Қазақстан климаты

Қазақстан климаты қуаң континентті: қысы өте суық, ал жазы ыстық.

Қазақстанның кең байтақ аумағына байланысты, мемлекеттің түрлі аймақтарында ауа райы айтарлықтай өзгеше болуы мүмкін. Мысалға, оңтүстікте егін егу басталып жатқан кезде, солтүстік жерінде әлі қар жатып, боран соғып тұруы ғажап емес.

Бүкіл мемлекетке температураның күрт ауытқулары тән, бұл тәуліктік ауытқуларға да, жылдық ауытқуларға да қатысты.

Солтүстікте қысқы орташа температура қаңтар айында -18,7°С, ал оңтүстікте -1,5°С. Ауаның құрғақ болуынан және күннің шуақтылығынан -15°С температура кейде ылғалды ауадағы -5° – 0°С тәрізді сезіледі. Қазақстанның қысы тауларда, мысалы, шаңғы базаларында қысқы спорт түрлерімен айналысуға ыңғайлы.

Жазда мемлекеттің солтүстігінде шілде айының орташа температурасы +18,8°С, оңтүстікте +28,8°С. Ыстық жаздың күні қазақстандықтар теңіз-көлдерге барып жағажайда, демалыс базаларында демалғанды ұнатады.
 

Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:

Қонақ үй броньдау

Броньдау

Қала Қонақтар
Келу күні