«Құланшы» Қазіргі заман Өнер Орталығы

Рейтинг
4.5

Астана қ., Тәуелсіздік к-сі, 57, Бейбітшілік және Келісім Сарайы (Пирамида), 6-шы қабат

Тел.: (7172) 744 717

«Құланшы» Қазіргі заман Өнер Орталығы Астана қаласының Бейбітшілік пен Келісім Сарайында  бейнелеу өнерінің қазіргі заман галереясын ұсынады. 880 шаршы метрге теңелетін біздің галереямызда Сальвадор Дали, Марк Шагал, Пабло Пикассо туындылары ұсынылған литографияның үнемі қызмет ететін залы және Германия, Ұлыбритания және Польшадан шыққан литографияның қазіргі заман шеберлерінің еңбектері орналасқан.

«Құланшы» Қазіргі заман Өнер Орталығының тұрақты экспозициясында Португалия, Түркия, Германия және Қазақстанның танымал қылқалам шеберлерінің көркем туындылары ұсынылған.

Галерея қазақстандық және шетелдік суретшілердің көрме жұмыстарын ұйымдастырып, шетел жақта еліміздің қазіргі заман өнерін дәріптеу жолындағы шаралармен айналысады.

Орталық іргесінде ересектер мен балаларға арналған бейнелеу өнерінің студиялары қызмет етеді. Зауықты адамдар сурет салу, сурет өнері және композиция дағдыларын үйрене алады.

«Құланшы» Қазіргі заман Өнер Орталығында тұрақты өткізілетін мастер-класстары Елорда студенттері мен қылқалам шеберлері арасында кеңінен танымал. «Байта» Қайырымдылық қорымен бірлесе отырып, «Құланшы» Қазіргі заман Өнер Орталығы балалар шығармашылығын белсенді түрде қолдап, «Туған Жерім» атты балалар суретінің жыл сайынғы байқауының тұрақты демеушісі болып табылады.

2007 жылы байқау қорытындылары бойынша International Art Club Kulanshi суретшілері әлеуметтік жағынан аз қамтылған обасылардың төрт дарынды баласына Астана қаласының Көркемсурет Мемктебінде бір жылдық білім алудың төлемін жүргізіп, оқуға қажетті көркемсурет материалдарын да сатып алды. Біздің галерея қылқалам шеберлерімен шығармашылық кештерін, қазіргі заман өнері мен Қазақстанның сәндік-қолданбалы өнері бойынша дәрістер мен семинарларды жиі өткізіп тұрады.

Дауыс беру

загрузка...
Дауыс бергеніңізге рахмет!
Бүгін бұл объект үшін дауыс бердіңіз.

Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:

Қонақ үй броньдау

Броньдау

Қала Қонақтар
Келу күні