Көрнекті орындар

Қазқонақ табиғи ескерткіші Қазқонақ табиғи ескерткіші

“Қазқонақ” неоген кезеңінің бай жануарлар әлемінің Палеонтологиялық орнының ашылуы (25 – 2 млн. жыл) Павлодар Ертіс өңіріне бұрынғы Кеңес Үкіметінің палеозоологтарын Павлодар Ертіс өңіріне әкелді. Өкінішке орай, барлық табылған палеомәлімет ғалымдармен әкетілетін болды, себебі біріншіден, сол уақытта Павлодарда өлкетану мұражайы болған жоқ, екіншіден, палеонтологиялық қалдықтардың зерттеліп, сақталуын қамтамасыз ететін ғылыми мекеме болған жоқ. Қазіргі кезде қазба кешенін әзірлеумен, ескерткіш орнында саябақ кешенін (ашық аспан астындағы мұражай) әзірлеу бойынша белсенді жұмыстар жүргізіліп жатыр, мұнда кез келген адам ертедегі жануарлар сүйектерінің қазба жұмыстарын байқай алады, сонымен қатар ерте кезеңдегі негізгі жануарлар түрлері жасалатын скульптуралық галерея жұмысына қатыса алады.

Пікірлер (0) Қарау саны: 63815

Одан әрі оқу Виртуальный тур
Мәшһүр атындағы архитектуралық мешіт ғимараты Мәшһүр атындағы архитектуралық мешіт ғимараты

Қаланың бас мешіті қаланың барлық жақтарынан жақсы көрінеді. Шаңырақ түріндегі көгілдір түсті күмбез алтын жарты айды қиып тұр, аспанға ұмтылған көгілдір мұнаралар мен зор баспалдақтар – жаңа мешітті ерекшелендіреді.

Пікірлер (1) Қарау саны: 23581

Одан әрі оқу
Сұлтанмахмұт Торайғыров ақынға ескерткіш Сұлтанмахмұт Торайғыров ақынға ескерткіш

Ак.Сәтпаев көшесінің бойында С. Торайғыровқа ескерткіш орнатылған. Сұлтанмахмұт Торайғыров қазақтың ақын-демократы, Баянауыл ауданының тумасы. Өзінің қысқа ғұмырында ол қазақ әдебиетіне жарқын із қалдырды.

Пікірлер (0) Қарау саны: 31848

Одан әрі оқу
Благовещенка кафедралды соборы Благовещенка кафедралды соборы

Қазіргі кездегі архитектуралық ғимараттардың ішіндегі Благовещенка кафедралды соборы өзінің мөлшерімен таң қалдырады. Собор 1999 жылы салынған. Павлодарлық архитекторлар негіз ретінде Мәскеу Кремлі соборларының бірін алды.

Пікірлер (0) Қарау саны: 18891

Одан әрі оқу
Достық үйі Достық үйі

2008 жылғы қазанда Павлодарда Павлодар облысының Қазақстан халықтар Ассамблеясының қалыптасқан этномәдени орталықтарының көптен күткен Достық үйі ашылды. Оның ашылуына Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысты. «Біз үшін достық – бос сөз емес» - деді ол бұл күні. – Біз көп ұлтты мемлекетте тұрамыз. Тек Павлодар облысында ғана жүзден астам ұлт өкілдері тұрады. Біздің елде мектептер көптеген тілдерді, БАҚ – он бір, театрлар – алты тілде жұмыс істейді. Бізде 4500 ұлттық-мәдени орталықтар бар. Осының барлығы, бірігіп, Конституцияда Қазақстан халқы деп аталатын күшті құрайды».

Пікірлер (0) Қарау саны: 32722

Одан әрі оқу
Нәтижелер: 1 - 5 / 5
< Артқа | 1 | Алға >

Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:

Қонақ үй броньдау

Броньдау

Қала Қонақтар
Келу күні