Қазақстан орталық Мемлекеттік музейі

      Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік музейі - Орталық Азиядағы байырғы, әрі ең ірі музейлердің бірі. Оның іргетасы 1831 жылы Орынборда Неплюев кадет корпусында Губернатор, Граф Сухтелевтың бастамасымен қаланды. Музейдің кейінгі дамуына жазушы және этнограф-зерттеуші В.И.Даль еңбек сіңірді, бірегей колекцияларды жинақтауға үлкен күш жұмсады. 1920 жылдары музей қорына тағы да 2 музей, Жетісу казактарының әскери және Республикалық атеизм музейлері біріктірілді.

 

     Музей 1929 жылы Аламаты қаласына көшіп Вознесенск кафедралды соборының ғимаратына орналасты. Сол кезде оған Жетісу облыстық музейінің колекциялары қосылды.


     1985 жылдан бастап музей Ю.Ратушный, Мустафина және Б.Рзагалиевтің арнайы жобасымен салынған, жалпы аумағы 17557 шаршы метр болатын жаңа ғимаратқа көшірілді.


     ҚР ОММ колекцияларында сан ғасырлардың айғақтары мен ескерткіштері қамтылған. Мұндағы сақтаулы экспонаттардың жалпы саны 215972 бірлікті құрайды (оның ішінде негізхгі фондта 176 565) экспозицияға (көрмеге) 4383 зат қойылған.


     Ежелгі заманнан бастап бүгінге дейінгі Қазақстан тарихы мен мәдениетінен мәлімет беретін 4 экспозициялық зал (палеонтологи және археология, этнография, Қазақстандағы диаспоралар мәдениеті және соғыс жылдарындағы Қазақстан (1941-1945 жж.), Егемен Қазақстан) жұмыс істейді. Музейде түрлі тақырыптағы көрмелер, музейлік дәрістер, фестивальдар бас қосулар ұдайы өткізіліп тұрады.  


 

Бұл көрнекті орын үшін виртуалды саяхат жоқ

Пікірлер

25.09.2012, 20:09
А
основатель граф Сухтелен
24.09.2011, 00:50
ayanbek
рефераттар барма осы алматы қаласының музейі туралы


Жіберу