Мемлекеттік Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайы

Cәтбаев к-сі, 30а
тел.: 247-82-49

 

Мемлекеттік Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайының құрылғанына 2005 жылы 70 жыл толды. Мемлекеттік  Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайы құрылғаннан бері - еліміздегі өнер саласындағы белгілі ғылыми-зерттеу мен мәдени-ағарту орталығы болып саналады. Мұражайдағы бай және алуан түрлі жинақтар Қазақстан, Еуропа, Ресей, Шығыс және басқа да елдерінің көркемөнер мәдениеті туралы айқын түсінік бере отырып, бұрынғы және қазіргі кездегі шеберлер шығармашылығымен таныстыра алады.

 

Бүгінгі таңда мұражай қорында 22 000-нан аса экспонаттар жинақталған. Әлемдік және ұлттық мәдени құндылықтарымыз мұражайдың 14 залына іріктелініп қойылған.

 

Халқымыздың ұлттық мұрасы болып табылатын сәндік-қолтанбалы өнері қазақ халқының ғасырлар бойы жинақталып ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық дәстүрлі қолөнерімен, даму сатысымен таныстырады. Бұл қойылымда көшпелілер мәдениетін барынша сипаттап көрсететін қолөнер кәсібінің көптеген түрлері: кестелеу, тоқыма бұйымдары, ағаштан және сүйектен өңдеп жасаған заттар, түскиіздің түрлері, аттың ер-тұрмандары, зергерлік бұйымдары ерекше көзге түседі.

 

"Қазақсатн бейнелеу өнері" залында республикамызда ұлттық бейнелеу өнері мектебінің қалыптасуына үлкен үлес қосқан Ә.Қастеев, И.Исмаилов, А. Черкасский, Л. Леонтьев, К. Тельжанов, А. Галимбаева, С. Мәмбеев, Х. Наурзбаев, А. Айтбаев, А. Садыханов, Е. Мергенов, Т. Тоғысбаев сияқты суретшілердің туындылары қойылған.

 

"Кеңес Одағы кезеңіндегі өнер" залындағы туындылар әртүрлі үлгіде жазылған және стилистік бағыты - социалистік шындықтан абстрактілі полотноға дейін баяндалған. Оның атақты қылқалам шеберлері: П. Филонов, П. Кузнецов, К. Редько, О. Розанова, С. Сарьян, У. Тансықбаев, С. Коненков, М. Асламазян, Г. Айтиевтардың туындылары ерекше назар аудартады.

 

Ал орыс өнері қойылымында ХІІІ-ХХ ғасырларда жасалынған, ежелгі орыс өнерінің кейінгі, соңғы кезеңіне жататын еңбектерімен таныса аламыз. Орыс өнері жинағында Ф. Рокотова, Д.Левицкий, К.Брюллов, И.Репин, И.Крамскийдің туындылары ұсынылады.

 

Мұражайда Батыс еуропа елдерінің тамаша қойылымдарымен де танысуға болдады. Экспозицияда ХVІ-ХІХ ғасырдағы Италия, Фламандия, Голландия, Германия. Франция елдерінде көркемсурет мектептерін ұйымдастырушы өнер шеберлерініңи туындылары жинақталған. Атап кетер болсақ: Камбиазо, Саверея, Дюге, Остаде, Коро, Добиньи, Гудона, Куазево сияқты атақты қылқалам шеберлері.

 

Шығыс халықтарының қолтанбалы өнер қоры Қытай, Жапон, Үндістан, Корей елдерінің, сондай-ақ дүнген, ұйғыр, тибет халықтарының қолөнер бұйымдарынан жинақталған. Олар қола, тас, ағаш, фарфор, лакталған, эмальмен сыланған, кестеленген бұйымдардан құралады.

 

Мемлекеттік Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайының ғылыми қызметкерлері қор жинауда, талдауда, экспонаттарды ғылыми өңдеу, сақтау, қайта жаңғырту ісінде мол тәжірбилерді жүзеге асыруда.

 

Қазіргі кезде мұражай жаңа мәдени бастамалардың орталығына айналып отыр. Өнер мұражайының кең де, жан-жақты қарым-қатынастарының негізінде жүріп жатқан жұмыстары, өзінің тұрақты қойылымдары мен уақытша көрмелері жүйелі түрде өткізіліп тұрады. Қазақстан шеберлерінің еңбектерінен, жақын және алыс шетел суретшілерінің шығармаларынан ұйымдастырылатын көрмелер, жеке жинақшылардың көрмелері, жыл сайын өткізілетін галереялар парады өнер сүйер қауымынң қызығушылығын күннен-күнге арттыра түсуде.

Бұл көрнекті орын үшін виртуалды саяхат жоқ

Пікірлер

Пікірлер жоқ.


Жіберу