Теміртау балалар мен жасөспірімдер театры

Рейтинг
7.8

Республика даңғылы,136

Тел.: +7 (7213) 934-759

Теміртау балалар мен жасөспірімдер театры 1990 жылы 24 қарашада Л.Петрушевскаяның «Чемодан чепухи» (қоюшы-режиссер Ю.Синин) тақырыбен ашылды. ЖӨТ-тің әрбір спектаклі-бұл әсемдік, мәңгілік пен жарқын болашаққа деген бетбұрыс, көрермендердің қайталанбайтын нәзік сезімі. Театр ұжымы жасөспірімдерді жан тазалығына, ізгілікке тәрбиелейді.
Сондай қойылымдар қатарында «Шахерезаданың мың екінші түні» ертегісі, романтикалық комедиялар «Шөп күзеткен ит», «Аленканың алқызыл гүлі», «Моугли», «Мысықтар үйі», «Қызыл телпек», «Чиполинаның басынан кешкендері» жатады.
Ересек көрермендер үшін әр жылдары Д.Фонвизиннің «Недоросль», ол Разумовскаяның «Медея», К.Готццидің «Принцесса Турандот», П.Кальдеронның «Махаббат-қалжақ емес» спектакльдері қойылды.
Театр үнемі сапарда жүреді. Қарағандының қанаттас қалалары-Саранда, Шахтинскіде, Абайда, Шаханда, сондай-ақ ауылдық жерлерде көрермендермен жиі жүздеседі.
Бұлардан сыртқары театр қызметімен Барнаул, Стерлитамақ, Астана және Алматы қалаларының көреремнедері де жете таныс. Ұжым жұмысының шығармашылық қорытындысы Украинаның Днепродзердинск қаласында өткен Халықаралық «Классика-бүгінде» фестивалінде көрініс тапты, осында театрдың жетекші актерлардың бірі Олех Керимевке «Озық жас актер» арнаулы жүлдесі берілді.
Театр республикалық фестивальдерге бірнеше рет қатысты.

Дауыс беру

загрузка...
Дауыс бергеніңізге рахмет!
Бүгін бұл объект үшін дауыс бердіңіз.

Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:

Қонақ үй броньдау

Броньдау

Қала Қонақтар
Келу күні