Баянауыл - сұлулық әуені

     

      Кез-келген халықта сонда тұрып жатқан әрбір адам жанының бір бөлігін құрайтын жерінің қасиетті бұрыштары бар.
     Көп ғасырлар бойы Павлодар өңірінің осындай бір бұрышы Баянауыл мекені болып табылады деп айтуға болады. Бұл көлдер...таулар...жартастарға жармасқан аспан.....жартастардың пішіні өте келбетті...тыныштық пен мәңгілік сезімі, адамға тән емес мәңгілік...
     Баянауыл жөнінде айтылған сөздерді әр қилы түсінуге болады, алайда барлығымыз да оны білеміз: ол туралы шексіз айта беруге болады. Оның табиғатына, оның адамдарына, оның тарихына салынған қандай да бір көзқарас басқа жаққа қарай бір адым жасасаң да сол сәтте өзгере қалады.
     Сіздердің қолдарыңыздағы альбом – Баянауылдың қол жетпес қазынасы – шексіз қазақ жерінде дүниеге келген керемет және қайталанбас керемет сәттің құбылысы. Бұл фотокітап Баянауылдың мәңгіліктігінен қозғалыс пен өмірді байқаған адамдардың көзқарасынан құрылды. Олардың әрқайсысы басқа жаққа қарай бір адым жасады. Сол себепті де сіздер мүмкін бұрын соңды білмеген Баянауылды басқа бір жаңа қырынан танитын боласыз.
     Алыс жерлерге барып үйренген турист бастапқыда бәлкім Баянауылдан ерекше әсер алмайтын болар. Көз алдыңызға елестетіңізші: шексіз даламен жүру, содан кейін ол біртіндеп төбелер мен жолдарға ауысады, сосын көкжиекте аспан іспеттес бір бейне пайда болады... Бірақ бір жарты сағаттан кейін көз алдарыңызға алыстаған тау жүйесі көріне бастайды! Әрине, бұл тауларды биік шыңдар деп атай қиын, бірақ неліктен әрбір адамда оларға жақындаған сайын құрметтеу және қастерлеу сезімі туындай бастайды?
     Ежелгі таулар мен жердің өзі әлем мен өмір мәнін түйсінуге үйретеді. Бәлкім сол себеппен Баянауыл жаңа ойдың, шығармашылықтың, шабыттың көзі болып есептеледі . Павлодар өңірінің ешбір бұрышы суретшілер мен ақындарға дәл осындай ғажайып күшпен әсер ете алмас...
     Сабындыкөл, Жасыбай, Торайғыр көлдері, көптеген археологиялық ескерткіштер, аса бай табиғи қорлар мен тас дәуірінің мүсіндері көп уақыттан бері белгілі ғалымдардың, ақындардың, сүретшілер мен жазушылардың қызығушылықтарын туғызды. Әр жылдары бұл жерде Г.Н. Потанин, А. Клодт, Батурин, Д.П. Багаев, Ш. Уәлиханов, В.А. Обручев, Томск университетінің профессорлары В.В. Сапожников, П.Л. Драверт, И.А. Усов пен т.б. болады.
     Баянауыл жері – ғалымдардың, жазушылардың, ақындар мен қоғамдық қайраткерлердің отаны. Олардың есімдері тек қана Павлодар облысына әйгілі емес: бұл жерде атақты ақын Бұқар-Жырау, композитор және ақын Ж.М. Байжанов, тарихшы - ағартушы М.Ж. Копеев, ақын – демократ Сұлтанмахмұт Торайғыров, ақын және философ Жаяу Мұса дүниеге келген.
     Қазақстан ғалымдарының ішінде геолог, Қазақстан Ғылымдар академиясының бірінші Президенті, КСРО Ленин және Мемлекет премиясының лауреаты Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың алатын орны ерекше.
     Кеңес ғылымының дамуына академиктер Ш. Шөкин, Ә. Марғұлан, ғылым докторлары А. Бектұров, Е. Бекмаханов, С. Бейсембаевтар зор үлес қосты. Баянауыл жерінен шабыт алған ақындар мен жазушылар: Д. Әбілев, Қ. Бекқожин, З. Шашкин, Қ. Исабаев, кинорежиссер және актер – КСРО халық әртісі Ш. Айманов және т.б. үлкен даңққа ие болды.
     Баянауыл жөнінде жазғанда немесе оқығанда адамдардың ежелден бері осы жерді қасиетті, әулиелі деп санағаны ойға оралады. Қарасұқ және Жаңажол елді мекендерінің арасында ерекше орын – Ескелді шатқалы бар, бұл орысшаға аударғанда – «Хозяин пришел» дегенді білдіреді. Бұл жерде қазақ халқының тарихы мен фольклорын жинаушы, ақын Машһүр Жүсіп Көпеев өмірінің соңғы үш жылын өткізген. Осындағы төбеде оның кесенесі орнатылған.
