«Абылай хан резиденциясы» мұражай кешені

Абылай (Әбілмансұр) Қазақ ордасының ханы – қазақ мемлекеттігінің тарихындағы ұлы мемлекет қайраткері. Абылай ханның арғы ата тегі Шыңғысханның ұлы, Жошы ханның ұрпағы ,әйгілі Қазақ ордасының негізін қалаушы Әз Жәнібектен шыққан. Ол ақылды саясаткер, сауатты дипломат, талантты қолбасшы болды. 1771 жылы Түркістан қаласында үш жүздің хандары, сұлтандары, батырлары бір хандықтың астына бірігіп Абылайды Қазақ хандығының ханы етіп көтерді.
Абылай ханның сұрауымен және патша үкіметінің рұқсатымен Әулие Петрдің бекінісіне келу үшін 1765 жылы Яңғыстау тауында Есіл өзенімен жоғары ағаш үй салынды. Үй және оның айналасындағы жер мекендеу ғана үшін емес сонымен қатар дау-жанжалды шешетін жерге арналды. Бұл үйдің тұрғын орны туралы әртүрлі пікірлер бар. Шамаммен ол бекіністен төрт шақырым жерде Есіл өзенінің жоғары жағында тау етегінде ( жердің төменірек жері туралы айтылады) орналасқан деп айтылады, кейін қаланың сыртында болып шыққан. Бір жағынан бекіністен 15 шақырымнан астам жерде Ресей империясының бөгде адамдарына жер үзілді-кесілді берілмегені белгілі. Кейінірек,аңыз бойынша үй сол кезде жиі болатын өрттен күйіп кеткен дейді, ал оның орнына тастан үй салынған (Поляков диірменінің ғимараты) Ел аузынан түспейтін аңыз бойынша патша үкіметінің бекітуімен 1821 жылы Орта жүздің ханы - Абылай ханның ұлы Уәли хан болғаннан кейін Петропавлдың жоғары форштадында екі қабатты тас үй салынды. Содан бері Петропавл қаласында Орта жүз ханының қысқы резиденциясы болды. Өлкетанушылардың айтулары бойынша Абылайдың резиденциясы таудағы бірінші құрылыс болған.
21.08.2008 ж. резиденция Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен ашылды. Кешен құрамына Абылай ханның үйі, Абылай ханның кеңсесі, келушілерге арналған үй және монша кіреді.
 

Бұл көрнекті орын үшін виртуалды саяхат жоқ

Пікірлер

Пікірлер жоқ.


Жіберу