Қапшағайға қалай жетуге болады?

Қапшағай – Қазақстандағы әсем де көрікті су қоймаларының бірі, демалыс орталығы, және Қазақстанда рұқсат етілген екі ойын-сауық орталығының бірі. Ойын-сауық туризмі әрі жағажайдағы демалыс қызықтырып жатса, Қапшағай туристік аймағына келесідей жолдармен жетуге болады.

Астанадан

Астанадан Қапшағайға Алматы қаласы арқылы баруға болады. Астанадан Алматы қаласына бару үшін автобус немесе пойыздар қызмет көрсетеді, сонымен қатар Алматыға дейін әуе көлігін пайдалана аласыз. Әуе көлігіне және пойыздарға билеттерді осы жерден сатып алуға болады.

Алматыдан

Алматы қаласынан Қапшағай демалыс аймағына жету қиынға соқпайды. Екі қаланың арасы жақын (75 шақырым), жол қатынасы да жақсы. Автобуспен немесе автомокөлікпен бара аласыз.

Пойызбен

Қапшағайға пойызбен бару үшін Қапшағай станциясына дейін билет аласыз. Pcentre.kz сайтынан пойыздар кестесі туралы ақпарат алып, билет сатып алуыңызға болады.

Автобуспен

Қапшағайға дейін автобустар Алматы қаласынан жүреді. Жолға 1,5-2 сағат уақыт кетеді. Автобекеттердің телефон нөмірлерін сайттан біле аласыз.

Автокөлікпен

Жеке автокөлкпен Қапшағайға жетуіңізге болады, тас жолдар жақсы дамыған. Алматы қаласынан такси да алуға болады. Жеке көлікпен шықсаңыз, Алматы облысының көлік жолдары картасы қажет болуы мүмкін. Автокөлікпен жолға 1 сағат уақыт кетеді.

Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:

Қонақ үй броньдау

Броньдау

Қала Қонақтар
Келу күні