Жаңалықтар

Елбасы Жарлығымен еліміздегі бизнесті дамыту, қолда бар мүмкіндіктерді толықтай іске асы¬ру мақсатында өмірге келген әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар алғашқы жылдары ел аумағындағы жеті аймақ бойынша жұмыс жүргізді. Осы жылдың көктемінде оларда заман талабына сай бөліністер жүзеге асырылды. Соның бірі ретінде бұған дейін Алматы қаласы мен облысы бойынша құрылған «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның Үкімет қаулысымен облысқа және қалаға бөлініп, дербес қызмет етуге көшкендігін айтуға болады. Бүгін осы акционерлік қоғамда Алматы облысының әкімі Серік Үмбетовтің және корпорация таяу жылдарға жоспарлап отырған жобаларды жүзеге асырушылардың өкілдері, банк жетекшілері және тағы басқа мүдделі тұлғалар қатысқан, жобаларды таныстыру рәсімі болып өтті.
Бүкіләлемдік сапа күні – жыл сайын қараша айының екінші бейсенбісі күні аталып өтетін шара, бұл мерекенің бастамшысы - Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) қолдауымен стандарттау және сапа жөніндегі ірі халықаралық ұйым. Бүкіләлемдік сапа күні 1989 жылы бекітілді, аптаны алты жыл өткенде халықаралық сапа ұйымы жариялады, ол қараша айының екінші бейсембісіне түсетін, халықаралық сапа аптасы.
Облыстық әкімдіктің кіші жиынжайында Алматы облысы әкімінің орынбасары Тынышбай Досымбековтің төрағалық етуімен жиын өтті. Жиынның мақсаты – «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы «Ұлттық компаниясы» – акционерлік қоғамынан сатып алынған бидайдан өндірілген ұнмен облыстағы наубайханаларды қамтамасыз ету жұмысын үйлестіру.
Облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы Орта Азия Университетімен бірлесіп Текелі қаласында 2010 жылғы 3 және 5 қараша аралығында өтеді.
Жыл жалғасқан сайын жаңарып, өңірі құрылыс алаңына айналған Қарасай ауданының орталығы Қаскелең қаласы сән-салтанатымен жанарыңды жаулап алатын тағы бір жаңа ғимаратпен толықты. Жуырда қаланың шетіне таман орналасқан аудандық прокуратураның жаңа ғимараты салтанатты жағдайда пайдалануға берілді. Осындай қуанышты сәтті бөлісуге республиканың Бас прокуроры Қайрат Мәми және облыс әкімі Серік Үмбетов арнайы атбасын бұрған еді. Алғашқы сөзді алған Бас прокурор құқық қорғау саласындағы қызметкерлерді құттықтап, осы саладағы игі қызметке тоқталып өтті. Мемлекетіміздегі құқық қорғау саласына жасалып отырған жағдайларды тілге тиек етті. – Соның бірі бүгінгі өздеріңіз көріп отырған қуанышты сәт, – деді ол. – Елбасының басшылығымен жасалып отырған осындай айтулы жұмыстар тек бүгін ғана емес, еліміздің түпкір-түпкірінде қолға алынып отыр, – деген Қ. Мәми аудан прокуратура қызметкерлеріне жемісті еңбек тіледі.
1970 жылдан қазанда айның 14 бастап дүние жүзілік қоғам Дүниежүзілік стандарттау күнін атап өтеде. Бұл оқиға стандарттардың экономиканың дамуындағы жоғары рөлін, өндіріске деген қызығушылықты қамтамасыз етуде, саудада, басқару құрылымдарында және тұтынушы қозғалысында және барлық Дүниежүзілік стандарттау ұйымына кіретін және әлемдік ғылыми-техникалық қауымдастық Дүниежүзілік стандарттау күнін стандарттау бойынша жұмыстың маңыздылығына алғыс күні ретінде атап өтеді. 2010 жылы Дүниежүзілік стандарттау күнінің ұраны келесідей: «СТАНДАРТТАР - ӘЛЕМДІ БАРШАҒА ҚОЛАЙЛЫ ЕТЕДІ»
Облыс әкімі Серік Үмбетов Балқаш ауданына жұмыс сапарымен барып, аудандағы кешенді индустриялық-инновациялық жобалардың іске асырылу барысымен танысты. Облыс басшысы бірден аудан экономикасына соны серпін береді деп үміт артылып отырған Бақбақты селолық округіне қарасты «Динара» өндірістік кооперативіне атбасын бұрды. Негізгі бағыты күріштің «Суак», «Бақанас», «Опытное», «Измурд» сорттарын өсіретін және көкөніс, жоңышқа, жүгері, бақша өнімдерін өндірумен айналысатын кооперативте 4056 гектар суармалы жер бар. Мұның сыртында ыңғайлы жер тиімділігін пайдалана отырып, үйрек пен қаз өсіру қолға алынды. Бір маусымның өзінде бір үйректен 180-ге дейін жұмыртқа алып, үйрек өсіруді қарқынды қолға алған кооператив ұжымы құс етін өндіруді басты бағыттың бірі санап отыр. Копперативте қуаттылығы сағатына 2 тонна күріш ақтайтын Оңтүстік Корея, бір кезде 20 бас ірі қара мен 50 қой-ешкіні сойып үлгеретін Ресей, сағатына 500 құс етін өңдейтін Қытай зауыттары орнатылды. Ұжымда 155 адам еңбек етеді. Облыс басшысының көңіл аударған жобаларының қай-қайсысы болмасын аудан экономикасын арттыру үшін маңызды. Соның бірі Ақдала ауылындағы «Өтес – Ақдала» ЖШС-нің мал бордақылау кешені. Кешен құрылысының құрылтайшысы Д.Нұрланов облыс әкімін атқарып жатқан жұмыс барысымен таныстырып өтті. Тұрғызылып жатқан мал бордақылау кешенінің құрлысы 17,7 га жерге орналасқан. Әмбебап құрылыс жүйесіне «Мал өнімдері корпорациясы» арқылы 2,5 млрд. теңге бөлінген. Оның бүгін 1,5 млрд. теңгесі игеріліп, құрылыс жұмысы 85 пайызға аяқталып отыр. Мал бордақылау кешені жылына 110 тонна ет өндіретін өндіріс орнына айналады. Мұнан соң облыс әкімі аудандағы «Тамшыбұлақ» ЖШС-нің егістік алқабын, шаруашылық қырманын аралап көрді. Күннің екінші жартысында облыс әкімі Желтораңғы ауылында болды. Ауыл ортасындағы Мәдениет үйімен осында орналасқан кітапхана, фельдшерлік-акушерлік пунктті аралаудан бастады.
В сентябре вновь зацвели сады в садоводческом обществе "Уйтас", что в пригороде Талдыкоргана. В убранство невесты облачилась молодая яблонька рядом с деревьями, усыпанными грушами и сливами.
Сегодня Президент РК Нурсултан прибудет в город Талдыкорган в рамках рабочей поездки по Алматинской области.
Талдықорған қаласында жаңа Спорт сарайының алдында қазақтың айтыс өнерінің алтын діңгегі Сүйінбай Аронұлына арналған ескерткіш орнатылды. Осынау салтанатты шараға облыс әкімі Серік Үмбетов қатысты.
Нәтижелер: 1 - 10 / 38
< Артқа | 1 | 2 | 3 | 4 | Алға >

Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:

Қонақ үй броньдау

Броньдау

Қала Қонақтар
Келу күні