Қарқаралыға қалай жетуге болады?

Еліміздегі Сарыарқаның маржаны саналатын Қарқаралы туристік аймағы өзінің табиғатымен тартымды, көптеген үңгірлер мен тарихы мен аңызына толы көлдері туристерді көптеп тартуда. Бұл туристік аймаққа жету үшін келесі бағыттарды пайдалана аласыз:

Астанадан
Астана қаласынан пойызбен 4 сағат уақытта Қарағанды қаласына жете аласыз. Қарағанды қаласынан Қарқаралыға дейін 3 сағат уақытта автобуспен немесе таксимен барасыз (220 шақырым).

Алматыдан
Алматыдан Қарағанды қаласына дейін пойызбен немесе ұшақпен жетіп, әрі қарай Қарқаралыға дейін такси немесе автобусқа отырасыз.

Әуе көлігі
Әуе көлігімен Қарағанды бағытына билеттер алып, ары қарай 220 шақырым жерге басқа көлік түрімен жетесіз (автобус немесе такси).

Пойызбен
Пойыз көлігін таңдасаңыз, билеттерді Қарағанды қаласына дейін аласыз. Ары қарай автобусқа, жеңіл немесе маршрутты автокөлікке отырасыз. Пойыздар туралы ақпарат, сонымен қатар пойыз билеттері pcentre.kz сайтында.

Автобуспен
Автобуспен жолға шықпақ ойыңыз болса, Қарағанды қаласынан автобус ауыстыруға тура келеді. Толығырақ анықтаманы автобекеттерден ала аласыз.

Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:

Қонақ үй броньдау

Броньдау

Қала Қонақтар
Келу күні