Ежелгі Тараздан бүгінгі күнге дейін

Рейтинг
7.15

Туристер сәулет өнерінің маржандары Қарахан және Дәуітбек кесенесімен (10 – 13 ғ.ғ), Тектұрмас кесенесімен (15 ғ.), Қали – Жүніс моншасымен, Айша бибі және Бабажы қатын кесенесімен (12ғ.) танысады. Облыстық өлкетану мұражайын аралайды, экспозициялық ауданы 200м. Бұл жерде туристер қаланың пайда болу тарихымен танысады, бай археологиялық қазба үлгілерін тамашалайды (тас бейнелер, балбалдар өте ерекше), осының барлығы қаланың мәдени-экономикалық жағынан жоғары дәрежеде дамығанының айғағы. Туристер көрме залында қазіргі заманғы суретшілердің, мүсіншілердің, қолөнер шеберлерінің шығармаларымен танысады. Ол жұмыстар ұлттық бояуға және туған жерге деген махаббатқа толы. Одан әрі туристер «Евразия» комплексінің мәдени бағдарламасымен және аквапаркпен танысады. Түнгі Тараз қайталанбас сұлулығын тамашалайды.