Қош келдіңіздер!
Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі Талғат Амангелдыұлы Ермегияевтың құттықтау сөзі
ҚҰРМЕТТІ САЙТ ҚОНАҚТАРЫ!
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев республикада туризм индустриясын дамытуды Қазақстанды бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына енгізудің маңызды стратегиясы ретінде айқындаған.
Баратын елді таңдағанда туристерді ең алдымен табиғи ландшафты, географиялық ерекшеліктері, мәдени мұрасы, дамыған инфрақұрылымы және қауіпсіздігі қызықтыратыны белгілі. Бұл жағдайда Қазақстанның қолайлы туристік имиджі бар елдердің арасында лайықты орын алуға толық мүмкіндігі бар.
Біздің мемлекетіміз Еуразия жүрегінде, Азия мен Еуропа тәрізді ірі елдерді қосатын жолдар торабында орналасқан. Бұл тиімді географиялық орналасу халықаралық туристік байланыстардың дамуынан көрінеді.
Қазақстанның туристік әлеуеті теңдессіз және көп қырлы болып келеді. Мұнда туризмнің барлық түрлерінің дамуына, мәдени-тарихи объектілерге баруға байланысты – флора мен фаунаның сирек кездесетін түрлерін бақылауды қоса алғанда танымдық туризмнен бастап, оқиғалық және туризмнің басқа да белсенді түрлерін дамыту үшін мүмкіндік зор.
Бүгінгі таңда Қазақстанда көптеген теңдессіз табиғи қорықтар мен ұлттық саябақтар, 100-ден астам емдеу-сауықтыру мекемелері, сондай-ақ тоғыз мыңнан астам археологиялық және тарихи ескерткіштер бар.
Мемлекетіміздің аумағынан Ұлы Жібек жолының солтүстік тармағы өтеді. Жолдың осы бөлігі тарихи, археологиялық және сәулет ескерткіштерінің таңғажайып кешенін біріктіріп, Отырар, Сауран, Түркістан қалаларының жоспарлау тәжірибесі мен құрылысын мысалға ала отырып, бұл жерлер сауда орталықтары ғана емес, ғылыми және мәдени орталықтар болып табылған. Сонымен қатар, тау шаңғысы туризмінің объектілері бар. Шымбұлақ тау шаңғысы курорты, Медеу биік таулы мұз айдыны және біздің «Қазақстандық Швейцариямыз» – Щучье-Бурабай курорттық аймағы туристердің арасында кеңінен танымалдыққа ие.
Осы веб-сайттың пайдаланушылары ұлттық туристік өнім туралы, қажетті туристік ұйымдар мен әріптестер туралы ақпаратты іздеуде уақыттарын үнемдемек. Оның көмегімен сіз көптеген проблемаларыңызды және бос уақытыңызды ұйымдастыру мәселесін шұғыл шеше аласыз.
Оқырмандарға сайт Қазақстанның туристік мүмкіншіліктерімен жақынырақ танысуға мүмкіндік береді және сенімді көмекші болады деген сенімдемін.
Сайтымыздың қонақтарын барлық сипатталған әдемілікті көруге және қазақтың қонақжайлылығын бағалау үшін Қазақстанға шақырамын.
Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі
Т.А. Ермегияев




