Абай ауданы

Абай ауданы 1997 жылы құрылған. Аудан аумағы 6,5 мың шаршы метрді құрайды. Ауданда тұратын халық саны 56,0 мың адам. Облыс орталығына дейінгі ара қашықтық 30 км. Аудан орталығы-Абай қаласы. Аудан аумағы бойынша ірі көлдер өтеді: Шерубай Нұра және Нұра. Екі ірі су қоймасы бар: Шерубай Нұра, Жартас. Бұл жерде 19 жеке демалыс орны бар Топар су қоймасы орналасқан. Ең ірі емдеу-сауықтыру мекемесі болып «Миттал Стилл Теміртау» КД «Жартас» санаториясы саналады, санаторияда тірек-қимыл аппараттары, жүрек қан тамырларының жүйелері, тыныс алу органдары, асқазан-шек-қарын жолдарын тазарту үшін аса маңызды квартология әдістері, минерал сулары мен балшықтар қолданылады. Ауданда саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған Спасск мемориалы орналасқан, және Абай Құнанбаевқа арналған әдеби мемориалдық мұражай жұмыс жасайды.
Аудан аумағында Долинка кентінде 2002 жылы ашылған саяси қуғын- сүргін құрбандарына арналған «Ескерткіш мұражайы» ҚКМК бар.
Абай ауданының аумағында төмендегідей жануарлар бар: қасқыр, елік, түлкі, қарсақ, қоян, сұр құр; жоғалып бара жатқан сирек кездесетін жануарлар: доңыз, аққу, бірқазан.
 

Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:

Қонақ үй броньдау

Броньдау

Қала Қонақтар
Келу күні