Жаңалықтар
2012-05-03 | Қыр жақта қырғауыл құрқылдайды
Танымал кәсіпкер Сағат ТҮГЕЛБАЕВТЫҢ «Мекен» шаруа қожалығының базасында аңшылық құруға арналған демалыс орны ашылды.
2012-05-02 | Студент те күкірт қамын ойлап жүр
Студент-мұнайшы Әнуарбек ТАДЖИЯКОВ Теңіз кенішінде күкіртті сақтаудың өзіндік әдісін жасақтады және оны Атырауда өткен аймақтық мұнай-газ технологиялық конференциясында таныстырды.
2012-04-13 | Әуен елдерді біріктіреді
Қазақстан Республикасының Израильдегі Елшілігінің шақыруымен Н.Жантурин атындағы облыстық филармонияның әртістері Тель-Авив қаласында өткен екі мемлекет арасындағы дипломатиялық қатынастың қалыптасқанына 20 жыл толуына орай дәстүрлі халықаралық әуен фестиваліне қатысты.
«Мұрагер» фольклорлық ансамблі Қазақстанда танымал ұйым болғандықтан, арнайы шақырылды. Талантты музыкант Ержан Китаров жетекшілейтін ұйым, «Мұрагер» фольклорлық ансамблі бірнеше республикалық және халықаралық конкурстардын лауреаты. Бұл ұйым соңғы жылдары әртүрлі халықаралық музыка фестивальдеріне белсенді қатысып келеді.
2012-04-09 | Жоңышқа – жұғымды азық
Жоңышқа өсіретін шаруаларды жергілікті бюджеттен субсидиялау 5 есеге дейін өсті. Бұл туралы «АЖ» газетіне облыстық ауылшаруашылық басқармасы бастығының орынбасары Серік СӘРСЕКЕНОВ хабарлады.
Бұрын жоңышқаны өсіру үшін бір гектарға 9 мың теңгеден төленіп келді. Үстіміздегі жылы бұл субсидияның көлемі 45 мың теңгеге дейін өсті. Оған қоса жергілікті бюджет суаруға кететін шаруаның шығынын да өз мойынына алып отыр.
2012-03-30 | «Бейбарыс» финалда
Кеше, 29 наурызда Теміртау қаласында жергілікті «Арыстан» хоккей командасы атыраулық «Бейбарыс» командасын қарсы алды.Жалпы уақытта ойын 3:3 есебімен аяқталды. Овертаймның соңғы уақыттарында Паньшин Михаил қарсыластарына шешуші шайба соқты.
2012-03-28 | Ата үйрекке қауіп төнді
19 наурызда облыстық орман және аңшылық шаруашылығы инспекциясының бастығы Марат ӘБДІРАХМАН ата үйректерге көктемгі аңшылық маусымының осы жылдың наурыз айының 27-нен 7 сәуірге дейін ашылғандығы туралы бұйрыққа қол қойды.
2012-03-27 | «Алтын сақа-2012»
Биылғы қатысушылар құрамы жаңаша деуге болады. Жүзі таныстардан тек Нұржан мен Мадияр ғана бар. Шамасы, көбінің жасы 13-тен асып кеткен де болар. Ойынға бірінші рет қатысқандар көп болды.
2012-03-15 | Атырау облысының туристік картасы
Облысымызда ішкі туризмді дамыту үлкен мәселелердің бірі болып саналады. Осыған байланысты алғашқы рет Атырау облысының туристік картасы жасақталды.
2012-03-13 | Зергерлер жолымен
Өткен аптада жергілікті өнер зиялылары, алдағы уақытта «Жорғабіз» этно-мәдени экспедициясы жоспарланғанын хабарлады. Осы шараға байланысты кездесуде ақын Жылқышиев Қойшығұл, күйші Үлкенбайұлы Нариман, «Хан ордалы Сарайшық» тарихи-мемориалды кешенінің директоры Бердімұратов Молдаш, өнертанушы Бермағамбетов Нұрлан, «Қазақ тілі» халықаралық қоғамының Атыраудағы филиалының төрағасы Тулеушов Әбілхан және «Ақ желкен» шығармашылық орталығының директоры Даулетов Нұрберген белсенділік көрсетті.
2012-03-11 | Таэквондошыларымыз үшінші орында
Алматыда Қарасай батырдың еске алу құрметіне таэквондодан WTF түрінен VII республикалық жарыс өтті. Біздің облыстың құрама командасы жарыс жүргізудің өте жақсы тактикасын, сауатты тәсілдерді, жылдам реакцияны, бәсекелесті сезіп білуді көрсетті, сонымен әсер ететін нәтижелерге жетті.




