Koнцерт залдары

«Е. Өмірзақов атындағы Костанай облыстық филармониясы» МКҚК
Қостанай қ., Таран көш., 85. тел: 575-360
Біздің филармонияда Қазақстан Республикасының халық әртістері Роза Бағланова және Асанәлі Әшімов болған.

Филармония ұжымдары

1. Қазақ ұлттық аспаптар оркестрі
2. «Талисман» тобы
3. Орыс ұлттық аспаптар оркестрі
4. Ер балалар хоры
5. «Әуен» тобы
6. Камералы оркестр
7. Би ансамблі
8. «Кристалл» тобы
9. Славян әндерінің тобы

Филармонияның негізгі міндеті қазақ елінің жетістіктерін көпшілікке тарату және өсіп келе жатқан ұрпақты өнегелілікке тәрбиелеу, сонымен қатар Қазақстан Республикасы халқының мәдени мұрасын насихаттау, болашағы бар шығармашылық ұжымдарды іздестіру мен табу, жастарды музыкалық-эстетикалыққа тәрбиелеу және музыкалық мән мен мәдениді қалыптастыру, әртүрлі жанрда музыкалық өнер саласында жаңа сапалы туындыларды құрастыруда авторлық конкурстар өткізу, үздік дәстүрлі туындылар және қазіргі заманғы ұлттық музыкалық мәдени базасында жаңа нысан құрастырып, бір-бірімен байланысты салалармен белсенді қызмет істеу болып табылады.


«ОБЛЫСТЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҮЙІ»
МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛЬДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРЫН

Біздің мекен-жайымыз:
Қостанай қ., Алтынсарин көш., 115
Тел. 8 (7142) 54-19-80
Факс 8 (7142) 54-19-80

2000 жыл –. Қостанай облысы Әкімінің 21.09.2000ж. шешімімен, «Облыстық Шығармашылық үйі» мемлекеттік коммунальдық қазыналық кәсіпорын ашылды.
Мұнда
- 12 шығармашылық одақтар мен әуесқой бірлестіктер
- компьтерлік салон
- жастарға арналған дискозал
«Ханым» сән агенттігі 2002 жылда ашылды.
Қазақстан халықтарының Ассамблиясы Достық үйі «Облыстық Шығармашылық үйі» МКҚК базасында 2006 жылда ашылды.
көрме залы 2008 жылда ашылды.
Мұнда халықаралық маңыздағы іс-шаралар ұйымдастырылып отыр:
- «Золотой микрофон» балалар ән конкурсы;
- Шекаралас облыстардан шығармашылық ұйымдардың қатысуымен «Встреча на границе» фестивальі;
Шығармашылық жастардың халықаралық конкурстарда (Германия, Испания, Прибалтика және басқалары) қатысу тілектері мұнда қолданады.


«Қостанай облыстық мәдениет сарайы» МКҚК
Мекен-жайы: Қостанай қ., Перронная к-сі, 20,
тел: 536-550; 534-639; 901-139
Облыстық мәдениет сарайы – облысымыздағы жетекші мәдениет орталықтарының бірі. Бұл мәдениет ошағында қала мен облыс көлеміндегі үлкен және шағын оқиғалар атап өтілуімен қатар, қала өмірінің ажырамас бөлігіне айналған дәстүрлі шығармашылық істердің жүйесі қалыптастырылған. Облыстағы клуб мекемелері жұмыс тәжірибесіне ендіруге жаңа жобалар мен идеялар игерілуде.
Мәдени қызметті ұйымдастыруда облыстық мәдениет сарайының ерекше, қайталанбас тәжірибесі бар.
Облыстық мәдениет сарайы алға қойған рухани даму бойынша мақсаттарды іске асыру үшін жаңа технология мен инновацияларды қолданып, мынадай іс-шаралардың кешенді бағдарламасын әзірледі: «Аталар өсиеті» ақсақалдар сайысы, «Домбыра-дастан» қазақ халық аспаптары ансамблдерінің сайысы, «Отаным-отбасым» сайысы, «Жас тұлпар» оқушы ақындар айтысы, «Струн вещих, пламенные звуки» қазақ халық аспаптарының мерекесі, көркем-үгіттеу ұсыныстары, кинобағдарламалар, әдеби-музыкалық ринг, шешендік өнер сайысы, бейнепрезентациялар және т.б.

 

 

 

Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:

Қонақ үй броньдау

Броньдау

Қала Қонақтар
Келу күні