Жаңалықтар

Апта басында Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрында «Ақтөбе ханымы — 2011» байқауының финалы өтті. Ақтөбе облысының әкімі жанындағы әйелдер ісі, отбасы-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның «Сезон» журналымен бірлесіп ұйымдастырған байқауына 25-50 жастағы ханымдар балаларымен бірге келіп қатысты. Байқауды ұйымдастыруға облыстық білім, мәдениет, спорт және туризм, денсаулық сақтау басқармалары, қала әкімдігі, «Шамшырақ-Ақтөбе» ЖШС, «АқтөбеСтройЭкспорт» ЖШС, «Мега-Ақтөбе» орталығы, «AVON» косметикалық фирмасы, т.б. қолдау көрсетті. Жалпы, ханымдар сайысы әлемдік деңгейде қырық жылдан бері ұйымдастырылады екен, оған 80-нен астам ел қатысады деседі. Қазақстан атынан тұңғыш рет «Әлем байқауына» тележүргізуші Динара Сәтжан қатысты. Былтыр «Қазақстан ханымы» атанған тележүргізуші, біздің жерлесіміз Гүлнәз Әлімгерей биыл әлемдік деңгейдегі сайысқа қатысатын болады. Ал ел аймақтарында өткен байқаулардан жеңімпаз атанғандар қыркүйекте өтетін республикалық, одан әрі келесі жылғы әлемдік байқауға жолдама алатын болады. Салтанатты кешті ашқан облыс әкімінің орынбасары, облыс әкімі жанындағы әйелдер ісі, отбасы-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның төрайымы Сара Нұрқатова қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жыл сайын 31 мамырда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алып, жазықсыз жапа шеккендердің аруағына құран бағышталады. Биыл да Түйетөбенің басына көп адам жиналды. Шараға облыс және қала басшылары, облыстық сот, ҰҚК Ақтөбе облысы бойынша департаменті, облыстық ішкі істер департаменті, қуғынға ұшыраған азаматтардың ұрпақтары, ардагерлер, еңбек ұжымдары мен қоғамдық және саяси бірлестіктердің өкілдері қатысты. Саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіш жанындағы шара қаза болғандардың аруағына құран бағыштаудан басталды. Облыстық «Нұр ғасыр» мешітінің наиб-имамы Сансызбай Шоқанов құран бағыштап, Свято-Никольский храмының шырақшысы Николай әкей еске алу дұғасын оқыды. Кейін гүл шоқтарын қою рәсімімен жалғасты. Облыс әкімінің орынбасары С.Нұрқатова, облыстық мәслихат хатшысы Б.Ордабаев, Ақтөбе қаласының әкімі А.Мұхамбетов бастаған топ кезекпен ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар, жоғарғы және арнаулы оқу орындарының басшылары да жазықсыз жапа шеккендердің рухына тағзым етті.
Қоныс» спорт сарайында «ITFA-2011. Туризм. Саяхат. Спорт» IX халықаралық туристік көрмесі және III «Шеберлер ауылы» қолөнер шеберлерінің республикалық фестивалі өтті. Ашылу салтанатында облыс әкімінің орынбасары Сара Нұрқатова Ақтөбе облысының туристік мүмкіндігін, қолайлы географиялық жағдайын және облыс аумағында Қазақстанда ерекше қорғауға алынған нысандар тізіміне кіретін табиғи ескерткіштер көптігін, Батыс Қазақстан аймағындағы ірі өнеркәсіптік және іскерлік орталықтардың бірі екенін атап өтті. «Нұр Отан» ХДП Ақтөбе филиалының төрағасы Балғали Ордабаев қатысушыларға сәттілік тіледі. Аталмыш көрме Туризм және спорт министрлігінің іс-шаралар күнтізбесіне еніп, бұл жолы да облыстың туристік кластері ретінде ұсынылды.
Облыстық әкімдіктің мәжіліс залында облыстың мақтанарлық әлеуеті — халықаралық, республикалық олимпиада, ғылыми жарыстардың жеңімпаз оқушыларын марапаттау жиыны өтті. Облыстық білім басқармасының бастығы Айгүл Арынғазиева облыс оқушыларының құрама командасы Қостанай қаласында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадада ІІІ орынға ие болғанын, дарынды оқушылардың шетелде де ел Туын биік ұстап желбіретіп жүргенін атап өтті. Одан соң жүлдегерлерге дипломдар мен гүлдерді табыстап, естелік суретке түсті.
Кеше облыс әкімі Елеусін Сағындықов пен Ақтөбе қаласының әкімі Архимед Мұхамбетов, ауыл шаруашылығы саласының бірқатар басшылары «Изет Грин хаус» ЖШС жылыжай кешеніне барып, жасалып жатқан жұмыстармен, Ақтөбенің азық-түлік белдеуін қалыптастыруға ықпал ететін жаңа жобалармен танысты. Сәуір айынан бергі аралықта жылыжайдың алғашқы өнімі — қызанақтың 119 тоннасы шығарылған. Олар жергілікті сауда нүктелерінде қалыпты бағамен сатылып жатыр. «Изет Грин хаус» ЖШС директоры Мәлік Құсайыновтың айтуынша, жылыжай жылына 1500 тонна қызанақ береді. Бұл жергілікті азық-түлік рыногындағы аталған көкөніс түрінің бағасының арзан болуына септігін тигізіп отыр.
