дүниежүзілік фестивальға қатысып, арнайы энциклопедияға енді. Көптеген артистеріміз дипломдармен марапатталды.

Республикадағы байқаулардың ішінен 1995 жылы Жезқазғанда Т.Жұртбаевтың “Құнанбай қажы”, 1998 жылы Қарағандыда Ш. Айтматовтың “Боранды бекет”, 2000 жылы Алматыда Ө. Боранбаевтың “Сотанайдың соңғы үйленуі”, 2001 жылы Петропавл қалаларында О.Бөкейдің “Өз отыңды өшірме” спектакльдермен Республикалық театрлар фестивальдерінде басты жүлдені алғанын айтсақ та жеткілікті.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері Адай Азаматов басқаратын Абай атындағы қазақ музыкалы-драма театрында Қазақстанның халық артистері Күләш Сәкиева, Әбілқасым Жаңбырбаев, Бекен Имаханов, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Шайзат Бахтинова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Болат Ноғайбаев, Қазақстанның Мәдениет қайраткерлері Күләш Әбділденова, Айжан Манекина, Әсем Баирова, Бақыт Тоймбаева, Мырзахан Сыдықов, Үміт Жидебаева, Нұрбағила Чинкебаева, Дәметкен Идрисова, Бауыржан Төлеков, Сұлушаш Төлекова, Азамат Нұрғамысов, Сапарбек Әшімбеков, Сәндібала Бекбаева, Рысбүбі Төлеуханова, Шолпан Мұханбетова, Рыстығайша Иманбекова және Айтбек Тәшімбетов, Қайрат Божанов, Бекзат Омашев сияқты сынды артистер еңбек етеді.

 

Дауыс беру

загрузка...
Дауыс бергеніңізге рахмет!
Бүгін бұл объект үшін дауыс бердіңіз.

Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:

Қонақ үй броньдау

Броньдау

Қала Қонақтар
Келу күні