     Машһүр Жүсіп Көпеев жан-жақты кісі болған. Оның білімі – энциклопедиялық. Ол өрт шығарудың зияндығы; шөпті қалай шабу және оны қалай сақтау керектігі; қандай жылқы өсіру; қай жерге нені себу керектігі; жылқыларды емдеу жолдары; суды қалай іздеу керектігі туралы мақалалар жазды. Қоғамдық қайраткер ретінде ол жәрмеңкелердің ашылуына қол жеткізді; геолог ретінде құдықтарды қай жерде және қалай қазу керектігі жөнінде құнды ұсыныстар берді.
     Көпеевтің есімі халық арасында тек ақынның, фольклоршының, тарихшының, этнографтың, философтың есімі ретінде ғана таңылған жоқ. Ол көрегендік қасиетінің арқасында әулие атағына да ие болды. Оның батасын алу үшін адамдар әр түрлі жерлерден келіп отырды. Өз бойына керемет қабілеттер мен дарындылықты сыйғызғандықтан, көзі тірісінде Баянауыл жерінің атақты ұлдарының қатарына енді.
     Жасыбай сияқты тыныш және кең пейілді көлдің жағасына гитараның пішіні кенеттен пайда болғанда – «Баян» таулары ерекше құбыла түседі.
    «Ертіс меридианы» туристік әндер фестивалі өзінің шығармашылық кездесулері үшін осы жерді арнайы таңдап алды, олар Баянауылдың ландшафтысын мүлдем өзгертіп, оның ежелділігін жасарта түскендей. Туристік жарыстардан соң, алау оттың қасында ескі және жаңа өлеңдер айтылып, адамдарды бірлестіре түседі, ал айналаны адамдарға шабыт сыйлайтын мәңгілік табиғат жаулап алған. Еш уақытта Баянауыл таулары ескірмейді, себебі тек ескіден ғана жаңа туындайды. Адамдар мәңгілікті әндеріне қосады – Жасыбай оларды түсінеді...
     Туристерге әр түрлі көз тартарлықтай жерлермен таныстыру мүмкіндігін беру үшін бірнеше жол маршруттары әзірленген: «Табиғат – ұлы мүсінші», «Тарихи жерлер», «Археология ескерткіштері», «Қасиетті жерлер» Және т.б.
     Көл жағасында қазіргі кезде бірнеше демалыс үйлері, балаларға арналған сауықтыру лагерлері, Екібастұз шахтерлерінің профилакториялары орналасқан. АҚСУ ЕЭК ГРЭС Және «Восточный» разрезі, Ақсу ферроқорыпта заводы, «Қазақстан алюминийі» АҚ өз демалыс аймақтарының негізін қалаған. Алайда павлодарлықтар үшін ең сүйікті демалыс орны «Баянауыл» туристік базасы болып табылады, оның салынуына өлкетанушы және фотосуретші И.В. Лагутин негіз болған.
     Егер Жасыбайға құс ұшатын биіктіктен қарайтын болсақ, кезінде жартылай бос қалған өлкенің қаншалықты дамып, өркен жайғанына көзіңіз жетеді. Бүгінгі күні әрбір демалып келушілер үшін қол жетімді санаторлық үлгідегі ведомстволық және шағын мейманханалар, жоғары санаттағы демалыс үйлері, кемпингтер, отбасылық коттедждер орналасқан.
     Өзен жағасында – күтілген пляждар, ал суда шомылуды сүйетіндер үшін – катамарандар, қайықтар, монша, пляж жиһаздары, балаларға арналған арнайы су бөгеттері бар.
     Бірнеше би алаңдары кешкі бос уақытты қызықты өткізу мүмкіндігін береді, оның жанында балалар мен ересектерге арналған аттракциондар орналасқан. Жаңа ғасырымыздың бірінші жылдары бүгінгі күннің талаптарына сай келетін курорт орталығына айналған Баянауылдың бейнесін компьютерлік ойындар залы, спутник телеарнасы, Интернет – кафе толықтыра түскендей.
     Почталық және оңтайлы халықаралық спутник байланысының бөлімшесі ежелгі жерді жаңа әлеммен мәңгілікке байланыстырғандай.
