Қасиетті Қарқаралы

Қарқаралы сөзінің шығу тарихы туралы көп айтылып та, жызылып та жүр.
Пікірлер де әртүрлі, дәлелдер де бірнешеу. Бір аңызда Баян сұлу осы маңда қарқарасын түсіріп алып, жердің осылай аталуына себеп болған дейді. Негізге «Қарқараң сөзінің алынуы дұрыс сияқты. Бұл белгі ханды, ел билеген көсемдерді басқалардан ерек қылып көрсету үшін пайдаланған, «қарқараң, «тәжңмағынасын білдіреді. Ендеше, Сарыарқаның сайын даласындағы бұл таулар ханның басына киген алтын тәжі сияқты, қарқарадай болған соң, бұл өңір халық аузында «Қарқаралы өңірң аталып кетуі әбден мүмкін.
Жалпы, бұған кеңінен қарасақ, «Қарқаралың деген сөздің ұғымы, әрине, бұдан әлдеқайда терең, көп қырлы. Қарқаралы дегенде, біз әрине көне қаланың өзін, оны қоршай біткен әсем табиғатты да айтамыз. Жаратушымыз ерекше қылып, бар сұлулық пен әсемдәкті бере салған бұл өңірді талай ақын жырға қосқан. «Атыңнан айналайын, Қарқаралың, - деп Мәди бабамыз жырлап кетсе, ұлы жазушымыз Сәбит Мұқанов «Сұлушашң поэмасын жазған.
Таулар, таулар қашанғы қасқа алыптар,
Мендей сені сезді ме басқа жұрттар.
Ақ шашты әжем секілді тұрып алды
Қарқаралы басында ақша бұлттар, -
Деген жолдармен ұлы ақынымыз сырбай Мәуленов Қарқаралыдан алған әсерін осылай суреттеген.
Алыстан көз тартып, мұнартқан көгілдір таулар, Сарыарқаның төскейіне төге салған маржандардай сұлу көлдерімен бірге, көне заманнан келе жатқан әсем ормандар жер біткеннің жаннатындай! Бұл өлкенің табиғаты әсемдігімен жаныңды жаулап, небір түрлі – түсті формаға енгін құз жартастар қиялдарға жетелейді. Осындай бір таулардың шатқалында кірер аузы үшбұрыштанып келген үлкен «Тас шатыр» үңгірі бар. Атақты Мәліксай қойнауында белгілі «Үш үңгір» бар. Ерте кезде бұл өңірдің орманында аю менен қасқыр жортып, сан алуан құс біткен ұяласа, өлкелерінде түз тағысы құлан, керілген кер марал, құлақтарын қайшылап, елеңдеген ерке елік жайлап, жыртқыштардың әсемі – жолбарыс та жүгірген.
Көк таулардың арасынан ерекшеленіп, көз тартып тұратын осы төңіректің ең биік, әсем шыңы, Қарқаралының символындай болған бір кездері «Жиренсақалң, «Комсомол шыңың деп аталса, бүгін халық «Қарқаралы шыңың деп атайды. Қай жағынан келіп қарасаң да бұл шың әр түрлі формаға еніп, құбылып, кескін келбетін өзгертіп тұрады. Аттары бірінен бір өткен Бұғылы, Шаңкөз, Көктөбе таулары шынында, жер ананың «Қарқарасың сияқты.
Қарқаралының оңтүстік-шығысында Кент таулары, ал одан шығысқа қарай Балқантау сілемдері жатыр. Осылардың барлығы да ғажап сұлулықтың мекені.
Бұғылының басындағы ерекше жаратылған табиғи құбылыс, ол – Шайтанкөл. Бұл көл туралы аңыздар мен өлең – жырлар да көп жазылған.
Сәби коңіл жолдас ертіп қасыңа.
Сонда барда мінәжат қыл тасына.
Көлге айналып бір пұшпағы аспанның
Ағып түскен Қарқаралы басына, -
деп, ұлы ақынымыз Қадыр Мырза Әли жырға қосса, «Шайтанкөл – ғашықтар мекенің – деп, Серік Ақсұңқарұлы әнге қосқан, қасиетті де киелі, жұмбақ құбылыс, - әсем Шайтанкөл - өзінің табиғи жаратылыс ерекшелігімен ертеден әсемдік пен сұлулықты қастерлеген қауымға шабыт берген, құтты мекен.
Шайтанкөл бұл өңірде жалғыз емес. Табиғаттың ғажайып бір жаратылысы ол – Бассейн көлі. Биік таудың басында, қабырғалары тіп – тік болып, қолмен қойғандай жартастармен көмкерілген көл, шынында да табиғи бассейн тәрізді. Шайтанкөл мен Бассейн сияқты көптеген үлкенді – кішілі көлдерді көк таулардың адам аяғы баспаған биік шындарында жиі кездестіруге болады.
Қарқаралының ең көрікті бір жерінде, көгілдір таулар шатқалында, көпшілікке танымал «Кеншің (Шахтер) демалыс үйінің маңында, жарқырап жатқан Самал көлі бар. Бұл көріністі көрген адам өмірі ұмыта алмасы анық.. Бұл сияқты адам жанына рахат сыйлайтын айдындар, Үлкен көл, Жартас, Шортанды көлдері Қарқаралы тауларын көмкере қоршап, ерекше келбет беріп жатыр. Тау сілемін бөктерлей Жарлы өзені ағып жатса, қала ішімен үлкен және кіші Қарқаралы өзендері ағады. Самал жел соққан сайларда бабалар суын ішкен Суық бұлақ, Мәлік сай бұлағы, Тас бұлақ, Тұнық бұлақтардың мөлдір суы қысы – жазы сарқылмай ағып жатады.
Осы ғажайып сұлулықтың ортасында, алтын қазықтай болып, айналасы жүздеген шақырымға нұрын шашып, шапағатын тигізіп келе жатқан құт мекен – қасиетті Қарқаралы қаласы тұр.

Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:

Қонақ үй броньдау

Броньдау

Қала Қонақтар
Келу күні