«Блэйз» үлгілі эстрадалық би студиясы жеңіспен оралды

     «Festival de danza de Cataluña» (Каталониядағы би фестивалі) – бұл мәдени оқиға, бұнда Испания, Ресей, Қазақстан, Португалия, Израил мемлекеттерінің хореографиялық ұжымдары өз шығармашылығын ортаға салады. Фестивальдің басты мақсаты - балалар мен жастар шығармашылығы саласында халықаралық байланысты орнату, шығармашылықты дамыту және қолдау, тәжірибе мен шығармашылық жетістіктерін алмастыру болып табылады. «Блэйз» үлгілі эстрадалық би студиясының өнерпаздары өз өнерлерін көрсетіп, «Фламенко» мектеп директорының шеберлік-класында болды және кәсіби ұжымдардың өнерін тамашалады. Қазылар алқасының құрамына Испания, Франция, Шығыс Еуропа елдері мен Азияның мәдениет қайраткерлері кірді.

Пікірлер

Пікірлер жоқ.


Жіберу

Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:

Қонақ үй броньдау

Броньдау

Қала Қонақтар
Келу күні