Шағын фото зертханасы туристер үшін әдеттегі фотосүреттен буклетке дейінгі кез келген ескірткіш өнімі шығарып береді. Және әрбір адам Баянауыл сыйға тартқан қуаныш пеншаттықтың кішкене бөлігін үйіне алып кете алады.
     Баянауыл жеріндегі адамдардың бет-әлпеті, олардың тұрмысы мен көзге үйреншікті табиғат аясы – Қазақстан халықтары мәдениетіндегі рухани және инабаттылық белгілері болып табылады. Ежелгі салт-дәстүрлер осы уақытқа дейін қоғам өміріне деген түбегейлі көзқарасын сақтауда. Сол себепті де осы өлке сый-құрметке ие. Жасыбайда дүниеге келген адамдар қарапайым және ерекше – олардың ашықтығы, қонақжайлылығы, кең пейілділігі көп жылдар ішінде аңызға айналды.
     Баянауылдағы тау бөктерінде өсетін шөптер мен гүлдерден нәр алған қымыз да өз алдына бір аңыз. Ертегілерден ерекшелігі, ол нақты өмірде бар және әрбіреуіңізді өзіне ғана тән айырықша дәмі мен сапасымен тамсандырады. Қымызды татқан адам артық сөзсіз-ақ бәрін ұғады. Ал Баянауыл қымызын татып көру үшін сол өлкеге бару керек.
     Алайда жан толғанысы мен сезімдер нақты фактілермен де ұласуы тиіс. Баянауыл өлкесінің тарихында олар да баршылық.
Баянауыл ауданы Павлодар облысының ірі аударының бірі. Аудан аумағы 18,5 мың шаршы шақырымды құрайды.
     Қазіргі уақытта бес Мәдениет үйі, 27 кітапхана, академик Қ.И. Сәтбаевтың, ақын С. Торайғыровтың, ағартушы М.Ж. Көпеевтің мұражайлары жұмыс істейді. 35 жалпы білім беру мектебінің: 11-бастауыш, 3 негізгі, 21 орта. Ауданда Жаяу Мұса атындағы музыкалық мектеп пен балалар-жасөспірімдердің спорт мектебі бар.
Ауданның әкімшілік орталығында автокөлік кәсіпорыны, екі пайдаланушы жол учаскесі, мәдениет, байланыс, денсаулық сақтау, почта, әлеуметтік жұмыспен қамту, экология, ішкі істер, сауда мекемелері мен басқа да ұйымдар бар.
    Павлодар облысында Баянауыл таулы алқабы үлкен қазақ даласы-табиғаттың ерекше бұрыштарының бірі. Қазақстанның Қызыл кітабына өсімдіктердің ішінен Павлов итмұрыны, қара қандағаш, қызғылт радиоласы, көктемгі адонис енгізілген. Сүт қоректілер ішінен – тау арқары, құстардың ішінен – бүркіт, тазқара, қыран, бұйра бірқазан, аққу, тырна енді.
     Өлке тарихы тым ежелгі кезеңдерге кетеді, оны егжейтегжейлі айту қиынға түседі. Алайда Қазақстанның мемлекет ретінде дамуы мен қалыптасуына дәл осы жердің үлкен роль отқарғаны бәрімізге де мәлім.
     Он сегізінші ғасыр қазақ халқының тарихына ұлы ауыртпалық жылдары ретінде енді. Жоңғар әскери жасақтары көшпенділерді жаулап алды. 1723 жылы жетпіс мың жоңғар қазақтардың аумағына енді. Осы жылы жұт басталып, жаулап алу ерекше қатыгез болды.
     1725 жылы халық пен оның басшылары тек өздеріне ғана сену керектігіне көздері жетті. 1733 жылы Өлеңті өзені мен Ерейментау тауының арасындағы жерде қырғын шайқас бастау алды. Ол дәстүр бойынша қарама-қарсы жақтағы батырлардың жекпе-жегінен басталды. Абылай сұлтанның немересі қазақтың батыры Әбілмансұр қарсыласын жеңіп, соғыс нәтижесін белгіледі. Бұл өз халқының тағдырын кейіннен шешкен Абылайхан еді.
     Алайда жоңғар шапқыншылығы осымен аяқталған жоқ және қазақ даласының халқы көптеген жылдар бойы жаулап алушылармен шайқасты жалғастырды. Он сегізінші ғасырдың қырқыншы жылдары жоңғарлар қазақ жеріне тағы да бас салды. Әркім де біледі, халық Баянауыл тауының бөктерінде де жауларымен шайқасты, Жасыбай батырдың есімі көлге берілді (бұдан бұрын Шойын көл деп аталған).
