Зерендіге қалай жетуге болады?

Зеренді Қазақстанның солтүстігінде, Көкшетау қаласынан 45 км жерде орналасқан.

Астанадан
Зерендіге жету үшін Астана қаласынан Көкшетауға бағыт алуға болады, ал Көкшетаудан Зерендіге дейін әр түрлі көлік түрлерін таңдай аласыз.
Электр темір жол пойызы күн сайын үздіксіз жүреді. Бұл тәсілмен 40 мин уақытта жетесіз.
Маршрутты такси алу үшін, оларды Көкшетау вокзалының алдындағы арнайы орыннан табасыз. Маршрутты таксилер шамамен 30 мин уақытта жеткізеді. Ал жеңіл автокөліктер (такси) 20-30 мин уақытта жетеді (жылдамдығына байланысты).

Алматыдан
Алматыдан Көкшетауға Scat авиакомпаниясы аптасына үш рет тұрақты түрде ұшып тұрады. Әрі қарай жоғарыда көрсетілген жолдармен жетуге болады.

Пойыз арқылы
Астана қаласынан, және басқа қалалардан Көкшетауға дейін көптеген пойыз маршруттары қызмет көрсетеді. Пойыз маршруттарын pcentre.kz сайтынан көре аласыз. Әрі қарай жоғарыда көрсетілген жолдармен жетуге болады.

Автокөлік арқылы
Автокөлік арқылы баратын болсаңыз, Ақмола облысының көлік жолдары картасы қажет болуы мүмкін. Өз көлігіңіз болмаса, арнайы агенттіктер арқылы көлікті жалға алуға болады.

 

Қаланы немесе аймақты таңдаңыз:

Қонақ үй броньдау

Броньдау

Қала Қонақтар
Келу күні