"Іле-Алатау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі

Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі 1996 жылы 22 ақпанда Қазақстан республикасы , Парк Солтүсткі Тяньшань физика-географиялық провинциясының құрамына кіретін Іле-Алатау жотасының солтүстік беткейінде орналасқан және 200 мың гектардай жерді алып жатыр.Іле-Алатау мемлекеттік-ұлттық табиғи паркі өзінің қайталанбас көркемдігімен, мәңгі мұз басқан шындары, биік таулары, көк- жасыл ормандары, альпі шалғындарымен ерекшеленеді. Биік таулары белдеу теңіз деңгейінен 3000 метрден аса биіктікте жатыр.Орташа тау рельефі теңіз деңгейінен 1700 м-ден 3000 м-ге дейінгі биіктікте. Климаты қоңыржай жылы, жауын-шашыны мол күз-көктем-жаз. Төменгі тау айағындағы жаз ұзақ және ыстық. Парк аумағында көлемдері әртүрлі көлдер бар. Шығу тегіне қарай олар мұздық, мореналық,- бөген және опырылу-тектоникалық болып бөлінеді. Парк аумағында республикалық маңыздағы 15 табиғат ескерткіштрі бар. Олардың арасынан ең тартымдысы – Шынтүрген мүкті шыршы орманын атап кеткен жөн.Парктің тарихи-мәдени мұра ескерткештерінің арасында археологиялық объектілер , петроглифтер, ғибадат жасайтын нысандар жиі кездеседі. Экологиялық туризмнің ландшафтан басқа ең негізін аса бай жануар және өсімдік әлемі құрайды

Бұл көрнекті орын үшін виртуалды саяхат жоқ

Пікірлер

Пікірлер жоқ.


Жіберу