Бронь жасауға байланысты сұрақ-жауаптар

VisitKazakhstan.kz порталы арқылы бронь жасау қалай жүзеге асады?
VisitKazakhstan.kz порталы арқылы бронь тікелей броньдау жүйесі арқылы жүзеге асырылады, яғни сіздің тапсырысыңыз қонақ үйдің броньдау бөліміне автоматты түрде, тікелей жіберіледі. Бұдан кейін қонақ үй менеджерлері сізбен хабарласып броньды қабылдайды, немесе сұрақтарыңыз болса, жауап береді.
________________________________________
VisitKazakhstan.kz порталы арқылы бронь жасау қызметі үшін қандай да бір қосымша ақы алынады ма?
Жоқ, қонақ үйлерді, турбағыттарды броньдау үшін портал әкімшілігі ешқандай комиссия немесе басқа да қосымша ақы алмайды. Портал арқылы бронь жасау тікелей броньдау жүйесі арқылы жүзеге асады, сондықтан сіздің тапсырысыңыз броньдау объектісіне тікелей жіберіледі, ал әрбір объектінің броньдау шарттары әр түрлі болуы мүмкін.
________________________________________
Броньдау күнін өзгертейін деп едім, не істеуім керек?
Броньдау күндерін өзгерткіңіз келсе, бізге электронды хат жазып, тақырыбына «Броньдау күндерін өзгерту» деп көрсетіңіз. Бұдан кейін біз қонақ үймен хабарласып, күндерді өзгертуін сұраймыз, артынан сізге хабарын береміз.
________________________________________
Мен VisitKazakhstan.kz порталы арқылы қонақ үй бөлмелеріне бронь жасадым/турбағытына тапсырыс бердім, алайда маған әлі ешкім жауап берген жоқ. Не істеуім керек?
Егер сізге жақын арада ешкім жауап бермей жатса, бронь жасау кезінде сіздің электронды поштаңызға автоматты түрде келетін хаттағы сілтемені пайдаланып, бронь жөнінде тапсырысты қайта жіберуіңізді сұраймыз, немесе бізге (7172)701 499 нөмірі арқылы хабарласуыңызды сұраймыз.

Қонақ үй броньдау

Броньдау

Қала Қонақтар
Келу күні