Қазақстанға жету жолдары

Қазақстанға жету жолдарын қарастырып жатырсыз ба? Төменде ұшақ, пойыз, автобус секілді көлік түрлерінің ерекшеліктері, артықшылықтары мен кемшіліктері, сондай-ақ билетке тапсырыс беруге болатын пайдалы сілтемелер көрсетілген.

Ұшақ арқылы
Қазақстанға басқа мемлекеттен жетудің ең қолайлы әрі тез жолы, әрине, ұшақ арқылы келу. Қазақстанның барлық үлкен қалаларында әуежай бар, алайда халықаралық әуе рейстері көбінесе Астана және Алматы, сондай-ақ Қарағанды, Ақтау, Шымкент, т.б. қалаларында жүзеге асырылады. Демек, ұшақ арқылы бір әуе компаниясын немесе бірнешеуін пайдалана отырып, Қазақстанның көптеген қалаларына жетуге болады.
Ұшу кестесін және әуе билеттерінің бағасын осы парақшаның төменгі жағында келтірілген сілтемелер арқылы қарап көруге болады.

Пойыз арқылы
Қазақстан мен көршілес мемлекеттер арасында пойыз қатынасы жақсы дамыған. ТМД елдері арасында көптеген өңіраралық қатынас пойыздары әрекет етеді, олардың көбі Қазақстан арқылы өтеді. Сонымен қатар Қытай мемлекетіндегі Үрімші қаласына Алматыдан және Астанадан апта сайын пойыз жүріп тұрады.
Пойыз билеттері ұшақ билеттеріне қарағанда әлдеқайда төмен болуы мүмкін, алайда жүретін жол кейде тым ұзақ болатындықтан бұл көлік түрі аздап ыңғайсыздық тудыруы мүмкін.
Пойыздардың жүру кестесі мен билет бағаларын осы парақшаның төменгі жағында орналасқан сілтемелер арқылы көруге болады.

Автобустар
Сонымен қатар, басқа мемлекеттен Қазақстанға автобустар арқылы да жетуге болады. Көршілес мемлекеттердің көптеген қалаларынан автобустар жүріп тұрады, оның ішінде Ресей (Барнауыл, Омбы, т.б.), Өзбекстан, Қырғызстан, т.б. мемелкеттер бар.

Автобустардың жүру кестелері, билет бағалары және басқа ақпаратты автобекеттерге хабарласу арқылы алуға болады.

Сізді қызықтыруы мүмкін:

Ұшақ билетіне тапсырыс беру
Пойыз билетіне тапсырыс беру
Қазақстан бойынша тур бағыттары
Алматыдағы қонақ үйлер
Астанадағы қонақ үйлер
Автобекеттердің телефон нөмірлері
 

Қонақ үй броньдау

Броньдау

Қала Қонақтар
Келу күні