Қарағанды академиялық музыкалы комедия театры

Рейтинг
6.1

Бұқар Жырау даңғылы, 32/2

Тел.: +7 (7212) 410-650

1973ж. 16 қарашада Қарағанды музыкалы комедия театры тұңғыш рет шымылдығын ашты. Театр сахнасында сол уақыттағы танымал И.Дунаевскийдің «Вольний ветер» операттасы қойылды. Бұл театр республикамыздағы көп жанрлы тамаша театрлардың бірі. 30 жыл ішінде театр 138 спектакль қойып, көптеген концерттік бағдарламаларды, бенефистерді, шығармашылық кештерді жүзеге асырды.
Театрда кәсіби шығармашылық ұжым қалыптасқан, оның репертуарында әлемдік классиканың інжу-маржандары: опералар, оператталар, мюзиклдер, балеттер, музыкалы комедиялр, водевилдер, балалалрға арналған спкетакльдер бар.
Үлкен қуыршақтар студиясының думан-көріністері қызықты өтеді. Бүлдіршін көрермендер үшін «Буратино» қуыршақ театры өнер көрсетеді.
Өткен жылдар ішінде театр Қазақстан мен Ресейдің 48 қаласында, облыстың селолық аудандарында гастрольде болды.
Театрдың бастамасы бойынша Қарағанды өнер колледжінің базасында музыкалы театрлар мен би өнері артистерінің екі бөлімшесі ашылды.
2000 жылы театрға «Академиялық» жоғары атағы берілді.
1998 жылдан бері «Театр өнерінін тарихи мұражайы» ашылды.
Ұжымның өмірі театрдың негізін қалаушы, көркемдік жетекшісі және директоры, Қазақстанға еңбегі сіңген мәдениет қайраткері Евгений Лукич Перешуктың есімімен және алғашқы бас режиссер Қазақстанға еңбегі сіңген мәдениет қайраткері Вадим Борисович Григорьев пен Оркестрдің алғашқы дирижері, оның негізін салушы Александр Алексеевич Хмелеевичтің есмімімен тығыз байланысты.
Театр актерлары Иван Труновқа, Борис Каркачке, Владимир Суховқа, Елена Макановаға «Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген артисі» атағы, Нина Ивановна Симоноваға «Қазақ КССР Халық артисі» атағы берілді. Осынау өнер шеберлерімен бірге Ирина Полянская, Светлана Анкудиновна, Николай Масюков, Людмила Маскутова, Владимир Канаев сияқты көптеген тамаша өнерпаздар жұмыс істеді.
Ұзақ жылдар бойында Вадим Борисович Григорьев пен Юлий Самойлович Мельцер режиссер, Павел Купрянович Ключко мен Виталий Николаевич Брук дирижер, Галина Леонидовна Новикова бас хормейстер, Анатолий Гаевой мен Владимир Колчанов балетмейстер, Мәлік Райысханұлы Байкенов суретші болып жұмыс істеді.
1998 жылдан театрды халықаралық конкурстардың лауреаты, опера әншісі Амантай Темірбайұлы Ибраев басқарады. Театрдың бас дирижері Валентин Владимирович Богданов. Соңғы жылдары театрдың ең үздік қойылымдарына Қазақстанның, Ресейдің, Украина мен Белорусияның алдыңғы қатарлы театрларының көрнекті шеберлері қатысуда. Театр өз репертуарын жетілдіре отырып, көптеген композиторлармен тығыз ынтымақта жұмыс істейді. Алматылық композитор А.Исаевамен бірігіп, қазақтың «Алдар көсе» операттасын сахнаға шығарды, осы қойылым театр репертуарының көркіне айналды.

Дауыс беру

загрузка...
Дауыс бергеніңізге рахмет!
Бүгін бұл объект үшін дауыс бердіңіз.

Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:

Қонақ үй броньдау

Броньдау

Қала Қонақтар
Келу күні