ITB Berlin 2011

Қазақстанның ITB 2011 халықаралық туристік көрмедегі салтанатты жеңісі

2011 жылғы 9-13 наурыз кезеңінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Берлин қаласында (Германия Федеративтік Республикасы) жыл сайын өтетін 45-ші ITB 2011 халықаралық туристік көрмесіне қатысты.
Халықаралық көрме әлемнің 188 мемлекеттерін таныстыратын 11 000 стенд сиятын ауданы 160 ш.м. «Messedamm Berlin» көрме кешенінде өткізілді.
ITB Берлин көрмесін жай ғана көрме деуге болмайды, себебі түрлі мәдениеттер мен дәстүрлердің тоғысуы, халықаралық деңгейдегі кездесулер мен бизнес аталмыш көрмеде өз орындарын тапқан. Жыл сайын ITB көрмесіне ондаған мың адам қатысады, келіп көреді, олар өздерінің іскерлік байланыстарын кеңейтуге және жаңа туристік бағыттармен байланыстар орнатуға ұмтылады. Көрме шеңберінде форумдар, саммиттер, кеңестер және ірі туристік ұйымдардың кездесулері өткізіледі.
Қазақстан көрме қорытындылары бойынша екі наградаға ие болды. 5 санат бойынша - «Еуропаның ең үздік стенді, «Американың ең үздік стенді», «Таяу Шығыстың ең үздік стенді», «Азия, Тынық мұхит өңірі және Австралияның ең үздік стенді» және «Африканың ең үздік стенді» ең үздік стендке награда ұсынылды, сондай-ақ әрбір санатта 10 номинант жарияланды.
Басқа мемлекеттердің (188 қатысушы мемлекет) яғни жеңімпаз елдердің ұлттық әкімшіліктерінің арасында Қазақстан стенді өз тарихында бірінші рет тәуелсіз сарапшылардың бірауыздан айтқан пікірлері бойынша «Best of best» - «Үздіктердің үздігі» наградасымен марапатталды, осылайша еліміздің туристік әлеуетін таныстыру бойынша бүкіл әлемдегі № 1 елге айналды. Жюри мүшелері стендті бірнеше критерийлер бойынша бағалады: стендтің дизайны, креативтігі, бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс, стендтегі жұмыс, ұлттық салт-дәстүрлермен және мәдениетпен таныстыру, имидждік өнімді ұсыну. Сарапшылар қазақстандықтардың мейірбандылығын, ашық ниеті мен жағымды ахуалын атап өтті.
Қазақстан Республикасының стенді, өткен жылдағы сияқты, «Азия/Тынық мұхит өңірі және Австралия» санаты бойынша бірінші орын алды, осылайша Кореяның алдына (2 - орын) шығып, әлемнің туристік бизнесі алаңында өз жетістігін және позицияларын орнықтырды.
ҚР Туризм және спорт министрлігі «Compass» неміс консалтинг компаниясымен бірлесіп, Кельн қаласында ашылған Қазақстанның туристік бюросының және соған сәйкес www.kasachstan-tourismus.de. интернет сайттың тұсаукесерін өткізді. Аталмыш бюро немістің бұқаралық ақпарат құралдарымен ынтымақтаса отырып интернетте неміс тілді аудитория үшін Қазақстанның туристік брендін алға жылжыту мәселелерімен айналысатын болады.
 

Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:

Қонақ үй броньдау

Броньдау

Қала Қонақтар
Келу күні