WTM 2010

Лондон (Ұлыбритания) қаласында өткізілген WTM 2010 Халықаралық туристік көрмесіне Қазақстанның қатысуы 2010 жылғы 8-12 қараша кезеңінде аралығында қамтамасыз етілген.
Аталған көрме әлемдік туриндустрияда ең ірі оқиға болып табылады. Көрме Excel көрмесі кешенінде 43 мың шаршы метр ауқымындағы алаңда өткізілді. Жыл сайын WTM көрмесіне он мыңдаған адам қатысады, олар жаңа туристік бағытпен байланыс орнатуға және іскерлік байланыстарды кеңейтуге ұмтылады. Ағымдағы жылы да көрме жұмысына 50 мың адам, әлемнің 200 елдері қатысты.
Қазақстандық экспозиция 105 шаршы метр ауданға орналасты. Стенд ITB 2010 көрмесінде Қазақстанның стендін құруға қатысқан әлемдік деңгейдегі дизайнер Питер Верленің көмегімен жасалды. Стенд үш бөліктен тұрады, оның орталық бөлігі негізгі бөлік болды және оның төбесі шаңырақ түрінде әзірленді. Стендтің бүйірлік өңірлік туризм, дене шынықтыру және спорт басқармаларының және басқа қазақстандық делегация өкілдеріне берілді және жалпы дизайнға сәйкес әзірленді. Қазақстан делегациясының барлық өкілдері ұлттық костюм киді. Стендте Қазақстанның табиғаты мен көз тартар көрікті орындары түрлі түспен бейнеленді, ақпараттық табандықтармен жабдықталған, дыбыстық және жарық аппаратурасымен, сонымен қатар Қазақстан туралы бейнероликтерді көрсетуге арналған екі плазмалық экранмен жабдықталған.
Көрмеге Қазақстан делегациясының құрамында Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің (бұдан әрі - министрлік), Алматы, Павлодар, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстарының, Алматы қаласының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармаларының, Қазақстандық туристік қауымдастық пен туристік ұйымдардың өкілдері қатысты. Қазақстанның көрмеге қатысуын көрсету мақсатында, іс-шара жұмысына АҚ «Хабар Агенттігі» тілшілері қатысты.
Көрме шеңберінде жарнама және маркетинг агенттігі өкілдерімен, Дүниежүзілік туристік ұйымының, Ресей, Әзірбайжан, Тәжікстан делегацияларының өкілдерімен, Compass GmbH, Buzz Business, MDS Ltd компанияларының өкілдерімен кездесу өткізілді. WTM (Лондон), ITB (Берлин), Top Resa (Париж) и Intourmarket (Мәскеу) көрмелерінің ұйымдастырушыларымен қазақстандық стендтің келесі жылдағы орны мен көлемі туралы мәселелер талқыланды.
Туризм индустриясы комитетінің төрайымы Қ. Кәкен 9 қарашада өткізілген және басты тақырыбы неғұрлым кұшті және орнықты туризм мен саяхат индустриясын дамыту болып табылатын Министрлердің саммитіне қатысты. Олар туризм саласындағы мемлекеттік және жекеменшік секторынан ең ықпалды және жоғары қызметтегі сарапшылар әлемдегі туризмнің саяси және экономикалық танылымына, туризмге арналған неғұрлым бәсекелесті бизнес-ортаны құруға, инновацияларды, инвестицияларды және туризмнің тұрақты дамуын ынталандыруға қатысты мәселелерін, сондай-ақ климаттың өзгеруі мен жұмыссыздық сияқты жаһандық проблемлармен күресу мәселелерін талқылады.
10 қарашада халықаралық баспасөз бен туроператорлардың қатысуымен Медиялық Форум өткізілді. Форумға Қазақстан делегациясының өкілдері де қатысты. Форум жұмысы барысында елдің туристік әлеуеті туралы жарнамалық өнім, сондай-ақ Қазақстан аумағындағы ең ірі инвестициялық жобалар қамтылған кітапша таратылды.
Қазақстанның көрмеге қатысу қорытындысы бойынша «Хабар агенттігі» АҚ репортаж дайындады.
 

Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:

Қонақ үй броньдау

Броньдау

Қала Қонақтар
Келу күні