Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармония

Облыстық филармония 1966 жылы құрылды. Филармония жанында Дәулеткерей атындағы ұлттық аспаптар оркестрі, эстрадалық ұжым, «Орал сазы» фольклорлық ансамблі, «Назерке» би ұжымы, «Классика» камералық ансамблі, арасында Қазақстанның еңбек сіңірген артистері Қ.Қожақов, С.Таудаева, Ж.Рахимова еңбек сіңіңрген мәдениет қайраткері Е.Қазиев бар квинтет, басқа да әр түрлі республикалық және облыстық конкурстардың лауреаттары жұмыс істейді. Бүгін де филармония өз артистерінің жетістіктерін мақтан тұтады, мысалға «Орал сазы» фольклорлік ансамблі Халықаралық «Ялта-2003» конкурсының лауреаты болып табылады.
«Назерке» би ансамблі Ш.Жиенқұлова атындағы Республикалық конкурстың Лауреаты болып табылады. «Классика» камералық ансамблі 2006 жылдың сәуірінде Мәскеу қаласында өткен «Қазіргі заманғы өнер мен білім беру» атты Халықаралық конкурс-фестивалінің дипломанты атағын иеленді.

 

Бұл көрнекті орын үшін виртуалды саяхат жоқ

Пікірлер

Пікірлер жоқ.


Жіберу