     Сол жылдары азаттық күресін бастаған Олжабай батырды халық өз зердесіне сақтады: батыр дем алған көл жағасындағы тас, оның атымен аталған тау асуы, оның әскерлері тұратын жер белгілі. Олжабайдың ұрпағы – академик Ә. Марғұлан азаттық үшін күрескерді үлкен құрметпен және ізетпен еске алады, осындай батырлардың арқасында қазақ халқының мінезінде еркіндік пен тәуелсіздікті сүю дәстүрі көрінеді деп айтқан.
     Жоңғар басқыншылығынан кейін жылдар өтті, алайда Баянауылдың тағдыры алаңсыз және қарапайым бола қойған жоқ.
     1826 жылғы 14 ақпанда Ресей әкімшілігінің көптеген қолдаухаттарынан кейін қоғамдық қайраткер Шоң би «Төртұл кеңесіне» дербес аймақ құруды ұсынды. Осы жылы Сабындыкөлдің жағасында Ақбет-таудың бөктеріндет император I Александрдың нұсқауымен Баянауыл – қазақтардың станицасы негізін салды.
     1833 жылғы наурыз айында Сібір комитетінің екі округ ашу туралы ресми ережесіне сәйкес құрамына қазіргі Баянауыл, Екібастұз, Май, Ақтоғай, Ақсу және Ертіс аудандарының аумақтары енген Баянауыл кең сыртқы орталығына айналды.
     1920 жылы Баянауылда 1620 тұрғыны бар 319 аула болды. Онда православтық шіркеу, приходщтық училище, мешіт, үш медресе, телеграф-почтасы, 12 орын лазарет, провианттық дүкен, бірнеше көпес лавкалары болды.
     1927 жылғы 1 қаңтарда Баянауыл тұрғындары 1.807 адамға жетті, отбасылар саны – 387 құрады. 1927 жылы Баянауыл ауылдақ Кеңесі жеті елді мекенді біріктірді: Екібастұз, Шалқар, Саржапырақ, Егіндібұлақ хуторлары, Прилесное, Алексеевка және Баянауыл ауылдары.
     1928 жылы Баянауыл ауданықұрылды, ол Павлодар округінің құрамына енді.
     1933 – 1937 жылдары аудан орталығында 280 орын мектеп-интернаты анылды. Қуаты он жылқы күшінен тұратын бу қозғалтқышы бар диірмен іске қосылады.
     1942 жылы егістік жинау кезеңінде Баянауыл ауданы мемлекетке бидай тапсыру жоспарын мерзімінен бұрын орындап, Павлодар облысында бірінші орынға ие болды.
     1970 жылы ауданда бірінші қой бағатын комсомол-жастар бригадалары құрыла бастады.
     1985 жылы Баянауыл аумағында Республикадағы ең тұңғыш алаңы ңұ мың гектар мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қорық бұрышы флорасы мен фаунасының барлық бірегей байлығын сақтау үшін құрылды.
     Ғасырлар өтті, алайда осы жер Павлодар өңірінің мәдени және рухани өмірінің басты орталығы болып қалуда. Қазіргі уақытта Баянауылдың қорық аймағы тек павлодарлықтардың ғана емес, сол сияқты жақын және алыс шетелдерден келген қонақтар үшін де қуаныш көзі болып табылады. Он шақты шетелдіктер демалыс орны ретінде осы тауларды таңдайды. Американдықтар, немістер, ағылшындар, француздар осында жиі келетін қонақтар. Бұл Баянауылдың халықаралық деңгейдегі туризмнің белгілі орталағына айнала бастағанын білдіредә.
     Павлодардың фото суретшілері бар әлемді қорық өлкесінің сұлулығымен таныстырды. Берлинде павлодарлық фотограф Александр Пархоменконың «Баянауыл – аңыздар өлкесі» атты фотокөрмесі өтті. Пікір ұсыну кітабы Еуропа үшін Баянауылмен танысудың қаншалықты күтпеген жәйт болғанын білдірді.
     Осы фотоальбом өлкенің тұрмысы, табиғаты, адамдары, оқиғалары туралы әңгімелейді. Бірақ, сіздер осы жердің байлықтарын өз көздеріңізбен көрмегенше, суретшілердің ынтасы өзін ақтай алмайды.
     Олар сіздер үшін баянауыл өлкесінің керемет, айрықша әлемін ашуды мақсат етті. Сіздерді Баянауыл өлкесі қонаққа күтеді және өз сұлулығының ерекше әуенін сыйға тартады.

 

 

Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:

Қонақ үй броньдау

Броньдау

Қала Қонақтар
Келу күні