К.С.Станиславский атындағы облыстық драма театры

Рейтинг
7

Бейбітшілік бульвары,19, Караганда

Тел.: 7(7212) 30 12 05

Театр тарихы ерекше, оның алғашқы қадамы Семейдің көркем өнерпаздар үгіт бригадасы негізінде ұйымдастырылған үгіт және көпшілік мәдени жұмыс жөніндегі «Жанды газет» жылжымалы театр болып құрылуынан бастау алады. 1932 жылы Турксиб үгіт поезының құрамындағы жылжымалы театр болып қайта құрылады. Театрдың бірінші директоры, көркемдік жетекшісі В. Портнов, ол әрі бастапқы драматургі, кейіннен ҚазССР өнеріне еңбегі сіңген қайраткер. Алғашқыда ұжым оның скечтері мен сахналық көріністерін қойып, үш вагонмен ел аралап өнер көрсетеді. Үш вагонның бірі актерлердің тұрғын үйі ретінде қолданылса, қалған екеуі реквизиторлар сақтайтын және репетиция өткізілетін ғимарат ретінде пайдаланылды. Труппа оның жетекшілігімен әдеби монтаждар мен сахналық көріністерді қоя жүріп, әуелі кеңес драматургтарының пьесалары бойынша, кейін орыс және батыс еуропа классиктерінің спектакльдерін дайындай бастады. Театр 1935 жылы үш вагонды Қостанайдағы тұрақты орынға ауыстырғанда, оның репертуарында В.Шекспирдің, А. Островскийдің, А.А. Финогеновтың және басқа да авторлардың пъесалары болатын. 1936 жылы ұжым Қарағанды облыстық орыс драма театр атағына ие болып, қайтадан Прибалхашқұрылысына жіберіледі. 1937 жылы В.Портнов театрдың директорлығында қалып, көркемдік жетекші қызметін Ленинградтан ауып келген К. Раушқа ұсынады. К. Рауштың келуімен ұжымның кәсіби деңгейі көтеріліп, репертуар едәуір кеңейіп, құрамында Б.Шоу, Ж.Б. Мольер, Л. Толстой, П.О. Бомаршелер мен басқа да атақты драматургтардың есімдері бой көрсетті. 1940 жылы ұжым Қарағандыға қоныстанды. Труппа өзінің бірінші мерейтойын «Гамлет» қойылымымен атап өтті. Ұлы Отан соғысының алғашқы күндерінде театрдың 20 қызметкерлері өз еркімен соғысқа аттанды. Театрда концерттік бригада жасақталып, Прибалтикалық майдан әскерлерінің алдында өнерлерін көрсетті. Қарағандыға Мәскеу мен Киевтен театрлар көшірілді, ал қарағандылық ұжым қайтадан, 1951 жылы кеншілердің мәдениет сарайының құрылысы аяқталғанша, Балқаш қаласына қайта ауыстырылды. Ұжым бұрынғыдай «жылжымалы жағдайда» іске кірісті. Театр 1962 жылы Бейбітшілік бульварында жаңа ғимаратта қоныс тойын тойлады. 1963 жылы ҚазССР Министрлер Кеңесінің қаулысымен театрға шығармашылық қызметтегі жетістіктері үшін К.С. Станиславскийдің есімі берілді. 1960 – 1970 жылдары ұжымның творчестволық қызметін режиссерлер ҚССР еңбегі сіңген артист А. Подобед, Г.Жезмер, республиканың халық артисі Р.Андриасян, М. Зильбермандар басқарды. Осы кезеңдерде театр бірнеше рет республикалық конкурстардың лауреаты атанды. Бұл уақыт кең көлемді гастрольдік маршруттармен белгілі (Алматы, Омбы, Полтава, Фрунзе, Новосибирск, Павлодар, Иркутск және т.б.) Театрдың 1979 жылғы Москвадағы гастролі ерекше жетістік болды. Онда театрдың таңдаулы спектакльдері көрсетілді, көбісі бас режиссер ҚССР өнеріне еңбегі сіңген қайраткер Н. Воложанинның қойылымындағы. Көрермендермен бірге қойылған спектакльдерді атақты драматургтар В. Розов, А. Арбузов, В. Тендряков тамашалап, өздерінің авторлық пъесалары бойынша қойылған спектакльдерге жоғары сипаттама берді. 1981 жылы театр халықтар достығы орденімен марапатталды. 1986 жылдан 2006 жылға дейін театрдың бас режиссері болып Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Г. Оганесян істеді. Театрдың басты байлығы әр уақытта талантты артистер. Әр жылдары Қарағанды сахнасында Қазақстанның халық артистері В. Караваев, А. Демидова, В. Корниенко, В. Борисов, республикаға еңбек сіңірген артистер К. Рауш, З. Горева, Г.Подзолкин, Н. Белкин, И. Калачанов, И. Кошелев, Т. Зеленин, Т. Давыдова, В. Макуш, Д. Белов, Л. Спасский, А. Зимарева, А. Григорев, РФ халық әртісі А. Булдаков, еңбек сіңірген артистка Н. Микрюкова еңбек етті. Театрдың бүгінгі мақтанышы Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген артистка Н. Штоколова, жетекші артистер Т. Федоренко, И. Немцев, И. Гордакова, Л, Пекушева, А. Кочемаскин, В. Злобин, Г. Турчина. Театр тарихында өшпес із қалдырған Қазақстанның халық артисі В. Борисов болып табылады. Ол театрда үзіліссіз 1961 жылдан 1997 жылға дейін басқарып, оның дамып жетілуіне зор үлес қосқан қайраткер. 1997 жылдан 2005 жылға дейін театрдың көркемдік жетекшісі әрі директоры болып Г. Оганесян қызмет атқарды. Қазір театрдың директоры – Ж. Әбілтаев. Театрда көптеген талантты суретшілер еңбек етті. Олар ҚССР еңбек сіңірген артис Н.Белкин, А. Алмазов, Д. Крейн, А. Щербина, В.Вильчинский, Ю. Назаров, П. Томиловский, О. Писаренко. Кейінгі жылдары театр Қазақстан мен Ресейдің белгілі режиссерлері: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Ә.Оразбеков пен И. Гонопольский, РФ өнерге еңбегі сіңген қайраткер Д. Горник және т.б. табысты қызметтестікте. Театр ұжымы үш рет «Театр балалар әлемінде» атты аймақтық фестивалінің «Гран-при» иегері. Қазақстанның еңбек сіңірген әртістері А. Григоров, Н. Штоколова, әртістер А. Кочемаскин, Г. Турчина, И. Немцев, суретші И. Реченский Қарағанды облысының әкімі сыйлығының лауреаттары. Ұжым 2008 жылы Ресейдің Омбы қаласында гастрольдік сапарда болып қайтты. 2010 жылы театрдың А. Дударевтің «Мені тастама» спектаклі XVIII Республикалық театрлар фестивалінің дипломымен марапатталды. Әр кезден театр ел мен халықпен бірге өмір сүруде, сахнадан замандастарының жүрек тебіреністеріне жауап беруде. Театрдың шығармашылық өмірі жарқын әрі оқиғаларға толы болса, алдағы мақсат-ізденістер мен жаңа бастамаларға бағытталған.

Дауыс беру

загрузка...
Дауыс бергеніңізге рахмет!
Бүгін бұл объект үшін дауыс бердіңіз.

Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:

Қонақ үй броньдау

Броньдау

Қала Қонақтар
Келу күні