Трактир Медведь

Рейтинг
6.55

пр.Н.Абдирова, 30В.

Тел.: +7 7212 518 920, 513 439

Залды әшекейлеу кезінде орыс мәдениетінің өзіндік үлгілері пайдаланылған: самаурындар, балалайкалар және славян тұрмысына тән басқа да заттар бар. Қонақтар үшін үйдегідей ыңғайлы жағдайлар жасалынған.

Интерьер театрлылығы әсерінен қабырғалардың өздері де орыс горницалар мен светелкаларындағыдай шынайы болып көрінеді. Ал тоқ және жұғымды тамақтан бұл сезім бойыңызда тұрақтанады. Үлкен де, кіші де залдар тұратын үйдегі бөлмелер сияқты, олар екі қабатта да орналасады: арасында тар бір баспалдақпен даяшылар қимылдап жүреді.

Дегенмен, ең бастысы – бұл үй өткен ғасырларға сай сол қалпында қалды: бірнеше ұрпақтың тарихын бойына сіңірген ағаш кепеде жайлылық лебі еседі.


Оюлап жасаланған есік алдына шағар кезде іш ауласына кіре аласыз. Бұл жерде көк шөп пен гүлдер арсында торлы күркелер орналасқан. Аңызға айналған орыс үстел байлығы, сапалы азық-түліктер және құптауға болатын бағалар жұмысымыздың негізгі ұстанымдары болып табылады. «Медведъ» трактирінде жай крестьяндар мен монархтарға арналған мәзірден басқа көне өмір сүру салтына бағышталған мәзірлер де дайындалады. Онда ортодокс күнтізбе, шіркеулік оразалар және мезгілдік ескерілген.


Қыстыгүні тұздықтағы балық, үй сілікпесін және түрлі тұздауларды, құмырада сарылтылған қызыл шырайлы ақ саңырауқұлақ қосылған ащы орамжапырақтан боярлық щи жей аласыз – бір сөзбен айтқанда, қыстың суық күндері тойдыратын барлық нәрсе. Көктемде окрошка, түрлі көкөністерден борщ, щавельден жасыл щи, хош көк шөппен майдағы жас картоп көңіл-күйді көтереді, тәбет ашады. Квас пен морстарды осында дайындалады.

Күз – жабайы құстардан аңшылық мәзір кезі. Қандай мезгіл болсын, «Медведъ» трактирінде орыс пельмендерін, қызыл шырайлы құймақтар, сорпалар, расстегайлармен балық сорпасы, түрлі солянкалар, балықтан, еттен, құстан және жабайы құстан кез келген тағамдар әзірленеді. Мында шайды орысша ішеді: самаурыннан тоқашпен, үй вареньесімен, балмен, жаңа пісірілген «пештен бірден алынған» іші түрлі болатын бауырсақпен бірге. Жайдары, ілтипатты даяшылар Сіздерді жылы қарсы алып, жылдам қызмет көрсетеді.

Дауыс беру

загрузка...
Дауыс бергеніңізге рахмет!
Бүгін бұл объект үшін дауыс бердіңіз.

Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:

Қонақ үй броньдау

Броньдау

Қала Қонақтар
Келу күні