Қазақстанға келудің 10 себебі
1
«Алтынемел» ұлттық табиғи саябағы.
Алтынемел — Жоңғар Алатауы оңтүстік сілемдерінің арасында орналасқан ұлттық табиғи парк. Жер көлемі — 520 мың гектар. Парк аумағында туристерді қатты қызықтыратын бірегей табиғи құрылымдар және байырғы тарих ескерткіштері орналасқан. Шатқалдарында ежелгі адамдардың тасқа қашап салған суреттерін көруге болады.
2
"Шымбұлақ"
"Шымбұлақ" тау шаңғы курорты – Іле Алатауы шатқалында 2510 метр биіктікте орналасқан. Таудың кереметтей көрінісі, жұмсақ климаты мен шуағы мол күндердің көп болуы, қар қабатының ұзақ уақыт жатуы, осында туристер мен тау шаңғы спорты әуесқойларын еріксіз өзіне тартады. Шымбұлақты желтоқсаннан сәуір мезгіліне дейін қар басып жатады.
3
Қасиетті Қарқаралы
Қазақстанның Швейцариясы атанған, қасиетті Қарқаралы жерінің тарихи қазақ елінің тарихымен біте қайнасып жатыр. Неге біз оны екінші Швейцария деуіміз керек? «Қарқаралы, ол ерекше біткен, қадыр дарып, құт қонған киелі мекенң дейді елін сүйген, жерін сүйген қарқаралылықтар. Айтса айтқандай, өзінің қайталанбас көркімен, сұлу табиғатымен талайларды тамсандырып келе жатқан жер жаннаты Қарқаралы ғажайып өлке емес пе?!
4
Балқаш көлі
Балқаш өңірі - әрі жылы, әрі күн сәулесі көп түсетін табиғаты жағынан Қазақстандағы тартымды жерлердің бірі. Шөлді болып келетін қуаң дала Балқаш көлінен нәр алады. Бұл аймақ өзінің әсем көрінісімен, ерекше өсімдіктер және жануарлар дүниесімен белгілі. ХХ ғасырдың 50-жылдарына дейін бұл жерде хайуанаттар қожасы жолбарыс болған. Өтуге болмайтын шытырман тоғайдың арасынан жабайы шошқаны да кездестіруге болады. Іле өзенінің атырауын секемшіл елік, сайғақ пен қарақүйрық, түлкі мен борсық мекендейді.
5
Жан жүрегім - Астана
Есіл өзенінің сол жағалауында мыңдаған жылдар бұрын дүниеге келген Қыпшақ сұлтанының әскери ставкасының Қазақстанның жаңа елордасы Астана тарихында өзіндік орны бар. Боз-оқ қаласының үйіндісін ашып, оны зерттеу жұмыстарының арқасында қаланың тарихы ілгеріде жатқаны белгілі болды.
6
Аксу-Жабағлы қорығы
Ақсу Жабағлы Қазақстанның ең көне қорығы, сонымен қатар Орталық Азиядағы ЮНЕСКО биосфера қорығы дәрежесін алған ең алғашқы қорық теңіз деңгейінен 1,000-нана 4,280м биіктікте Тянь-Шань тауларында орналасқан.

Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:

Қонақ үй броньдау

Броньдау

Қала Қонақтар
Келу күні