Ақмола облысы туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы алқасының отырысы

2011 жылдың 11 ақпанында күн тәртібіне «2010 жыл ішінде Ақмола облысында туризмді дамыту қорытындылары туралы» мәселенің енгізілуімен Ақмола облысы туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы алқасының отырысы өткізілді.
Отырысқа туризм мәселелеріне жетекшілік ететін облыс аудандары мен қалалары әкімдіктерінің лауазымды адамдары, туристік қоғамдастықтың өкілдері (ұлттық табиғи парктер, туристік фирмалар, туристік кадрларды даярлайтын оқу орындары) шақырылды. Негізінен жоғарыда аталған тақырып бойынша негізгі баяндамасымен Ш.Б. Батырханов – басқарма бастығының орынбасары сөз сөйледі. Күн тәртібіндегі мәселені талқылауға А.К. Қоқышев – «Көкшетау» МҰТП бас директорының орынбасары, Т.К. Ыбыраев – Ақмола облысының тарихи-мәдени мұрасын қорғау және пайдалану орталығының директоры, Е.С. Ефремов – Білім басқармасы Балалар мен жасөспірімдер туризмі, өлкетану және экология орталығы директорының орынбасары, Н.Н. Серіков – туризм және демалыс индустриясы ассоциациясының атқарушы директоры, «Круиз» ЖШС-нің директоры, А.Ш. Нұрғалиева – «Көкше» академиясының кафедра меңгерушісі және т.б. қатысты.
Баяндама бойынша ақпарат назарға алынды. Мәселені талқылау қорытындылары бойынша алқа қаулысы қабылданды, онда өңірдегі туризмді бұдан әрі дамыту жөніндегі проблемалық мәселелердің шешімін айқындайтын іс-шаралар белгіленді. Туризмді дамыту мәселелері жөніндегі алқа шешімінің жобасына келесі ұсыныстар енгізілді:
Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы (Батырханов Ш.Б.) аудан және қала әкімдіктерімен бірлесіп:
- Ақмола облысында туристік кластерді құрудың және дамытудың 2009- 2011 жылдарға арналған шебер-жоспарын бұдан әрі іске асыру тиімділігін арттырсын;
- аудан және қала әкімдіктеріне, мәслихаттарына өңірлердегі туризмді сәйкесінше қаржылық қолдаумен дамыту жөніндегі шебер-жоспарын әзірлеуде қолдау көрсету;
- өңірлердің сырттан келетін және ішкі туризмін дамытудың туристік қызметтерінің және перспективалы бағыттарының баламалық нарықтарына үнемі мониторинг жүргізу;
- туристік сала субъектілеріне туризм саласында қаржы салуда және өзекті жобаларды іске асыруда қолдау көрсету жұмысын мақсатқа сай жүргізу;
- Қазақстан Республикасының туристік индустриясының перспективалы бағыттарын дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасының аясында өткізілетін халықаралық жәрмеңкелерге, көрмелерге қатысу жолымен өңірлерге туристік қызметтерді бұдан әрі ілгерілету, туристік ағымды тарту, кеңейту бойынша шаралар қабылдансын;
- туристік инфрақұрылымның барлық нысандары бойынша, сондай-ақ өңірдегі туристік кадрларды есепке алу және нығайту бойынша деректер қорын жетілдірсін. Статистика және салық қызметтері органдарымен бірлесіп, туристік сала субъектілері бойынша есептіліктің мерзімділігі мен толықтығын сәйкесінше келтірсін және қамтамасыз етсін.
Жоғарыда аталған шаралар мен ұсыныстарды іске асыру үшін алқа қаулысымен оларды орындау мерзімдері белгіленді.
Өңірлердің рейтингтік бағасының қорытындылары және 2010 жылы туристік әлеуетті белсенді пайдаланатын үздік өңір номинациясындағы облыстық конкурс нәтижелері бойынша Бурабай, Зеренді, Сандықтау және Қорғалжын аудандары және «Бурабай» МҰТП танылды, оларға арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.
 

Пікірлер

Пікірлер жоқ.


Жіберу

Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:

Қонақ үй броньдау

Броньдау

Қала Қонақтар
Келу күні