Шымкент қаласы

Қазіргі өнеркәсіп, сауда және мәдениет орталығы болып табылатын Шымкент қаласы өзінің жарты миллион халқымен Қазақстан Республикасының ең ірі қалаларының бірі. Шымкент Ұлы жібек жолының бір бөлігінде орналасқан керуен жолдары қиылысында пайда болып, Орта Азияның көне қалаларының құрамына енеді және бай тарих пен мәдениетке ие.

 Әкімшілік орталығы - Шымкент
Қала территориясы 300 шаршы километр жерді алып жатыр
Шымкент халқының саны 526600 адамды құрайды

 

 

 Индустриалды-экономикалық профиль

Жарты миллионнан астам тұрғыны бар қазіргі Шымкент Қазақстанның ең ірі қалаларының үштігіне кіреді, және сонымен бірге, Оңтүстік Қазақстан облысының (ОҚО) өнеркәсіп, сайда және мәдени орталығы болып табылады.

Соңғы жылдары тек қана Шымкентте емес, сонымен қатар Оңтүстік Қазақстан облысында да кәсіпкерлік пен бизнестің қарқынды дамуының арқасында Шымкент өте қатты құлпырып кетті. Шымкент қаласының өнеркәсіптік профильін түсті металлургия, химия және мұнай химиясы, машина құрылысы анықтайды.

Ерекшеліктер мен көрнекті орындар

Шымкент Ұлы Жібек жолының бір бөлігіндегі керуен жолдарының қиылысында пайда болып, өте көне Орта Азиялық қалалардың құрамына кіреді және бай тарихы мен мәдениеті бар. Шымкент туристтардың, өнертанушылар мен археологтардың ерекше қызығушылығын тудырады. Қазақстанның оңтүстігінде көптеп кездесетін курорттық, экзотикалық және тарихи орындарға алып баратын туристтік маршруттар дәл осы жерден басталады.

Қонақтардың қызметіне қазіргі заманға сай отелдер, әуежай, темір жол және автобус вокзалдары, әлемнің барлық тарапымен халықаралық байланыс, тарихи көрнекі жерлер, табиғи ландшафттардың сан алуандылығы мен сұлулығы, Шымкент қаласының кең пейілділігі мен қонақжайлығы ұсынылады.

 

Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:

Қонақ үй броньдау

Броньдау

Қала Қонақтар
Келу күні