«BITE» халықаралық туристік жәрменке

2010 жылғы 25-27 маусым кезінде Пекин қаласында (Қытай Халық Республикасы) өткен «BITE» халықаралық туристік жәрменкесіне Қазақстан Республикасының қатысуы қамтамасыз етілді.
Жәрмеңке ауданы алығында 33000 шаршы метр болатын Қытай Халықаралық көрме орталығында өтті. Көрме жұмысына туристік компаниялар, қонақ үйлер, авиакомпаниялар мен ұлттық туристік әкімшіліктер, жалпы алғанда 85 елден 700 ұйым қатысты. Үш күнде көрмеге 40 мың адам қатысты.
Қазақстан делегациясының құрамына Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің, Алматы, Астана қалаларының, сондай-ақ Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан мен Оңтүстік Қазақстан облыстарының Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармалары, туристік ұйымдар, «Қазақстан» телекомпаниясының журналистері кірді.
Көрменің бірінші күні оғанға Пекин қаласы мэрінің орынбасары Дин Сян Ян мен Пекин қаласының туризм іс жөніндгі басқармасының төрағасы Чжан Хуэй Гуан келіп танысты.
Қөрме жұмысының барысында BITE ұйымдастырушыларымен, қытай компаниялары мен телекомпаниялар өкілдерімен келіссөздер жүргізілді.
Көрмеге Қазақстанның табысты қатысуының нәтижесінде қазақстандық экспозиция «Ең жақсы стенд» номинациясына ие болды («The most creative booth award»)
 

Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:

Қонақ үй броньдау

Броньдау

Қала Қонақтар
Келу күні