Шымкентттің индустриалды-экономикалық профилі

2010 жыл қаланың келбетін жақсартумен қатар, ірі әлеуметтік жобаларды жүзеге асырумен басталды. Экономиканың нақты секторында үдемелі индустриялық-инновациялық даму, «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламаларының шеңберінде бірқатар жұмыстар атқарылды. Сонымен қатар, экономиканы тұрақтандыру мақсатында «Жол картасы» жалғасын тапты. Нәтижесінде қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының оңды үрдісі сақталып отыр. Экономиканың нақты секторында өсім орын алды. Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының шеңберінде есепті кезеңде жаңадан 4 кәсіпорын іске қосылып, нәтижесінде 800-ден астам жұмыс орындары ашылды. Олар, «Азия керамик», «HILL Corparation», «Оху Textile», «Хлопкопром-Целлюлоза» ЖШС-і. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша қаладан алғашқы жоба қолдау тапты. Пайыздық мөлшерін субсидиялау арқылы көмек мақта өнімдерін экспортқа шығаратын «South Textiline KZ» кәсіпорынына берілді. Бүгінгі таңда бұл өндірісте 350 адам жұмыспен қамтылған. Сонымен қатар, бұрынғы фосфор зауытының аумағынан индустриялық аймақ құру жұмыстары басталды. Қазіргі таңда индустриалық аймақты жүзеге асыру мақсатында 10 инвестициялық жобалар іріктелді. Бүгінгі күні құрылыс жұмыстары басталды. Нәтижесінде 700-ге жуық жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарлануда. Қазір, аумағы 84 гектар жерде құрылыс қалдықтарын тазалап, қайта өңдеумен «Зольфо Қазақстан» ЖШС-гі жұмыс жүргізуде. Онда жаңадан 19 жұмыс орны ашылды.

Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:

Қонақ үй броньдау

Броньдау

Қала Қонақтар
Келу күні