Шипажайлар

Қала Санат Бөлменің түрі Бағасы

"Жаңақорған" шипажайы 8000 тг. - 17000 тг.
от 8000 тг.
АҚ «Жаңақорған» шипажайы Қызылорда облысы, Жаңақорған кентінің жанында, қарт Қаратау мен ежелгі Сыр өзенінің ортасында, екінші Мекке атанатын тарихи қала Түркістанның іргесінде орналасқан. Өзінің климаттық ерекшелігі мен табиғи емдік- шипалық балшығының арқасында, алыс та жақын шетелдерге танымал байырғы шипажайлардың бірі болып танылады. 1918 жылдан бастап халықтың денсаулығын қалыпқа келтіріп, сонау сұрапыл соғыс жылдары жаралыларды балшығы мен тұзды суымен емдейтін госпиталь қызметін атқарып және кейінгі бейбіт өмірде жүз мыңдаған дем алушыларды сауықтырып зор абыройға кенелуде. Шипажайдың негізгі емдік қоры «Теріскен» көлінің табиғи қара батпағы мен тұзды суы. 1994 жылдан бері шипажай төңірегінен ішкі ағзалар ауруларын емдейтін емдік қасиеті жоғары, құрамы жөнінен Железноводскінің Смирновский суымен сәйкес минералды су табылып, ол ем алушылар тарапынан лайықты бағасын алуда.
Қарау саны: 290171 Рейтинг: 4.16 / 10 Пікірлер
Нәтижелер: 1 - 1 / 1
< Артқа | 1 | Алға >

Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:

Қонақ үй броньдау

Броньдау

Қала Қонақтар
Келу күні