Бұқар Жырау атындағы әдебиет және өнер музейі

Рейтинг
6.53

Ак. Марғұлан көшесі, 99

Тел.: 8 (7182) 32 01 24

«Сөз өнерінің бастауы фольклорда жатыр». Қазақ халқының фольклоры, яғни ауыз әдебиетінің мейлінше бай, әрі сан қырлы тџрлері 1-ші залдағы диорамалар арқылы бейнеленген.

Көне түркі жазулары туралы 2-ші зал сыр шертеді. Себебі Орхон –Енисей жазулары түркі тілдес халықтардың бәріне ортақ ежелгі дәуірден қалған аса зор тарихи мұра болумен қатар, біздің тарихи тамырларымыздың, болмыс-бітімімізбен ұрпақтар жалғастығының, тіл – дәстүр сабақтастығының айғағы.

ХVIIІ ғасырдағы қазақ әдебиетінің ең көрнекті өкілі Бұқар жырау Қалқаманұлы (1685- 778). Арқалы жырау, ақылшы ғана емес, мемлекет істеріне елеулі ықпал етіп отырған қабырғалы би, өз заманының идеологы болды.

Музейдің 4-ші залында С.Торайғыров, С.Донентаев, И.Байзақов , Қ.Кеменгеров Қ.Бекхожин секілді ақындар мен жазушылар өмірінен көптеген деректер, жеке заттары жинақталған. Осы залдан жазушы Ж.Аймауытовтың семьялық түскиізі, қалта сағаты, сия сорғышы және өз қолымен жасаған қағаз кесетін сызғышты көре аласыздар.

Сіздерді бүгінде танымал ақын-жазушылар Р.Тоқтаров, Қ.Ыдырысов, М.Әлімбаев, Қ.Исабаев, А.Шамкенов, А.Жақсыбаев, М.Жаманбалиновтар шығармашылығымен «Қазіргі заман әдебиеті» залы таныстырады.

Музейге келушілер ерекше көңіл аударатын «Әдебиет достастығы» залы.
Залда А.Сорокин, П.Васильев, Н.Чернова, Н.Ваккер, Р.Пфлюг, С.Шәріпов сияқты ақын -жазушылар өмірі мен шығармашылығына арналған экспозицияларды көріп танысуға болады. Сонымен қатар осы залда жазушы Вс.Ивановтың жұмыс кабинеті көрсетілген.

Ертістің Павлодар өңірі небір тарлан таланттарды дүниеге әкелген өңір. Әнші-композиторлар Ж.Мұса, Естай, Майра, өнер саңлақтары Қ.Байжанов, Б.Жылқыбаев, Ш.Айманов, К.Кенжетаев, С. Әбусейітовтер өмірі мен шығармашылығы жайында «Өнер» залы таныстырады.

Дауыс беру

загрузка...
Дауыс бергеніңізге рахмет!
Бүгін бұл объект үшін дауыс бердіңіз.

Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:

Қонақ үй броньдау

Броньдау

Қала Қонақтар
Келу күні