Казакстан ITB 2010


2010 жылы 10-14 наурыз аралығында Берлин қаласында (Германия Федеративтік Республикасы) ITB 2010 Халықаралық туристік жәрменкесі өтті.
Аталған іс-шара әлемдік туриндустриядағы маңызды оқиғалардың бірі болып табылады,оның жұмысына 187 мемлекет қатысты.
Қазақстанның туристік индустриясының мүмкіндіктері Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігімен қамтамассыз етілді.
Қазақстан делегациясының құрамы Алматы мен Маңғыстау облыстарының сондай-ақ Алматы, Астана қалаларының Қазақстан туристік қауымдастығы, ЖОО-ы, еліміздің басты туроператорлары, ҚР-ның Республикалық Гвардияның Президенттік оркестр әртістері, «Хабар Агенттігі» АҚ журналистері.
Көрме шенберінде шетел БАҚ және туроператор өкілдеріне қазақстанның туристік әлеуеті туралы таныстырылым өткізілді.
Көрмеге Қазақстанның қатысуы неміс баспасөзінде жарияланды,соның ішінде атақты Berliner Morgenpost газетінде.
Көрме қорытындысы бойынша Қазақстан Азия, Тыңықмұхит аймағы және Австралия категориясында 1-ші орынға ие болды. Екінші мен үшінші орындарға Оңтүстік Корея мен Малазия елдері ие болды.
Әлем континенттері және аймақ бойынша бес категория ішінде Европа, Америка,Таяу Шығыс, Азия, Тыңықмұхит аймағы және Австралия және Африка елдер арасында бірінші орындармен наградтталды. Осылайша, Қазақстан мемлекеттін имиджі және мемлекеттің туристік саласын жариялауда ғаламшардың үздік мемлекеттер «бестік» қатарына қосылды.

Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:

Қонақ үй броньдау

Броньдау

Қала Қонақтар
Келу күні