Лисаковск археологиялық кешені

Виртуальный тур

Лисаковск археологиялық кешені едәуір маңызды орындардың бірі болып табылады, бұл жерлерді зерттеу осы өңірлерде біздің заманымызға дейінгі екінші мың жылдықта мекен еткен андроновтықтар деп аталатын - қола дәуіріндегі үндіирандық тайпаларға қатысты тарих құпияларын ашумен тікелей байланысты. Жиырма жылдан астам уақыт аралығындағы қазба жұмыстары кезінде бұл жерлерден жүз елуден астам жер астындағы ғимараттар (тас қоршаулар мен қорғандар), сондай-ақ үлкен мөлшердегі тұрғылықты жерлердің орындары табылды. Андроновтық тайпалардың тіршілігін, тұрмысын және діни наным-сенімдерін айқындай түсетін көптеген олжалар – қыш бұйымдар, алтыннан және қоладан жасалған зергерлік әшекейлер, еңбек құралдары, сондай-ақ киім бөліктерінің ғылымда алатын орны айрықша құнды. Бұл бұйымдардың көпшілігі бүгінгі таңда Лисаковск Жоғарғы Тобылдың тарих және мәдениет мұражайында сақталады.

Пікірлер

Пікірлер жоқ.


Жіберу