С. Сейфуллин ескерткіші

Астананың ескі орталығында әдемі бір ескерткіш бар. Классикалық костюмдегі зиялы, көркем жүзді адам орындықта отыр, пальтосы орындықтың арқалығында... Замандастары оны есіне осылай сақтады, зұлым НКВД жазалау машинасының астына түскенге дейін ол осындай болатын.

Сәкен Сейфуллин (1894-1938) - еліміздің мәдениет және қоғамдық тарихындағы жарқын бейнелердің бірі. Ол - ақын, прозашы, драматург, публицист, сыншы, әдебиеттанушы, композитор, педагог, қоғамдық қайраткер. Осы алып тұлға өзінен кейін қандай бай мұра қалдыра алар еді. Бірақ бұны бұйырмапты. Ақын әрі жазушы 1937 жылғы репрессияның құрбаны болды. Шығармашылық күшінің ең гүлденген уақытында өмірі үзілді.

Ескерткіш материалы - қола, негізі - гранит. Жоба авторы танымал мүсінші - Баярлин А.Х. Тапсырыс беруші - облыстық мәдениет басқармасы. Ескерткіш 1994 жылдың 14 қазанында, ақынның 100-жылдығына орай ашылды.

Бұл көрнекті орын үшін виртуалды саяхат жоқ

Пікірлер

Пікірлер жоқ.


Жіберу