Қайыңды көлі

Виртуальный тур

Қайыңды көлі көшкін жылжығанның нәтижесінде бір ғасыр астам бұрын пайда болған. Алматыдан шығысқа қарай 280 шақырым жерде қарағайлы мен жапырақты ормандармен жабылған Күнгей Алатауында орналасқан. Жолаушының көз алдында біршама сюрреалистік көрініс тұрады: суға батқан кемелерге ұқсас Тянь-Шань шыршаларының діңгектері тура судың ішінен 15 метрге дейін көтерілгендей. Алайда, суға түсем дегендерді өзгеше көрініс күтуде: олардың көз алдарына желдің самалымен есілген су бетінде шағылып, күн сәулесінен тараған кемпірқосақтың барлық түстерімен ойнақтаған саз балшықпен басылған ағаштар діңгектері көрінеді. Берілген мәлімет әзірленіп жатқан уақытта, яғни 2010 жылдың маусым айында Қайыңды көлі сел тасқынымен шайылып кетті. Көлдің бүгінгі күндегі деңгейі 10 метрге төмендеген, ал судан өсіп тұратын шыршалы пейзажы енді қалпына келмес. Бұл орынға апаратын жол да бүлінген.

Пікірлер

Пікірлер жоқ.


Жіберу