Жаманшың метеорлы кратері

Виртуальный тур

Дәл осы жерлерде шамамен миллион жыл бұрын аса үлкен метеорит құлаған. Жарылыс қуаты көптеген ядролық бомбалардың жарылысына тең болған – ол барлық геологиялық шөгінділерді түбегейлі өзгертті. Әдетте жердің бірнеше метр тереңдіктегі қабатында жататын материалдардың жер бетінде ораналасу себебі де осында. Кратердің диаметрі (белесімен қоса) соңғы мәліметтер бойынша шамамен 13 километрді құрайды, ал бүгінгі күнгі тереңдігі 300 метрге тең. Негізінде, Жаманшың – аяқ астынан тасқа айналған ұлулар мен кораллдарды, сонымен қатар шығу тегі жөнінде ғалымдар жүздеген жылдар бойында дауласып келе жатқан қара не қою-жасыл түсті шыны тәріздес тектиттерді кездестіруге болатын өте ерекше жер. Біреулері тектиттер – бұл жарылыс кезінде жер жынысының қайта балқытылған түрі десе, енді біреулер дәл осы заттар комета ядросының құрамдас бөлігі болып табылады деп ойлап, бұл заттардың кенеттен пайда болуымен келіседі. Дегенмен де, тектиттерді жер бетіндегі ең жұмбақ тастар деп санауға болады, себебі химиялық құрамы жағынан олар жердегі және жерден тыс жалпыға мәлім заттардың ешқайсысына ұқсамайды.

Пікірлер

Пікірлер жоқ.


Жіберу