ЖАЛПЫ АҚПАРАТ

      

           Солтүстік Қазақстан облысы – Қазақстанның солтүстігінде орналасып, (Сары-Арқа) Қазақтың ұсақ үстүртінің бір бөлігін және Батыс Сібір ойпатының қиыр оңтүстігін алып жатыр.
       Облыстың аумағы 98,04 мың шаршы км. Теңеліп, республика аумағының 3,6 пайызын құрайды. Облыс аумағының көп жері Батыс Сібір ойпатының қиыр оңтүстігінде орналасып, жер деңгейінің биіктігі 200м. аспайды және Тобол мен Ертіс өзендерінің ара алқабының көп кеңістігін Альп, ескі өзен неоген платосына қарайды.
      Облыстың әкімшілік орталығы - Петропавл қаласы, ол (Ертіс өзенінің сол саласы) Есіл өзенінің оң жағалауында орналасқан. Қала халқының саны 200 мыңнан асады. Облыстың әкімшілік – аймақтық құрамына 5 қала кіреді: олардың 1-облыстық маңызы, 4-аудандық маңызы бар қалалар және 13-селолық аудандар. Халықтың саны - 653,9 мың адам. Облыс аумағында көптеген көркем жерлер: тау жоталары, сыңсыған ормандар, өсімдік қорықтары, маңызды қарағай тоғайлары, Шалқар көлі және Имантау табиғи аймағы бар. Жүздеген археологиялық тарихи және сәулет ескерткіштері мемлекет қорғауында. Ең ғажайып археологиялық жерлер: Иман-Борлық, Шағала және Есіл өзендерінің аңғарында орналасқан, мысалы энеолит эрасының кездеспейтін тарихи ескерткіші – «Ботай қонысы», ал темір ғасырының археологиялық ескерткіші - «Ақ Ирий» қалашығы болып табылады. 
       Облыстың солтүстік-шығыс жағында – Селетітеңіз, Теке, Үлкенқарой, Қалыбек деген үлкен тұзды көл-шұңқырлар жиынтығы байқалады. Аймақта минералды тұз бен шипалы су, саздары бар көлдер көп кездеседі. Осындай тамаша су қоймаларының біріне Майбалық көлі жатады.
      Солтүстік Қазақстанның ең үлкен құрлық тереңінде орналасуы оның табиғатының күрт өзгермелі болуына әсер етіп, ал жазының қысқа да ыстық болуына әкеліп соғады.
      Жануарлар әлемінің көптүрлі болуы экосистемалардың әр түрлігімен анықталады. Мұнда сүтқоректілердің 160-тай және құстардың 200-дей түрлері бар.
      Облыстық экономикалық тұрақтылығы, аймақтың басты экспорттық товары –бидай өнімдерін өсірумен байланысты. 
      Облыс ауылшаруашылығының жалпы өнім көлеміне қосатын үлесі 14% жоғары. Экономикалық құрамының аграрлық бөлігіне жалпы облыстық ішкі өнімінің 31% келеді.
      Республикада ауылшаруашылық жерлерінің 4-ақ % - бола тұра, бидай өнімдерінің төрттен бірі, кәртөптің -17%, еттің - 6%, сүттің - 11%, жұмыртқаның - 8,8% біздің облыста өндіріледі.
      Соңғы жылдағы бидай өсіретін егістік көлемі 3,7 млн. га. тұрақталды. Жалпы бидай өндірудің алғашқы салмағында 2004ж. ауа райы қиын жағдайда - 3124 мың тонна, 2005ж. – 3970 мың тонна, 2006ж. - 5197 мың тонна, 2007ж. - 5678 мың тонна, 2008ж. - 5018 мың тонна алынды.
      Облыс экономикасының өнеркәсіп саласы кадрлік және өндірістік жоғары көрсеткіштікке ие болса да, жұмыстардың алуан түрімен көрінеді. Өнеркәсіп өнімдерін өндіретін салада 900 өндіріс орындары бар. Өнеркәсіпте 15-ірі, 49-орта өндіріс орындары бар, бұлар қаржысыз бөлімінің 68% өнеркәсіп өнімдерін өндірген. Облыстық жалпы өнімдегі өнеркәсіп үлесі 9-10% - құрайды. Жалпы республикалық өнімдегі өнеркәсіп үлесі 0,8%.
      Солтүстік Қазақстан облысы бойынша бүкіл автокөлік жолдарының ұзындығы 9002,9 км, республикалық маңыздағысы – 1468 км, облыстық маңыздағысы – 2432 км, аудандық маңыздағысы - 5102,9 км.
      Солтүстік Қазақстан Облысының минералды–шикізат базасы. Пайдалы қазбалардың облыстағы барлық түрлері анықталып зерттеленген. 286 пайдалы қазба орыны барланған. Соның ішінде 34- металдық, 2- металдық емес, 217- құрылыстық және технологиялық шикізат, және 33- жерасты сулары, оның 6-ы минералды. Облыстың аумағы уран рудасының, алмаздың және қалайы, сирек кездесетін металдар бөлігінің Солтүстік Қазақстандық провинциясы болып табылады. Мұнда минералды-шикізаттардың әжептәуір орындары анықталды, және де олар Қазақстан Республикасының қорының: қалайыдан – 65%, циркониден - 36,6%, ураннан – 19 %, титаннан - 5%, вольфрамнан - 1,1% құрайды. Әсіресе облысымыздың оңтүстік-батысының минералды-шикізат базасын кеңейтудегі болашағы зор. Мунда: алмаздың, қалайының, титанның, түрлі-түсті және сирек кездесетін металдың, қоңыр көмірдің, алтынның кен орындары бар.
 

 
 
 

 

Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:

Қонақ үй броньдау

Броньдау

Қала Қонақтар
Келу күні