Жезқазған

Жезқазған - 1761 шаршы метрде орналасқан, халқының саны 95,7 мың адам, өнеркәсіп инфрақұрылымдарына, көптеген мәдени-білім беретін ошақтарға және спорт мекемелеріне өте бай Орталық Қазақстандағы қала.
Жезқазған аймағының аумағында 1500-ден астам тарихи және мәдени ескерткіштер белгілі болған. Әсіресе Сарысу, Сары-Кеңгір, Қара-Кеңгір өзендерінің жағалауында көп кездеседі. Біріңғай тарихи-мәдени кешенге Жезқазған қалалық тарихи-архелогиялық мұрайжайы, кен және балқыту ісінің тарихи мұражайы, Қазақстан Ғылым академиясының алғашқы президенті Жезқазғанның кен байлығын ашқан Қаныш Имантайұлы Сәтпаевтың мемориалдық мұражай үйі кіреді. Ұлы ғалым металлург, кенші және геолог академик қазақ Қ.И.Сәтпаевты Жезқазған кен металлургия комбинатының кіндік әкесі деп айтуға болады, өйткені ол Жезқазғанда университеттің ашылуын армандаған еді. Оның ұшқыр арманы жүзеге асты.
О.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті, Жезқазған музыка және медициналық колледжі жаңа дамыған технологияларды меңгерген жоғары білікті мамандарды даярлайды. Жезқазғанда «Қазақмыс» корпорациясының қаражатына православиялық Әулие Андреев шіркеуі салынды және де жаңа мұсылман мешіті салынуда. Металлургтер қаласында С.Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалық драм театрының, «Қазақмыс» корпорациясының жас көрермендер театрының қойылымдары кеңінен танымал. Жасөспірімдер театрының бас режиссеры Анатолий Крючков таяуда «Лесная песня» мюзиклын қойды, оның премьерасы отандық және шетел теарт сыншыларының арасында жоғары бағаға ие болды.

Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:

Қонақ үй броньдау

Броньдау

Қала Қонақтар
Келу күні