Сарқан

Сарқан ауданында халыктын саны 41800 мың адам. Жер көлемі 24,4 мың ш.м. 37 елді мекен, 14 ауылдық, қалалық, поселкелік округтар бар. Ауданнан облыс орталығына дейін 155 шақырым. Сарқан ауданы экономикасын дамытудағы маңызды саласының бірі – туристік сала. Аудан табиғатының әсемдігі, жануарлар мен өсімдік әлемдерінің байлығы ауданға келушілердің назарын аударарлықтай. Сарқан ауданы аумағында 4 орман кордондары бар, олар бойынша 5 туристік жол бағыты жасалған. Жол бағыттары кордондар мен мекеме бойынша жоспарланған, таулы, шекараға жақын ауданда орналасқан. Балқаш көлінің жағалауындағы демалыс орындары еліміздің туристерін қабылдаға қолайлы, 13 демалыс аймақтар мен қазақ үйлер орналасқан. Сарқан ауданы Алматы - Өскемен халықаралық жолда тұрғандықтан «Сарқан», «Қаһарман», «Елдей» қонақ үйлері және Балқаш көлінің жағалауындағы 13 демалыс аймақтар мен қазақ үйлері халыққа туристік қызмет көрсетеді.

Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:

Қонақ үй броньдау

Броньдау

Қала Қонақтар
Келу күні