Катон-Қарағай ұлттық табиғи паркі

Катон-Қарағай ұлттық паркінің аумағы Алтай-Саян экоауданының Қазақстандың бөлігіне кіреді. Бұл - Қазақстандағы ең үлкен ұлттық парк.
Бұл жерде флора мен фаунаның алуан түрлері шоғырланған, және Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген түрлер сақталған. Алдын ала алынған мәліметтерге қарағанда, парк аумағында тамырлы өсімдіктердің мыңнан аса түрі өседі. Олардың ішінде 30 түрі Қызы5л кітапқа енгізілген.

Парктің басты игілігі болып табылатын орман парк аумағының 34% алып жатыр, және негізінен қылқан жапырақтылардан тұрады, мысалы шырша, балқарағай, сағызқарағай, самырсын, қайың, көктерек, бұталардың көптеген түрлері.

Фауналық құрамына омыртқалы жануарлардың 363 түрі кіреді: сүйекті балықтар (6), қосмекенділер (2), бауырымен жорғалаушылар (6), құстар (284), сүтқоректілер (65). Олардың біразы Қызыл кітапқа енгізілген.

Қорғаудың құқықтық режімі бойынша парк аумағы келесі зоналар мен кіші зоналарға бөлінген: қорық режімі зонасы 1 512,4 кв.км (23,5 %); қорықша режімі зонасы — 4 922,4 кв.км (76,5 %). Кіші зоналар: рекреациялық пайдаланыстағы аумақ; шектелген шаруашылық қызмет; әкімшілік-шаруашылық қызмет; келушілер мен туристерге қызмет көрсету. Соңғы екі кіші зона парк құрамына кірмейтін елді-мекендердің аумағында орналасқан.

Бұл көрнекті орын үшін виртуалды саяхат жоқ

Пікірлер

Пікірлер жоқ.


Жіберу