Бүгін — халықаралық медбикелер күні. Бұл күн медбике кәсібінің негізін қалаушы ұлыбританиялық медбике Флоренс Найтингейлді еске алу мақсатында бекітілген. Бұл айқара бет денсаулық сақтау жүйесінің негізін құрайтын, дәрігерлердің көзге аса түсе қоймайтын көмекшілері, медбикелерге арналып отыр. Мерекелеріңіз құтты болсын, медбикелер! Мың баланың кіндік шешесі
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша басқармасының ұйымдастыруымен облыстағы жас мемлекеттік қызметшілерге арналған семинар-кеңес өтті. Жиынға бірқатар қалалық және аудандық мемлекеттік мекемелерде жұмыс жасайтын жас мамандар шақыртылды. Қалалық әкімдікте өткен семинар-кеңесте ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша басқармасының бастығы Нұрлан Сүйінбаев жиналғандарға «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанатының бастамасымен облыста белсенді жас мемлекеттік қызметшілерден құралған «Жас толқын» жастар клубының ашылғаны жайында сөз етті.
Ақтөбеде шағын және орта бизнесті дамыту, оның көрсеткіштерін жақсарту және кәсіпкерлік қызметтен салықты толық жинауды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстар үздіксіз жалғасып келеді. Ақпан-сәуір айларында қалалық әкімдікте жергілікті базарлар мен сауда үйлерінің басшыларының қатысуымен өткен бірқатар мәжіліс осы мәселелерге арналды. Басқосуларда қала әкімі Архимед Мұхамбетов қала бойынша салық басқармасы басшыларының алдына осы саланы тәртіпке келтіру міндетін қойып, базарлар мен сауда үйлерінің басшыларына шағын және орта бизнес нысандарын есепке алу жұмысын жүргізудегі жауапкершіліктері туралы ескерткен болатын.
Халқымыздың ардақты азаматы, қоғам және мемлекет қайраткері, ағартушы ғалым, ұстаз Мұхтар Ғалиұлы Арын есімі Ақтөбе жұртшылығына етене жақын есім. Әсіресе, орта, алдыңғы буын өкілдері Ақтөбе өңірі тарихын, Тәуелсіздік жылнамасының алғашқы кезеңдерін осы өресі биік ерен тұлғаның өмірі мен қызметінсіз көз алдына елестете алмайды. Тарихтың жасаушысы халық десек те, сол халықтың алдыңғы шебінде дер мезгілінде атойлайтын біліктісі мен білектісінің табылуы да артық айғақты қажет етпейтін бұлтартпас ақиқат. Биыл мамырдың 20-ында М.Арын сынды осындай тағылымды тұлға, біртуар азаматтың туғанына 75 жыл толғалы отыр. Ақтөбе педагогикалық институтының өркендеп дамуына өлшеусіз үлес қосып, артында талай ұрпақ зердесінде өшпестей із қалдыра білген ұлағатты тұлғаның мерейлі жасын атап өту дәстүрге айналды. Осыдан бес жыл бұрын Мұхтар Ғалиұлының жетпіс жылдығына арналып өткізілген мерейтойлық шаралар институтымыздың жаңа тарихындағы айтулы оқиғалардың бірі болған-ды. Биыл Мұхтар ағамызды еске алу шаралары мамырдың 13-14 күндеріне белгіленіп отыр. Алғашқы күні айтулы датаға орайластырып тәрбие мен білімнің бүгінгі күнгі көкейкесті мәселелеріне арналған республикалық ғылыми-практикалық конференция өтпекші. Республика жоғары оқу орындарының жетекші ғалым-ұстаздары, мектеп мұғалімдері, білім беру мекемелерінің қызметкерлері профессор М.Арын мұрасын негізге алып, қазіргі кезеңде бүкіл педагогикалық қауымдастықты толғантып отырған мәселелер төңірегінде ой бөліспек.
Бұл көрме Ақтөбе қаласында дәстүрлі түрде тоғызыншы рет өткізіледі. Ақтөбе облысы – айтарлықтай туристік мүмкіншілігі, қолайлы географиялық жағдайы, Қазақстанда ерекше қорғауға алынған нысандар тізіміне кіретін табиғи ескерткіштері бар, Батыс Қазақстандағы ірі өнеркәсіптік және іскерлік орталықтардың бірі. Аталмыш көрме Туризм және Спорт Министрлігінің іс-шаралар күнтізбесіне еніп, маңызды іс-шаралардың бірі ретінде қарастырылады.
Нәтижелер: 1 - 10 / 171
< Артқа | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | Алға >

Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:

Қонақ үй броньдау

Броньдау

Қала Қонақтар
Келу күні